№9 їлгілі-кітапхана филиалы



жүктеу 95.63 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі95.63 Kb.
түріБағдарламасы

№ 9 үлгілі-кітапхана филиалы



Мекен жайы: Жезқазған қ. Түсіпбеков көшесі 21

Телефон: 87102 781860

Электрондық пошта:fil9_biblio@mail.ru

Жезқазған қаласының әкімдігінің қаулысының шешімі бойынша № 207 «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2009-2011 ж.ж. арналған» аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында № 9 үлгілі- кітапхана филиалы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде Гагарин көшесі, мәдени-сауықтыру спорт кешенінде, 34 шаршы метр, екі бөлмелі ғимаратта есігін ашты.

Алғашқыда  кітапхана  1270 дана кітап қорымен, оның ішінде мемлекеттік тілде 313 дана кітаппен қамтылды. 2011 жылдан бастап кітапхана Кенесары ауданындағы Түсіпбеков көшесіндегі 21 тұрғын үйдің  жертөлесінде  50 шаршы метрде орналасқан. Кітапхана филиалының меңгерушісі болып Асаубаева Балхия Боташқызы тағайындалды. Бүгінгі таңда кітапханада оқырман саны- 1811, жыл сайын оқырмандардың келімі 19834-ға жетеді, кітап берілімі 25723 дана. Кітапхана №10 жалпы орта  мектебімен, №9 ресурстық орталық, «Бексеитова Н.А.» атындағы №1 отбасылық-дәрігерлік амбулаториямен, № 6, 9 кәсіптік колледж, №35 «Гулдер» балабақшасымен, және ПИК «Қасым» мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Кітапхананың  сонымен бірге отбасылық оқырмандары да бар. Алғашында 6 отбасылық оқырмандарға қызмет көрсетсе, қазір 18-нан астам отбасылық оқырмандарға қызмет етеді.

Кітапхананың қоры жылдан-жылға заман талабына сай толықтырылуда. Кітап қоры 6871 дана болса, оның мемлекеттік тілі 4109- дананы құрайды. 2016 жылы   372 дана жаңа әдебиеттермен жалпы сомасы 624096 теңге 95 тиынға толықтырылды. Заман электрондық құжаттармен, заманауи техникалармен жұмыс жасау икемділіктерін, компьютерлік сауаттылықты, аналитикалық және жобалық жұмыстар дағдыларын талап етеді. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқан күнде  кітапхана  58 дана электронды басылымдармен қамтылған. Елбасының жыл сайынғы жолдауында ішкі-және сыртқы экономиканы көтеру, қаржы секторын тұрақтандыру, техникалық кадырлар дайындау, кәсіби білім деңгейін жоғарлату көзделсе осы бағыттарда орта кәсіптік білім алып жатқан студенттерге 26 электронды оқулықтар ұсынамыз. Юруспруденция мамандығына «Құқық негіздері», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», түрлі тақырыптар бойынша СD, DV форматтағы оқу құралдарын, ал көпшілік оқырмандарға арналған 26 аудио кітап - М.Мағауин «Бір атаның балалары», Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» т.б. жас оқырмандарға арналған -«Уличные гонки: тройной форсаж», «Тайны Бейкер-Стрит» 16-дан аса ойын таспалары бар. Кітапханашылар Жезқазған гумманитарлық колледжінің студенттеріне электронды оқулықтардың нұсқаларын жарнамаланып тұрады.



Кітапханада жергілікті ақын-жазушылар, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, конференциялар, семинар тренинг, тақырыптық көрмелер өткізіліп тұрады.  Оқырмандарға абонемент қызмет көрсетеді.  Кітап қоры мол: қазақ, орыс, шет ел ақын-жазушыларының әдебиеттері баршылық. Көпшілік оқырмандар тарих, спорт, фантастикалық, детектив жанрында жазылған әдебиеттерге қызығушылық танытады.

Кітапханаға қоры «Мәдени мұра», «Сарыарқа кітапханасы», «Атамұра», «Қазақ ертегісі», «Мектеп кітапханасы», «Ұлытау кітапханасы», «Жас толқын» және «Ұлы Даланың Дара Тұлғалары», «Қазақ поэзиясының шеберлері», «Әлем әдебиеті кітапханасы», «Әлемдік классика», «Абай клубы», «Библиотека Казахской Литературы» топтамаларымен толықтырылған.

Оқырман қауымдарға «Ауған ақиқаты» естелік аллеясы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына кітаптан инсталляция жасалып, «Жаңа кітап – жаңа сыр» библио party, «Сіздер үшін, ең жаңа топтама!» жылдам көрме, балаларға арнап «Ертегілер еліне саяхат» көрініс көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. 2016 жылы қордан 170 кітап кірістен шығарылды.

Оқу залы 10 орындықпен қамтылған. Оқырман жедел және өзектi ақпаратты журналдар мен газеттердiң беттерiнен табады.

Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында мерзімді басылымдар қоры жылдан -жылға өсуде. Кітапхана 300-тан астам Республикалық, және аймақтық басылыммен қамтылған. 2016 жылы 15 газет пен 18 журналмен, жалпы сомасы 117592 теңге 98 тиынға толықтырылды Атап айтқанда, «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан заман», «Караван», «Қазақ» газеттері, «Ақиқат», «Жұлдыз», «Мирас» және балаларға арналған «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» тағы басқа. Кітапханашылар «Әлемді бізбен таны !» мерзімді басылымдарға библио пресс, азузша журналдарға шолу ұйымдастырып тұрады.

Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьтерлендірілген, кітап қорын 2010 жылдан бері электронды каталог РАБИС бағдарламасына енгізіліп, интернет желісіне қосылған. Біріңғай локалдық сеттік жүйеге көшіріліу бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Кітап қорын ретрофонд РАБИС-электронды мәліметтер базасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Оқырмандар  сұранысы РАБИС, Ізденіс Тапсырыс бағдарламасы және  ғаламтор, эл. поча арқылы орындалады. «Фейсбук» желісінде кітапхана филиалы арнайы парақша ашып, өткізілген іс-шаралардың фотосуреттерін, мәліметтерін жүктеп отырады.

Электронды кітапханаға бетбұрыс жасап жатқан кезеңде мерзімді басылым беттерінде өлке тарихына байланысты жарық көрген мақалалар Fine Reader бағдарламасы арқылы сандық цифрлаудан өткізіп, РАБИСК-ке байланып, Аяулым-атамекен» электронды папка жаңа құжатпен толықтыруда. «Аяулым-атамекен» электронды папканың ішінде «Теміржол», «Кітапхана ісі», «Кәсіпкер», «Мәдени өмір» эл.папкалары құнды құжаттармен толықтырылуда. Сондай-ақ С.Сейфуллин кітапханасы және кітапхана-филиалдардан импорт-экспорт тасмалдау арқылы кітапхана-филиалының «Өлкетану», «Мақала» ЭК-ға 1014 құжаттар енгізілді.

Балаларға қызмет көрсететін кафедра 900-ге тарта мектеп оқушыларына  қызмет көрсетеді. Қор 1156-ға жуық құжатпен қамтылған. Қазіргі уақытта 1031 дана кітап , 118 -қа тарта мерзімді басылымдар бар. Жазғы демалыс кезінде кітапхана №10 орта мектептің жанынан құрылған «Балдаурен » атты сауықтыру лагерлерімен бірлесе отырып , жұмыс жүргізеді.

2012 жылдың 23 сәуір Халықаралық кітап күнінің аясында ұйымдастырылған «Модельді кітапхана - әлеуметтік даму айнасы» атты сайысқа қатысып, I – дәрежелі диплом, бағалы сыйлықпен марапатталды.

2012 жылы кітапхана-филиалыны қызметкерлері және оқырмандары кітапханадан басталған жолмен Алашахан көшесі бойымен «Әлемді кітаппен бірге танимыз - Вместе с книгой открываем мир» атты флэшмоб өткізді. «Кітап- асыл қазына», жолсілтеме, буклеттер визиткалар таратылды.

2013 жылы ақпаратты-библиографиялық бөлімінің ұйымдастырымен «Библиографиялық құралдар жәрменкесі -2013 » сайысына қатысып жергілікті ақын «Арқаның бала Тайжаны» мультимедиялық библиографиялық көрсеткіш кұрастырылып, филиалының меңгерушісі Б.Асаубаева «Өлкелік биобиблиографиялық ұсыныстық көрсеткіш» номинациямен марапаталды.

2013 жылы кітапханада филиалында «Электронды басылымдар –заман технологиясы» қалалық көшпелі семинар өтті. «Оқырмандарға ақпаратты электронды ресурстарды насихаттау» атты көрмеде аудиокітаптар, оқулықтар және игротекаға шолу жасалды.

2014 жылы мыс шаһары Жезқазған қаласы 60 жылдық мерейтойын орай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған іс-шарада филиал кітапханашылары-Т. Игибаева, А.Қажмағамбетова М.Сәрсеке «Дара дарын» кітабынан «Қаныштың арман қаласы» атты көрініс көрсетіп оқырмандар ризашылығына бөленді.

2015 жылы оқушылардың жазғы демалыс кезінде ашық аспан ясында Кенгір, Теректі, Талап селосында көшпелі практикумда кітапхана-филиалы Ассамблеяның 20 -жылдығына «Достықты паш еткен » ұлттық ойын алаңын өткізіп, көрме – панно жасады. Әр ұлттардың ойындарын мерзімді басылым беттерінен, «Балбұлақ » журналдарынан алынды.

2015 жылы үлгілі кітапхана –филиалының меңгерушісі Балхия Асаубаева «Жыл кітапханашысы» номинациясымен марапатталып, сыйақыға ие болды. 2015 жылы № 9 үлгілі кітапхана-филиалының жанында «Өрлеу» клубы құрылды.

2016 жылы ОКЖ-сі Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімі ұйымдастырған «Ақылдың сөнбейтұғын шашырағы» атты сайысқа кітапхана филиалының үздік оқырманы- Өтенов Айдос қатысып, өзінің білім деңгейін көрсетіп 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ «Киелі өнер- қолтаңбасы» ателье көрмесінің авторы, кітапхана оқырманы Сұрағанова Б өзінің қолөнер туындысының жасалу жолдарын көрсете отырып, грамотамен марапатталды.



2016 жылы кітапхана оқырманы, № 10 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Қыдырма Аян Ұлы Жеңістің 71 жылдығана орай ұйымдастырылған Алматы қаласы Әл-Фараби Ұлттық университетінде өткен VІІ Республикалық конкурсқа қатысып, оқушылар арасында патриоттық тақырыпта «Ұлы Отан Соғысының ардагері, жерлесіміз Бозшолақов Мамансейіт» туралы жазылған шығармасы үшін 2 дәрежелі орынға ие болды.

2016жылы Қарағанды облыстық Гоголь атындағы кітапхана ұйымдастырған «Мен Қазақстандықпын, Қазақстан -менің мақтанышым!» атты фотоконурсқа кітапхана филиалының оқырманы Ғалия Әбдіғаппарова «Тәуелсіздік –қас қағым сәт» номинациясына фотосуреттерін фейсбук парақшасына жүктеп, сайыстың екі кезеңінен өтіп, ең үздік жиырма жұмыстың ішіне енді.




2016жылы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастардың облыстық интернет фестиаліне кітапхана оқырманы, жас ақын Жанат Әбдіғожин «Тәуелсіздікке тарту» туындысымен Аdobe Primere бағдарламасымен бейнеролик дайындап, сайтқа жүктеліп, онлаин жүйесінде дауыс беру арқылы қатысып, алғыс хатпен марапатталды.




Халықаралық «Көк сандықша» жоба Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бастау алып, кітапхана филиалында жалғасын тапты. «Гүлдер» балабақшасы, № 10 жалпы орта мектеп, № 9 ресурстық орталықта оқушылар құпия сырға толы «Көк сандық» тарихымен, сандықшадағы кітаптармен таныса отырып, Т.Моладағалиевтың «Балаларға базарлық», «Менің досым» қазақ авторларының өлеңдер жинағын қызыға оқыды.

2017жылы Наурыз мерекесіне қарсы 91 орам- «Кенесары» ауылында орналасқан «Қасым» ПИК-не қарасты Түсіпбеков көшесінің № 17, 19, 21 үй тұрғындар мен бірлесе отырып ОКЖ-сі №9 үлгілі-кітапхана филиалында «Наурызды қарсы алудың ұлттық белгілері» атты мерекелік кездесу ұйымдастырды. Мерекелі кездесуге қала әкімінің орынбасары – Нұржан Орынбаев, «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімі» ММ-сінің аға мамандары Мұрат Сейтқазинов, Бауыржан Ақылбаев қатысты. Кітапхана жұмысы бұдан әрі жандана түсе бермек.



Утебаева Айңұр Тұрсынбекқызы – кітапхана-филиалының меңгерушісі.

Утебаева Айңұр Тұрсынбекқызы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Филология» факультетінің «Орыс тілі және әдебиеті қазақ мектебіне» мамандығы бойынша білім алды. 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімде библиографы болып еңбек етті.

Ақпараттық - библиографиялық жұмысында заманауи технологияны жетік меңгерген. РАБИС, Fine Riader (құжаттарды цифрлау), Power Point, Adobe Premier бағдарламалармен жұмыс жүргізеді. 2015 жылдан бастап www.zhezbiblioteka.kz кітапхана сайтына өлкелік «Жезказганская вестник» газетін апта сайын Fine Riader бағдарламасымен цифрлап толық нұсқасын салып, оқырмандарға ұсынып отырды. Сонымен қатар бөлімнің дәстүрлі жұмыстары: жүйелі мақалалар, өлкетану картотекаларымен және тақырыптық папка-жиынтықтарын реттеу жұмысын атқарады. Оқырмандарды жаңадан түскен әдебиеттермен таныстырып, ақпараттық сағаттар өткізіп, көрмелер ұйымдастыруға белсенділік көрсетті.

ОКЖ-сі бойынша ұйымдастырылған іс-шараларды «Майданға хат», ақын Б.Әлеуханұлына «Өмір ыстық өзіндей жақсылармен» атты бейнероликті Adobe Premier бағдарламасымен құрастыруға ат салысты.

Ұлы Абайдың 170 жылдығына www.zhezbiblioteka.kz кітапхана сайтынан «Абай әлемі» блогындағы «Абайдың сөздері қазақтың бойтұмары», «Өлке ақындарының толғауы» бөлімдеріне жіберілген құжаттарын Adobe Premier бағдарламасымен өңдеуге үлесін қосты.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап библиографтан филиал меңгерушілігіне көтерілді. ОКЖ-сі ұйымдастырған «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» атты оқырмандар сайысына оқырманың қатыстырып 2-орын иеленді және «Киелі өнер - қолтаңбасы» атты оқырманның көрме – бұйымын ұсынды. «Аяулы атамекен» атты электронды папка ашып, оны «Кәсіпкер», «Темір жол», «Кітапханадағы іс-шаралар» Fine Riader бағдарламасымен мерзімді басылым беттеріндегі шыққан мақалаларды цифрлап, оқырмандарға толық нұсқасын ұсынуда. Өзіне берілген жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен орындайтының ескеріп, 2015жылы ОКЖ-сі 8-наурызға ұйымдастырылған іс-шарасында құттықтау хаты мен сыйлықпен, 2016жылы Жезқазған қалалық әкімнің құрмет грамотасымен марапатталды

Игибаева Тілектес Молдағалиқызы – 2011 жылдан бері кітапханашы, санаты жоқ. Жезқазған педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығын тәмамдаған. Екі тілді жетік меңгерген. Осы жылдар арасында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі, оқырманмен тез тіл табысуын айта кетсек. 2012 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Модельді кітапхана - әлеуметтік даму айнасы» атты сайысқа атсалысқан. 2014 жылы мыс шаһары Жезқазған қаласы 60 жылдық мерейтойын орай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған іс-шарада М.Сәрсеке «Дара дарын» кітабынан «Қаныштың арман қаласы» атты көріністе Қаныштың ролін сомдаған. Қазіргі күннің талабына сай кітапханадағы жаңа технологияны игеріп, оқырмандар сұранысын қанағаттандырып, қалалық іс-шараларға белсенді түрде ат салысады. Еліміздің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бар ынытасымен ат салысуда. 2016 жылы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломымен марапатталды.


Қажмағамбетова Айнұр Төлегенқызы. Білімі- орта арнаулы, Жезқазған гуманитарлық колледжін тәмамдаған. 2010 жылдан кітапханада кітапханашы қызметін атқарады. РАБИС бағдарламасымен жұмыс істейді. Қалалық, кітапханааралық іс-шараларға ат салысады, дәстүрлі емес кітап көрмелерін жасауда тың идеямен көзге түсуде. 2012 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Модельді кітапхана - әлеуметтік даму айнасы» атты сайысқа атсалысқан. 2014 жылы мыс шаһары Жезқазған қаласы 60 жылдық мерейтойын орай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған іс-шарада М.Сәрсеке «Дара дарын» кітабынан «Қаныштың арман қаласы» атты көріністе ауыр өнеркәсіп наркомы, саяси бюро мүшесі Григорий Константинович Орджоникидзе ролін сомдаған. Келген оқырмандарды жылы шыраймен қарсы алып, мәдениетті түрде қызмет көрсететінін атап кеткен жөн.



 

 
Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет