А. М. Көкебаева, Е. Ж. Оспанов, Қ. Мырзабекқызы, Г. Д. Алиева



жүктеу 3.32 Mb.
бет12/14
Дата04.09.2018
өлшемі3.32 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Глоссарий

Акциздер - акцизделетін тауарларға жене қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі.

Амортизация — негізгі құрал-жабдықтың ендірісте пайдаланылуы барысында ақшалай тұлғалауда есептелген тозуы, тозған еңбек құралдарының құнын олардың көмегімен өндірілген өнімге аудару құралы, әдісі, процесі.

Амортизациялық аударымдар - негізгі құрал - жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны үдайы жаңғыргу үшін осы құралжабдық құнының бір бөлігін аудару.

Аудит - аудиторлардың (аудиторлық фирмалардың) келісімшарт негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік (қаржы) есептемесін, төлем-есеп айырысу құжаттамаларын, салық мағлүмдамаларын және басқа қаржылық міндеттемелерін ведомстводан тыс тәуелсіз тексерулерді жүзеге асыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет түрі.

Аудитор - аудиторлық фирма қызметкері; компаниялардың қаржы-шараушылық қызметінің жай-күйін компания басшылығымен жасасылған өзара шарт негізінде және компания қызметін қадағалаушы мемлекеттік органдардың арнаулы рұқсаты (өкілеттігі) бойынша тексеретін адам. Аудитордың атқарымына тек бақылау ғана емес, сонымен бірге консультация беру де кіреді.

Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүліктік құкықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың заңнамалық актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.

Бағалы қағаздар рыногы — бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын рынок. Бағалы қағаздар рыногы(банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсшорыңдардың банктердің, мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдардың өндipicік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.

Бағалы кағаздар рыногының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымы — бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысаныңда бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеіі өзін-езі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардъщ клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бизнесжоспар - фирманың бизнес-операциясын, іс-қимылдарын жүзеге асыру жоспары, бағдарламасы, ол фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу рыноктары, маркетинг, опергциялардың ұйымдастырылуы және олардың тиімділігі туралы меліметтерден түрады.

Боналар — мемлекеттік қазынашылық. муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және үстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретінде пайдаланатын борышқорлық міндеттемелер.

Бонус — жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақша нысанында төленеді. Жер қойнауын пайдалану-шы оны пайдаланудың жеке жағдайларын ескере отырып бонустардың мынадай түрлерін - қол қойылатын бонусты, коммерциялық табу бонусын төлейді.

Борыш монинторингі — мемлекеттің өзі уәкіпеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі.

Борышқа қызмет көрсету — уақыттың белгілі бір кезеңіндегі сый-ақының (мүдденің), комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері.

Борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартт:тпдз белгіленген тәртіппен қяйтаруы, қарыз пгартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы.

Борыштық бағалы қағаздар — қарыз қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы кағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады.

Борыштық бағалы кағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастыру құны неме­се оларды сатып алу құны арас.ындағы айырма.

Борыштық бағалы қағаздарбойынша купон — эмитенттің шығарылым шарттарына сәйкес борыпҚтык* бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтін (телеуге тиіс) сомасы.

Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықакы - шығарылым шарттары бойынша купон толеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру құны немесе сатып алу құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма.

Бірыңғай бюджеттік сыныптама — бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойыніііа топтастыру. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жуйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштеріиің салыстырымдығын қамтамасыз етеді.

Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталық-

тандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үщін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазына-шылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды кіріктіреді.



Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жүйесі — бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақша нысанында көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері.

Бюджет қаражатын алушы - бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңи тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар.

Бюджет қаражатын игеру - бюджет қаражаітарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-кұқыктық мәмілелерде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтік-құқықтық актілерде көзделген мақсаттарға пайдалануы.

Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану қағидаты - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.

Бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану — бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламаның паспортында және бюджеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген іс-шараларға пайдалану.

Бюджеттік есепке алу - бюджеттік операциялар туралы ақша түріндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың олардың үздіксіз құжаттық ессбін жүргізу арқылы реггелген жүйесі.

Бюджеггік жоспарлау — жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі. Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган — жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті каржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарущы орган.

Бюджеттік жоспарлау жөніңдегі орталык уәкілетті орган - орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыра­тын орталық атқарушы орган.

Бюджеттік инвестициялар — экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету мақсатымен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға, адами ресурстарды дамытуға және та-биғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру.

Бюджеттік инвестициялық бағдарлама — сипаты техникалық-экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін бірыңғай инвестициялық мақсатты квздейтін іс-шаралар жиынтығы.

Бюджегтік инвестициялық жоба — шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.

Бюджеттік комиссия - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия. Республикалық бюджеттік комиссия жене облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудаішың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік ко-миссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бөлінетін ақша.

Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған кызмет көрсету және оны етеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс.

Бюджеттік камтамасыз етілу — мемлекеттік басқару оргаңдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік кызмегтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы чаттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны.

Бюджеттік қатынастар — бюджет процесінде туындайтын қатынастар.

Бюджеттік операциялар - бюджетті басқару цроцесінде жүзеге асы­рылатын операциялар.

Бюджеттік өтінім - бюджетті әзІрлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың қажеттігін негіздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшін алдағы қаржы жылына жене үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы.

Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жоніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген қызмет.

Бюджеттің атқарылуы - бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді.Бюджетті атқару жоніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет корсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің бірқалыпты атқарылу қағидасы - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты белу.

Бюджеттің кірістері — салық және басқа да міндетті төлемдер, рее-ми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Қазақстан республийасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша.

Бюджеттің түсімдері — кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар.

Бюджеттің шығыңдары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюд­жет қаражаты.

Бюджеттін шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу.

Валюталық басқыншылық — орталық (ұлттық) банктің шетелдік валютаны сатып алусату арқылы ұлттық валюта бағамына ықпал ету мақсатымен валюта рыногындағы операцияларға араласуы; валюталық саясаттың бір түрі.

Валюталық тусім-ақша — тауарлар мен қызметтер экспортынан, сондай-ақ халықаралық кредиттерден түскен шетел валютасы.

Грант — мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаральск, және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық си-патта болатъш және Қазақстан Республикасының Конститутциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, заңи тұлғаларға, сондай- ақ жеке адамдарға; шетелдіктер мен азаматіығы жоқ адамдар — Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) жету үтттін өтеусіз негізде беретін мүлік; донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін етеусіз қаржылық немесе техникалық кемегі.

Грант туралы келісім — мемлекеттік орган мен донор арасындағы Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек беруді көздейтін шарт.

Диверсификация — зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сөйкес қаржы құралдарына орналастыру.

Еркін экономикалық аймақ — шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдай қолданылатын ерікті эконо-микалық аймақ.

Ерікті зейнетакы жарналары - Қазақстан Республикасының зандарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тэртіппен салымшылардың оз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

Есептеу эдісі — салық есебінің әдісі, оған сөйкес табыстар мен шығыстарды толеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды откізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі.

Жалгерлік ақы — жалгерлік тәртібімен берілген мүлік үшін заттай, ақша не аралас нысандарында төленетін ақы.

Жалпы сырткы борыш — алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ ел резиденттерітң оз резиденттері емеспен келісімшарттары бойынша борышкорлық міңдеттемелерінін белгілі бір күнгі сомасы.

Жалпы табыс — кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жалпы ұлттық өнім — кеңінен таралған макрэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҮӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҮӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

Жалпы ішкі өнім — аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (онімнің тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.

Жеке зейнетакы шоты — салымшының (алушының) жинақтаушы зей­нетакы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетакы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді.

Жеке кәсіпкер — заңи тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент және резидент емес жеке тұлға.

Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомасы.

Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Жинақтаушы зейнетакы қоры — зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері женшдегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Респу-бликасының зандарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.

Инвестициялық жоба — жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар кездейтін іс-шаралар кешені.

Инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнет-ақы активтерін инвестициялау нөтижесінде алынатын ақша.

Инвестициялық қызмет — жеке және заңи тұлғалардың коммерциялык ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі.

Инвестициялық преференциялар — Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңи тұлғаларына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар.

Кастодиан — бағалы қағаздар рьгаогының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы женіңце өзіне міңцеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыра­тын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті зандарға және шартқа сәйкес кастодиандык қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету женіңцегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.

Кастодиан-банк — бағалы қағаздар жоніңцегі құқыктарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк.

Кредитор — Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сөйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет етеді.

Кредиттік шарт — бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезіңде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама өкімшісі және қарыз алушы арасындағы келісім.

Кіріетерді бөлу нормативі - кірістерді өр түрлі деңгейлер бюджеттерінің арасында белудің пайыздық арақатынасы.

Қазақстан Республикасынын заңи тұлғасы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған заңи тұлға, соның ішінде шет ел қатысатын заңи тұлға.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егемендік) кепілдігі - Қазақстан Респубдакасының қарыз алушырезиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушіге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мсмлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Қазақстан Республикасынын резиденттері — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңи тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (не­месе) оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен окілдіктері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Рес-публикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді коспағанда, өзге де мұліктерді орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап жасайтын консультациялық - кеңесші орган.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері - республикалық және жергілікті бюджеттерді өзірлеу кезінде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылатын босалқы қорлар.

Қазынашылық міндеттеме - ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, ол иелерінің ақшалай қаражатты бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына күкық береді.

Қайырымдылық комек — жеке тұлғаларға өлеуметтік қолдау корсету мақсатымен және коммерцйялык. емес ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен етеусіз негізде берілетін мулік.

Қаржы - ақша қаражатын, қаржы ресурстарын рлардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта белінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шарушылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуларға, акша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қорытындылаушы экономикалық термин.

Қаржы есептемесі — егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеще көзделмесе, нысаны мен келемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және олардың қаржылық жагдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.

Қаржы есептемесін бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемесін жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау.

Қаржы жүйесі — белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шеңберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тармағынада - мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.

Қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.

Қаржы қатынастары - өндірістік қатынастардың табиғи құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші жеке субъектілері арасындағы ақша нысанындағы экономикалык қатынастарды көрсетеді.

Қаржы құқығы — мемлекеттің қаржылық кызметімен байланысты катынастарын реттейтін кұқык саласы.

Қаржы лизингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негізгі құралдарды беру, егер ол мынадай талаптарға сай келсе: негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға негізгі құралдарды тіркелген бағамен сатып алу жөнінде кұқық беру лизинг шартында белгіленсе; қаржы лизингінің мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызметі мерзімінің 80 пайызынан асса.

Қаржы менеджменті - көсіпорында инвестицияларды қоса барлық каржы процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, окімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадагы қаржылық жоспарлау үгымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді баскаруды қамтиды. Оралымды қаржы менеджменті өтімділікті қамтамасыз етуге жатады.

Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет