А., Бұлашев Б. К. Елбасы Жолдауы елдің еңсесін түзейді



жүктеу 83.76 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі83.76 Kb.

Айқын. – 2013. - №187. – 10 қазан

Шәймерденова Д.А., Бұлашев Б.К.


Елбасы Жолдауы елдің еңсесін түзейді
Ел Президентінің 1997 жылғы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген Қазақстан халқына Жолдауында елімізді дамытудың саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саясат тұрғысындағы, дер кезінде таңдап алынған моделі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл стратегия оқиғалар барысын дұрыс бағытқа бұрып, өз халқының алдында жаңа мүмкіндіктер ашу үшін мемлекет тарапынан барынша ұтымды шаралар қолдануға, жаңаша қалыптасқан елдің іргесін нығайтуға мүмкіндік жасап берді.

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жа ңа саяси бағыты» сол Қазақстан-2030-да» қамтылған мақ саттар мен міндеттердің қисынды жалғасы бола отырып, әлемдегі және республикамыздың өзіндегі саяси және әлеуметтік-саяси процестерге жүйелі көзқарасқа негізделген, мүлдем жаңа деңгейдегі бағдарламалық құжат болып табылады. Жолдауда ұлттық экономиканы ілгерілетуші күш ретінде кәсіпкерлікті қолдауға және қамқорлық көрсетуге аса маңызды назар аударылғанын атап айтуымыз қажет.

Бұл Жолдауда ұлт Көшбасшысы XXI ғасырда біздің еліміздің және бүкіл өңірдің халқы бетпебет келуі мүмкін он түрлі сын-қатерді атап көрсетіп, оларды еңсерудің жолдарын да ұсынды. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген Жолдауында Президентіміз атап айтқан, осы жаһандық он түрлі сын-қатердің үшеуі ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу технологиясын дамытуға және жетілдіруге тікелей немесе жанама байланысты екенін айрықша атап көрсетуіміз қажет. Яғни үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі не төнетін қатер, бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы. Осы аталған сын-қатерлерде органикалық егіншілікті, «жасыл» экономиканы, балама қуат көздерін дамыту, экологиялық тұрғыдан таза тамақ өнімін өндіру және еліміздің табиғи байлықтарын тұрақты экономикалық өсуге бағыттау үшін көптеген мүмкіндіктер бар екені де айқын. Жоғары да аталған міндеттерді іске асыруда биотехнология және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласындағы ғылым ең басты рөлдердің бірін атқаруы тиіс. Осыған орай, «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Институт) еліміздегі аграрлық және технологиялық тұрғыдан жаңғыртуды ғылыми қолдау есебінен АӨК саласындағы кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету мәселелерінде азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экологиялық тұрғыдан таза тамақ өнімін өндіруге және балама қуат көздерін дамытуға бағытталған қызметтерін жұмылдыруға шақырады.

Біздің ойымызша, аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметі тиімді болуының ең басты өлшемі осы салаға жүктелген міндеттерді орындау жолында кездесетін технологиялық проблемаларды шешу арқылы сыртқы және ішкі нарықта отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сөйтіп, экологиялық тұрғыдан таза өнім өндіру саласындағы маңызды рөл атқара отырып еліміздің аграрлық өнеркәсіп кешенін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Аграрлық ғылым субъектілерінің зияткерлік мүмкіндіктерін жұмылдырудың ең бірінші кезектегі, қысқа және ұзақ мерзімдік перспективадағы міндеті Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді дамыту бағдарламаларын әзірлеу, ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және тереңдете қайта өңдеу жөніндегі ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық бағдарламаларды әзірлеп іске асыру болуы тиіс. Мұндай бағдарламалар стратегиялық бағдарламалық құжаттар мен ғылыми жобаларды болжау, әзірлеу және іске асыру бағытында қалыптасып отырған біздің бүгінгі көзқарасымыз бен пікірімізді түп-тамырымен қайта өзгерту үшін негіз болуы тиіс. Жаңа құжаттарда кәсіпкердің, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің және қайта өңдеушінің мүдделері ең бірінші орында тұруы тиіс. Қазіргі уақытта, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ-тың бастамасы бойынша институт ғалымдары «Ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете қайта өңдеу технологиялары» деген нысаналы технологиялық бағдарламаны (НТБ) әзірлеуді бастады. НТБ әзірлеуге ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете қайта өңдеу технологияларын іске асыруда практикалық тәжірибе жинақтаған, басқада ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары білім беретін мекемелердің ғалымдары, қайта өңдеу өнеркәсібінің мамандары қатыстырылуда. Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға қатысу ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары білім беретін мекемелердің ғалымдарына ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете қайта өңдеу саласында өздерінің маңызды құзыретін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік бере отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Инновациялық технологиялар мен ғылымды қажетсінетін өнімдерді өндіріске енгізудің нәтижесінде өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметін жақсартқан кәсіпорындар да инвестициялық тартымдылығы мен инновациялық белсенділігін күшейте түспек. Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен қоян-қолтық қызмет атқару кәсіпорындарға қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын қарқын ды дамытуға ықпал ететін жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік бермек.

Жоғарыда көрсетілген бағдарлама шеңберінде әзірленіп, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын жаңғыртуға бағытталған инновациялық технологиялар мен ғылымды қажетсінетін жобалар жалпыұлттық мақсатымыз әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуға қол жеткізудегі мызғымас іргетасымыз болуы тиіс. Жыл өткен сайын мемлекетіміз ғылымды қаржыландыру көлемін ұлғайта түсуде, қазіргі заманға лайық заңнамалық база жасалған. Енді осының нәтижесі ретінде, ғылым да елімізді дамытудың нақты күші ретінде танылып экономикаға да, қоғамға да өзінің нақты пайдасын келтіруі тиіс.

Планета ауқымына әйгілі «EXPO-2017» іс-шарасының негізгі қозғаушы күшіне айналу жолындағы сынақтан сүрінбей өтті, елімізді дамудың «жасыл» жолына көшіруге бастайтын, қазақстандық ғылымның мерейі үстем болатын күн де алыс емес. Еліміздегі жоғары білім беретін мекемелер тек білім беру қызметімен шектеліп қалмай, қолданбалы және ғылыми-зерттеу құрылымдарын ашып дамытуға да міндетті екенін атап көрсеткен Елбасының тапсырмаларын институт ұжымы мақұлдайды. Біздің ойымызша, бұл тапсырма, университеттер тарапынан өздерінің ғылыми құзыретін дамытуға уәждеудің болмауына байланысты негізгі проблеманы шешуге ықпал етпек, себебі батыстағы елдердің университеттеріндей емес, біздің университеттеріміздің негізгі кірісі – «академиялық капитал», яғни білім бергені үшін ақы алу ғана.

Қазіргі уақытта еліміздегі ең озық аграрлық жоғары білім беретін оқу орындары зерттеу университеті деген мәртебе алу үшін аянбай еңбек етуде. Алайда, халық аралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, зерттеу университеттері субъектілік деңгейде жұмыс істегенде ондағы әкімшілердің (департаменттердің қызмет керлерінің) және зерттеушілердің рөлі күшейе түспек, себебі олар қаржыландыруды молайтады да, екінші жағынан алғанда университет ұстаздарының рөлі маңызын жоғалтады. Осының салдарынан ұлттық АӨК-тің мамандарға сұранысын ағымдағы және перспективалық тұрғыдан қамтамасыз етуді қанағаттандыру қиындай түсуіде мүмкін.

Бұл мәселеде екі тараптан да алыстамай, дәл орта бағытты ұстану қажет, себебі жоғары білім беретін мекемелердің түлектері арасында біліктілігі аса төмен мамандар болуы келешектегі ғылыми кадрлардың өз құзыретін қалыптастыруына кедергі жасайды және ең бастысы, мамандар еңбек нарығындағы сұранысқа ие бола алмайды. Жоғары білім беретін мекемелердегі оқыту процесінің сапасын арттыру үшін Жолдауда екінші курстан бастап міндетті түрде кәсіпорындарда өндірістік практикадан өткізуді заңнамалық тұрғыда бекіту туралы тапсырма берілген.

Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы және технологиялық мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттердің оқыту, технологиялық, диплом алдындағы және өндірістік тұрғыдан практикадан өтуі үшін институт көп жылдардан бері, өтеусіз негізде өндірістік және сынақ базасы болып отырғанын айтып өтуіміз керек. Қазіргі уақытта, ғылыми әзірлемелер дайындауда бір мемлекет ауқымындағы бірнеше ғылыми мекемелердің әлеуетін біріктіру қажет болып қана қоймайды, сонымен бірге, бірнеше мемлекеттің мүмкіндіктерін де бір арнаға тоғыстыру, ғалымдар мен практиктердің өзара ұғынысуына қажетті форматты іздестіру қажеттігі анық байқалуда. Дәл осындай пікірлесудің ұтымды форматы астаналық – G-global экономикалық форумы шеңберінде табылды. Институт G-global сайтында айсайын мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде өзінің материалдарын жариялап тұрады, ең үздік ғалымдар мен практиктердің салиқалы да ұтымды ұсыныстары мен пікірлерін қабылдайды.

Ұлт Көшбасшысының Жолдауы шеңберіндегі көптеген тапсырмалар қазір орындалғанын мақтанышпен атап айтуға болады. Осының айқын айғақтарының бірі – 2020 жылға дейінгі Аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын қабылдау бойынша тапсырма.

Қазіргі уақытта АӨК кәсіпорындары мен мемлекеттік органдардың, ведомстволардың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған салалық «Агро-бизнес-2020» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжатта дәнді дақылдардан тереңдете қайта өңделген өнім алуды дамыту – АӨК-тің ең басым бағыт тарының бірі екені көрсетілген. Бидайды тереңдете қайта өңдеу бойынша қазір қолданылып отырған жобалар табысты болса, 2020 жылға дейін крахмал, глютен, глюкоза, глюкоза-жеміс сироптары және т.б. өнімдердің экспорты шикізат эквивалентінде 0,3-0,5 млн тоннаға жетпек.



Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттың негізгі міндеттерінің бірі ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық тұрғыдан қолжетімділігін арттыру болып табылады. «Агро-бизнес-2020» бағдарламасы еліміздің аграрлық өнеркәсіп кешені саласы басшылыққа алып отырған стратегиялық жоспарларды, негізгі құжаттар мен кіші бағдарламаларды іске асыруға жаңаша серпін қосты. Жолдауда қамтылған, Президентіміздің тапсырмалары толық көлемде және уақтылы іске асырылатынына институт ұжымы сенімді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет