Қарағанды қаласында тұрғын үйдегіжылыту бу қазандығы жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат 03:30-да болды.

"Салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты", — деп жазылған хабарламада.

ТЖД қызметкерлері үйінді астынан ер адамды шығарып, медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Өртті жоюға ТЖД, Апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.