А. Ж. Сейтембетова



бет8/11
Дата19.09.2017
өлшемі2.91 Mb.
#1390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

206

3. Кальций және фосфат алмасуына қатысатын гормондар / паратгормон, кальцитоннин/.

4. Көбею, бөліну сияқты репродуктивтік қызметке қатысатын гормондар. Эстрадиол, прогестерон, тостостерон,

5. Эндокриндік бездердегі горкондардың синтезін және секреция-сын реттеуші гормондар

/троптың гормоңдар- гипоталамустың либериндері мен статиндері/.

6. Гормондардың синтезі жүретін жерлердегі метаболизмді рет-теуге қатысатын гормондар /простогландиндер, гистамин, сомато-медин, секретингастрин т.б,/.

ІҮ. Нысана- клеткаға сигналдарды жеткізу механизмі бойынша:.

I. Орталық нерв жүйесінен алынған сигналдарды мембраналық рецепторлар арқылы жеткізу /пептидтік гормондар, адреналин т.б./.. Мұндай гормондардың рецепторлара плазмалық мембрананың сыртқы қабатында орналасады, гормон клетканың ішіне өте алмай-ды” сигналды. -ц-АМФ арқылы жеткізеді.

Схема түрінде:

2. Клеткара орталық нерв жүйесінің сигналы цитоплазмалық рецепторлар арқылы жеткізіледі. Мұндай жолмен ОНЖ сигналын жеткізуші гормондарға стероидтақ гормондарды, тироксинді жатқызуға болады. Бұл гормондардың рецепторы цитоплазмада болады, гормон қан арқылы клеткаға өтіп, цитоплазмада өзінің рецепторымен қосылып, онымен бірге ядроға өтеді. Стероидтық гормондар және тироксин транскрипция деңгейінде белоктың синтезіне, зат алмасуға өзінің әсерін тигізеді.

Схема түрінде:

207


Гомондардың синтезі және олардың секрециясын реттеу :

Гипоталакуста дибериндер деп аталатын табиғаты пептидтік қарапайым гормондар түзіледі. Либериндер порталды қан айналымы арқылы аденогипофиздің клеткаларына жеткізіледі. Аденогипофиздің клеткаларында осы пептидтік қарапайым гормондардың әсер етуінің арқасында табиғаты белоктық

немесе үлкен молекулалы пептид болатын гормондар бөлінеді. Енді бұл гормондардың саны гипоталамуста бөлінетін гормондардың санына қарағанда көбірек. Олар өздерінің әсер ету механизміне сәйкес тропиндер деп аталады. Осы тропиндер қан ағысы арқылы ішкі секреция бездерінін клеткаларына жеткізіп, бұл клеткалардан тікелей биологиялық әсер ететін гормондардың бөлінуін қамтамасыз етеді. Сонымен - гипоталамус синтезделген либериндердің бірнеше молекуласы қысқа уақыттың ішінде миллионға немесе триллионға жететін организмнің барлық клеткаларындағы метаболиттік прбцестердің сандық және сапалық жүйеде реттейтін гормондардың түзілуіне мүмкіндік береді.

Ұйқы бездерінің В -клеткаларында инсулин алдымен препроинсулин күйінде кедір-бұлдырлы ретикулумде синтезделеді, сонан соң Гольджи аппаратына келіп түсіп, проинсулин, одан инсулин түзледі. Инсулмннің синтезін төмендегі схема түрінде көрсетуге болады:

208


Инсулин А және В деп аталатын екі полипептидтік тізбектен тұ-рады. Олар бірімен бірі дисульфидтік байланыспен байланысқан. Гормондардың ортасында инсулиннің амин қышқылдық құрамы және олардың орналасу реті бірінші болып анықталған. Лангерганс аралшасының В -клеткасында инсулиннің бөлінуі өте күрделі процесс. Ол Са2+ иондарының қатысуымен жүреді және глюкозаның' концентрациясына тікелей тәуелді. Глюкозаның қаңдағы концен-грациясы неғұрлым көп болса, соғұрлым инсулин көп бөлініп глюкозаның қан арқылы бауырға және бұлшықеттерге жетіп, глико-генге айналуы жылдамдайды. Ал қандағы глюкозаның мөлшері қалыпқа келе бастайды, сонымен бірге инсулиннің бөлінуі де баяулайды. Сондықтан инсулиннің бөлінуімен глюкоза концентрациясының арасында тікелей байланыс бар, Глюкагон - полипептидтік гормон. Ұйқы бездерінің А - клеткаларындағы

және ас қорыту жолдарының клеткаларында бөлінеді. 29 амин қышқылынан тұратын полипептид. Глюкагонның да бастапқы түрі, инсулин сияқты препроглюкагон түрінде болады. Препроглюкагон-нан проглюкагон одан глюкагон түзіледі. Глюкагон синтезіне, қандағы глюкоза мөлшерінің әдеттегіден сәл ғана азаюы жағдай жасайды. Глюкагон инсулиннің антогонисі болып табылады, яғни қандағы глюкозаның мөлшерін арттырады, глюкозаның сүт қышқылына дейін ыдырауын тежейді, гликонеогенез процесі күшейеді, адреналинге қарағанда баяу әсер етеді, қанның қысымын өзгертпейді. Әсер ету механизмі адреналиннің әсер ету механизмі сияқты ц-АМФ арқылы жүреді. Глгокоген қорлық майлардың жоғары май қышқылдарының В - тотығуын жылдамдатады. Инсулин, глюкагон, корткзолдың әсерімен ашыққан -кезде тканьдердегі көмірсу, май,белоктардың қолын қолдануға мүмкіндік береді. Адреналин болса гликоген мен майлардың үрейленгенде, қорыққанда жұмсалуын қамтамасыз етеді.

209


Стреоидты гормондардың биосинтезі

Стероидты готмондардың синтезі Ацетил-КоА қатысуымен хо-леетериннің түзілуінен басталады. Схема түрінде:



Барлық стероидтық гормондардың көзі болып табылатын прегнено-лон осы гормондар синтезделетін барлық органдарда синтезделеді, сонан соң бүйрекүсті бездерінің сыртқы қабатында глюкокортикос-тероидтар және минералокортикостероидтардың синтезі жүреді. Аталық бездерде аталық жыныс гормондары, аталық бездерде аналық жыныс гормондары синтезделеді.

Жыныс гормондарының өзгерісінің соңғы продуктысы болып табылатын 17 Кетостеркиотардың зәрдегі мөлшерін анықтаудың диагностикалық мәні зор. Қалыпты жағдайда әйелдердің зәрімен тәулігіне 5-15 мг,ал ер кісілерде 10-25 мг бөлінеді.

Тиреоидтық гормондар

Қалканша безде 2 түрлі тиреоидтың гормон түзіледі:

I/ L - тироксин;

2/ трииодтиронин.

210


Бұл екі гормон да тирозиннің туындысы болып табылады, синтез-

делу жолдары төмендегідей:



Тетраиодтиронин немесе тироксин 3,5-дииодтирониннің екі молекуласынан түзіледі:



Қалқанша бездің ерекше бір қабілеті аспен түскен

иодты, тирозиннің құрамындағы байланысқан иодқа айналдырып, тиреоидтық гормондардың синтезін қамтамасыз етеді. Тиреоидтық гормондар белоктардың синтезіне транскрипция деңгейінде

әсер етіп көптеген ферменттік жүйенің жұмысын жылдамдатады, Тирвоидты гормондардың қалыпты жағдайдан ауытқуы 2 түрді жолмен жүреді.

1. Гормондар өтө көп бөлінгенде /гиперфункция/, бұл кезде дамитын ауруымен базедов ауруы немесе тиреотоксикоз деп атайда, Базедов ауруымен ауырған науқастарда бұлшықеттердің әлсіздігі, асқа тәбеті жоғары болғанмен, жүдеулігі байқалады.

2. Гормондар аз бөлінсе немесе иод жетіспеген жағдайда /гипо-функция/ балалардың организмінің өсуі нашарлайды, мінез=құлқы өзгеріп, ақыл-есі кеміс болуы мүмкін. Мұндай ауру крединизм деп

211

аталынады. Үлкен кісілерде микседема ауруы дамиды, яғни про-теогликандардың және судан көп болуына байланысты тері қалыңдап кілегейлі ісік пайда болады. Иод жетіспеген кезде, қалқанша бездің денекер тканьдерінің қалыптан тыс дамуына сәйкес көлемінің ұлғаюы байқалады, бұл ауру жергілікті зоб деп аталады. Мұндайда ас тұзына иод қосылады. Мысалы, 100 кг ас тұзына I г - -2,5 г дейін иод қосылып, иодталған ас тұзы деген атпен сатуға жіберіледі,



Адреналин мен норадреналиннің биосинтезі

Катехоламиндер тобыма жататын бұл гормондардың синтезі ми-да, бүйрекүсті бездегінің милы қабатында симпатикалық нерв ұштарында жүреді. Адреналин және норадреналин тиреоидты гормондар сияқты тирозиннен синтезделеді.

Адреналин мен норадреналиннің түзілу жолдарының схемасы:

Адреналин мен норадреналин синтезінің жылдамдылығы /I/ жәнө /3/ реакциялардаң жылдамдығына тәуелді болады.

Адреналиннің әсер ету механизмі

Адреналин заттардың клеткаішілік алмасуына ц-АМФ-арқылы

212

әсер етеді. Адрензлиннің әсер ету механизмін төмендегі схема түрінде көрсетуге болады:



Сонымен адрсналиннің әсері қатты үрейленгенде, қорыққанда энергия қажет болған жағдайда майлардың, гликогеннің тотығуын үдетіп энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Қатты

корыққанда кызу жұмыс істеген кезде орталық нерв жүйесінен түскен сигнал адреналиннің бөлінуін күшейтеді, сөйтіп, оның қанға өтуіне, ал қандағы адреналии бауырдағы гликогеннің ыдырауына, қандағы глюкоза мөлшерінің артуына жағдай жасайды, майлардың ыдырауынан түзелген май қышқылдары альбуминмен байланысып жұмыс жүріп жатқан бұлшықеттерде энергия көзі ретінде жұмсалады. Сонымен қатар 'адреналин жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын жылдамдатады, қанның ағысын жылдамдату арқылы оттегінің, глюкозаның т.6. энергия түзілуге кажет заттардың органдарға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыс біткен соң адреналиннің бөлінуі де тоқталады, ол әрі қарай өзгерістерге ұшырайды, аденилатциклаза өзінің активтілігін жояды. ц-АМФ-тың қалдығы кальмадуллинмен байланысқан Са2+ әсерімен жәй АМФ-ке айналады. Гликогеннің организмге қажеттігі азайып, гликоген-синтаза ферменті өзінің активті күйіне көшіп, гликогеннің қоры қайтадан жинала бастайды,

213


Гормондар бөлінуінің реттелуі

Гормонлардың синтезделуі және олардың бөлінуі, белгілі бір тәртіппен яғни теріс қайтымды байланыс арқылы реттеліп отырада. Осы жолмен реттелудің 2 түрі бар:

1, Қысқа қайтымды байланыс. Мұндай жолмен гипоталамустың гормондары мен троптық гормондардың бөлінуі реттеледі.

2. Ұзақ қайтымды байланыс. Әртүрлі бездерден бөлінетін гормондар немесе зат алмасу кезінде түзілетін заттар мен гипофза гормондарының немесе гипоталамус гормондарының арасындағы байланыс.

Гитфиздік гормонның бөлінуі либериндердің көмегімен жылдам-даса, статиндермен баяулайды. Сондай статиндердің бірі соматос-татин. Соматостатин гипофиздің алдыңғы бөлімінен бөлінетін троптық, соматотроптық гормондардың бөлінуін тежеуші, полипеп-тидтік гормон. Соматостатин сонымен қатар ұйқы безінің Лангер-ганс аралшасының Д-клеткасында да түзіледі.

Горуондардың синтезі және бөлінуі реттеліп отырмаса,

организм көптеген ауруларға шалдығуы мүмкін. Мысалы,

қант диабеті, гиперкортицизм т.б. Гормондардың мөлшерден артық синтезі, осы гормонды синтездейтін клеткалар қатерлі ісік ауруына ұшырағанда байқалады. Ал гормондардың аз бөлінуі осы гормонды бөлетін клеткалардың зақымдалуы нәтижесінде болуы мүмкін.

Гормондордың мөлшерінің артық бөлінуі байқалса төменде көр-сетілген зерттеу жұмыстары жүргізіледі:

1. Радиоиммундық анализдің көмегімен гормондардың саны анықталады.

2. Осы гормондардың әсерімен метаболизмі және тасмалдануы өзгереттін заттардың қандағы және зәрдері концентрациясы анықта-лады.

3. Зәрдегі гормондардың алмасуы нәтижесінде түзілетін зат-тардың сандық және сапалық мөлшерін анықтайды.

Зат алмасуды реттеудегі гормондардың атқапатын ролі

Катаболизмнің жалпы жолдары зат алмасудың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Көмірсулар, майлар және белоктар алмасуы шамалап тамақтану кезінде жүріп жатады.

214

Пирожүзім қышқылы және ашн қышқылдары қайтымсыз жолмен ацетил-КоА-ға айналады. Ацетил-КоА пирожүзім қышқылына айнала алмайды, себебі оған керекті ферменттер жоқ. Сондықтан жоғар май қышқылдары көмірсулардың амин қышқылдарының синтезі үшін қолданылмайды.

Катаболизм реакцияларының негізгі мәні энергия өндіруге қа-тысуы. Энергетикалық шикі заттарға глюкоза, май, жоғары май қышқылдары, кетондық денелер жатады.

Энергияны қолданушы барлық органдар, әсіресе бұлшықеттің қызметіне энергия көп қажет. Тамақтың құрамына, тамақтану мер-зіміне және физиологиялық активтілікке байланысты көмірсу, май амин қышқылдарының алмасу жылдамдығы әртүрлі болады.

Осы айтылған негізгі заттардың алмасуы адреналиннің, глю-кагонның, инеулин мен кортизолдың қатысуымен реттеліп отырады.

Бүйрекүсті бездерінің гормондары

Бүйрекүсті бездері сыртқы және милы қабаттан тұрады.

Сыртқы қабаттың гормондарына глюкбкортекостероидтар, минералокор-тикостероидтар, жыныс гормондары жатадн. Соның ішінде глюкокор— тикостероидтарға тоқтала кетейік. Олар клетека мембранасының майлы қос қабатында ериді де, мембранадан оңай цитозольге өтеді. Цитоплазмада өзінің клеткаішілік белок-рецепторларымен қосылып гормон-рецептор деп аталынатын комплекс түзеді. Түзілген комплекс ядро мембранасынан оңай

215

өтіп, белгілі бір гендердің транскрипциясын реттеу арқылы глюконеогенез және т.б. процестерге қатысатын ферменттердің: синтезін жылдамдатады /суретке қараңыз/,



Глюконеогенез ферменттерін және оның процестерін глгококортико-стероидтардың жылдамдататынын жануарлармен жүргізген мына бір тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады:

егер оларға, кортизол ексе, бауырдағы глюкоген қорының жоқтығына қарамастан қандағы глюкоза концентрациясының артқанын байқауға болады. Сонымен қатар мочевинаның түзілуі мен бөлінуі артады, яғни қандағы глгокозаның концентрациясының артуы оның амин қышқылдарынан синтезделетіндігін көрсетеді, Глюкокортакостероидтардың ең маңыздысы кортизол, тәулігіне адам организмінде 20-30 мг дейін түзіледі. Кортизол стинтезінің тәуліктік ырғағы бар, таңғы сағат 6 мен 9 арасында максимум бөлінсе, түнгі сағат 24-ге минимум бөлінеді. Кортизол қорыққан кезде көп бөлінеді. Қанда кортизол транскортин /глобулинге жататын белок/ белогының көмегімен тасымалданады.

Кортизол бауырдың және басқа тканьдердің бұлшықет

клеткаларына әртүрлі әсер етеді. Бұлшықеттің және басқа тканьдердің клеткаларында кортизол РНҚ-полимеразаның активтілігін темендетіп, белоктың синтезін тоқтатада.Сондықтан көрсетілген тканьдерде және қанда амин қышқылдардың концентрациясы артады. Көптеген амин қышқылдары амин тобын тасымалдау реакциялары арқылы аланинге аспарагин және глютамин қышқылдарына айналады. Бұл қышқылдар қанмен бауырға жетеді. Бауырда аланин глюконеогенез процесінің субстраты болып табылады.

Картизол бауырда керісінше глюконеогенез ферменттерінің яғни белоктардың синтезін үдетеді.

216

Май тканьдерінде кортизол липолизді активтендіреді, ал фосфо-диэстераза ферментінің активтілігін төмендетеді. ц-АМФтың концентрациясы артады /липазаның активтілігі артады/, Глюкоза жетіспеген жағдайда бұл жол адам организмін эиергиямен қамта-масыз етеді.





Сонымен, кортизолдың қатысуымен гипогликемия кезінде,

яғни бауырда гликогеннің ешқандай қоры қалмағанның өзінде, қандағы глюкозаның мөлшері арта бастайды, тіптен гипергликемия, яғни глюкоза концентрациясының шамадағыдан да артып кетуі мүмкін. Енді бұл гипергликемия инсулиннің қанға ұйқы безінен бөлінуіне әкеп соқтырады, яғни кортизол мен инсулиннің бірігіп жұмыс істеуі бауырдағы белоктардың синтезін күшейтеді. Қорытып айтқанда, коптизол шеткейлік тканьдердегі белоктардың және майлардың ыдырауын күшейтеді. Осы ыдырау нәтижесінде түзілген заттар қанмен бауырға келеді, онда глюкозаның синтезі жүріп және ол әрі қарай гликогеннің синтезіне жұмсалады. Корқынышты бір жағдайлар туғанда кортизол, организмнің метаболиттік және энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйрекүсті бездері гормондарының бөлінуін реттейтін механизмдердің кейде қалыпты жағдайдан ауытқуы байқалады. Бұл бүйрекусті бездерінің сыртқы қабатының гипо-және гиперфункциясы.

Бүйрекүсті біздің гиперфункциясы - гиперкортицизм деп ата-лады. Мұның 3 түрлі себебі бар:

I. Аденома немесе кортизолдың гиперсекрециясы.

2. Аденогипофиздің ісінуі нәтижесінде АКТГ синтезінің жыл-дамдауы /Иценко - Кушинг ауруы/.

3. Кортикостероид тобына жататын препараттардың артық мөл-шерімен емдеу /Кушинг синдромы/.

217


/Адамның ісінуі байқалады, бұл кортизолмен бірге бөлінуі күшей- етін антидкуретикалық гормондардың әсеріне байланысты/,

Дифференциалды диагностика АКТГ-дың қандағы мөлшерін анықтау арқылы жүргізіледі, І-ші және 3-юі жағдайда АКТГ-дың қандағы мөлшері азаяды, себебі қандағы коптикостероидтардың концентрациясы АКТГ гормондардың синтезі мен бөлінуін қайтымды теріс жолмен тежеп отырады. 2-ші жағдайда АКТГ қандағы концентрация өте жоғары болады,

Гиперкортицизмнің екі түрі бар:

I. Бірінші реттік немесе алғашқы реттік түрі /бүйрекүсті бездері туғызатын түрі/. Мұндағы метаболизмнің өзгерісі - белок ыдырауының күшеюі негізіңде олардың синтезінің төмендеуі.

Бұл жағдайда адам жүдейді, сүйекте остеопороз ауруы туады, терінің дистрофиясы байқалады, Глинонеогенез процесінің үдеуі нәтижесінде гипергликемия байқалады, бұл ауруды стероидты диабет де атайды. Гипергликемияға жауап ретінде қандағы инсулиннің мөлшері артады, ал инсулин липолизді баяулатады. Осының нәтижесі; де гиперлипопротеинемия байқалып, шеткейлік тканьдерде майлардың синтезі күшейеді. Май адамның бетінде, қарнында, бұғанасында жинала бастайды. Дәнекер тканьдерінде барлық синтездік процестер тежеліп, жаралардтез жазылуына кедергі жасайды. Кортизол клеткад Ма+,СІ- иондарын ұстап қалатындықтан гипертония пайда болады.

2. Екінші реттік түрі /гипофизарлы түрі/. Бұның бірінші реттік гиперкортицизмнен ерекшелісі. АКТГ -дің артық мөлшері барлық кортикостероидтар мен андрогендердің шамадан тыс көп бөлінуіне әкеп соқтырады. Андрогендер анаболиттік қасиет көрсететін бол-ғандықтан, бірінші реттік гиперкортицизмде болатын метаболиттік ауыткулар аздап төмендейді, стероидтық диабет дәл бірінші реттік гиперкортицизмдегідей болмайды. Бірақ, мұнда енді андрогеннің көп бөлінуіне сәйкес ауытқулар байқалады. Мысалы, әйелдерде вирилизм /ер кісілерге тән белгілер/ пайда бола бастайды, даусы өзгереді, сүт бездерінің жұмысы нашарлайды. Ал ер кісілерде эстрогенің көбеюіне қарамастан феминизм / әйелдерге ұқсайтын белгілердің пайда болуы/ байқалмайды. Ал балаларда бұлшықетте- рінің тез өсуі, жыныстық белгілерінің ерте пайда болуы, жалпы организмнің тез өсуі байқалады.

218

Бауырүсті бездерінің гипофункциясы. Гипофункция кезінде “аддисо” аурунның туатындығы яғни күн сәулесі түсетін дененің ашық жерінде пигменттердің пайда болуы, тұзды тамаққа құмарлық- -тың артуы байқалады.



Адреналин -адицилатциклазды күйе арқылы әсер етеді. Бүйрекүсті бездерінің милы қабатында синтезделіп, бөлінеді.

адреналин формуласы



Адреналиннің әсер ету механизмінін схемасы:



Сонымен АДЦ-азаның активтелуі гликогеннің ыдырауының күшеюіне және оның синтезінің тоқтауына әкеп соқтырады. Бұл барлық қорқыныш жағдайларында байқалады. Яғни жүгіру, қашу, экзамен СНЖ —-- адреналин — - глю——

Аденилатциклаза мембраида орналасқан және бірімен-бірі тығыз байланысты 3 белоктан тұрады.

К - танушы белок, мембранада рецепторы бар.

N - жетектеуші белок, ГТФ-ты байланыстырады және ыдыратады.

С - катализдік белок, катализдік бөлім. АТФ-ты ц-АМФ-қа айнал-дыруға тікелей қатысады.

219

Адениклатциклазаның әсер ету механизмі схема түрінде берілген. Орталық нерв жүйесінен түскен хабар 10000 есеге дейін күтеюі мүмкін, міне сондықтак адреналин организмнің энергиялық мұқ-таждығын қажет болған уақытта қамтамасыз ете алады. Бұлшықет-тің жұмысы біткен кезде адреналиннің бөлінуі тоқтап, ыдырайда, адренилатциклаза актизтілігін жоғалтады. ц-АМФ-тың қалдығы Са2+ кальмодулиннің және ФДЭ ферментінің әсерімен АМФ~қа айна-



Гликогеннің қолданылуы тоқтайды, енді егер байланыспаған глю-коза болса, гликогенеинтаза ферменті өз жұмысын күшейтеді.

Май тканьдерінде адреналин майлардың ыдырауын күшейтеді /АДЦ-ды күйзнің арқасында липазаның фосфорилденуі нәтижесін-де/, Жоғары май қышқылдары альбуминмен байланысып, жұмыс істеп жатқан бұлшықеттерге келіп, энергия көзі ретінде жұмсалады. Адреналин мұнымен қатар жүректің соғуы мен жұмысын, қанның ағу жылдамдығын күшейтеді. О2 глюкоза және амин қьшқылдары т.б. заттардың тасымалдауы жақсарады. Қысқаша айтқанда энергияның көзі болып табылатын заттардың қан арқылы бұлшықетке т.б. жұмыс істейтін органдарға тасмалдануы күшейеді.

Глюкагон және инсулин

Глюкагон да адреналин сияқты қанда глюкоза концентрациясы-ның артуына қатысады. Оның жұмыс істеу механизмі адреналин сияқты мембранада клеткаішілік механизмі бойынша жүреді. Глтакагон - гипергликемиялық гормон, ұйқы безінің Д - клеткаларында бөлінеді. Оның бөлінуі қандағы глюкоза концентрациясына байланысты.

Бауырда глокагон глюконеогенезді, протеолизді, гликогено-лизді, жоғары май қышқылдарының тотығуын, кетондық денелердің түзілуін жылдамдатады. Гликогеннің синтезін баяулатады.

Май тканьдерінде липолизді үдетіп, соның нәтижесінде түзілген жоғары май қышқылдарының бауырға түсуін жылдамдатады.

Адреналинмен глюкагонның бір-бірінен ерекшелігі: адреналин организмнің сыртқы орта әсеріне тез жауап қайтаруын қамтамасыз етеді, глюкагон тамақ ішу мерзіміне тәуелді, ас қорыту біткеннен кейін, оның бөлінуі өсе бастайды.

220

Инсулин ~ гипогликемиялық гормон. Оның әсер ету механизмі жеткіліксіз зерттелген, бірақ оның құрылысы белгілі және таза күйінде бөлініп алынған. Бұл механизм - мембраналық типке жа- тады, мембранадағы оның рецепторы - гликопротеид, ол да таза күйінде бөлініп алынған. Бұл рецептор инсулиндт өзіне өте жақсы байланыстырып алады. Зат алмасудың жағдайына сәйкес, рецеп-торлардың саны да өзгеріп отырады. Сонымен қатар инсулиннің зат алмасуға әсер етуіне клеткаішілік Са2+ -ның да атқаратын ролі бар екендігі анықталды. Инсулиннің әсер етуіне қажет екінші бір аралық зат осы күнге дейін белгісіз болып отыр. Бұл заттың табиғатын анықтау қант диабеті ауруын тереңірек түсінуге жағдай туғызған болар еді.



Инсулиннің әртүрлі тканьдердегі зат алмасуға ететін әсері:

1. Глюкоза, амин қышқылдары үшін инсулин ми және бауыр клетка-ларынан басқа плазма мембранасының өткізгіштігін арттырады.

2. Бауырда және бұлшқеттерде гликогеннің синтезін жылдамдата-яы, бауырда және май тканьдерінде майдың, белоктын синтезін жылдамдатады. Бұл өзгерістердің барлығы глюкозаның, амин қыш-қылдарының жұмсалуын күшейтіп, қандағы концентрациясын төмендетеді. Май тканьдерінде инсулин, аденилатцилазанының активтілігін тежеп, адреналиннің, глюкагонның, АКТГ зат алмасуға өтетін әсерін баяулатада. Липазаның активтілігі төмендеп, майлар-дың организмдегі қоры көбейе бастайды. Оған: а/ ацетил-КоА-карбоксилаза ферментінің активтілігінің артуы /ЖМК-синтезі жылдамдайды./; а/ ПДГ-аза ферментінің активтілігінің күшеюі әсер етеді.

Пирожүзім қышқылы ------>— ацетил-КоА —---” жоғары май қышқылдары. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырап, НАДФН-Н+ концентрациясының артуы да майлардың синтезін жылдамдатуға жағдай жасайды.

3. Бауыр клеткалары глюкозаны жақсы өткізеді, инсулин гликолиз ферменттертнің синтезін үдетеді.

221


4. Бұлшықеттерде глюкозаның және К+ транспорты күшейеді, гли-когеннің синтезі күшейеді. ЖМҚ тасмалдауы жақсарады. Амин қышқьшдарының тасмалдануы, белоктардың синтезі артады. Глюкагон мен инсулиннің қандағы концентрациясы қарама-қарсы бағытта өседі.

Инеулин /глюкагонның/ өс қорыту кезінде максималды болады да. ашыққан кезде минималды болады. Осы қатынастың өзгеруінің , нәтижесінде бауырда жоғары май қышқылдары синтезі тотығу про- цестеріне айналып жатады. Қорыта келгенде екі гормоннын да жұ- мысы тканьдерді энергиямен қамтамасыз ету. Глюкагон - энергия- ның түзілуін қамтамасыз етсе, инсулин - энергияның клеткаларға сіңірілуін қамтамасыз етеді.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> -
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет