А. М. Көкебаева, Е. Ж. Оспанов, Қ. Мырзабекқызы, Г. Д. Алиева


Жергілікті қазына мыналарды қамтиды



жүктеу 3.32 Mb.
бет4/14
Дата04.09.2018
өлшемі3.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жергілікті қазына мыналарды қамтиды.


  • коммуналдық меншікке жататын оқушауландырылмаған мүлік.


5.4 Мемлекеттік табыстардың мәні және жіктелуі.

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне пайдалану. Б±л процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістер ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.



Мемлекеттің кірістері деп- экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды ролді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамаѓына қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.



Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады.

Орталықтандырылмаған қаржы кірістері кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірісі алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекет кірістерінің көзі- ұлттық табыс болып табылады, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар, эмиссия болып табылады.

Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағыттарына қарамастан мемлекет кірістерінің негізі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс- мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әртүрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отар.

Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі- эмиссия, оның үстінде тек қағаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігіне байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсаты бағыттылығын, қалыптасу қағидаларын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады.



  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан

  • жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен

  • халықтың салық төлемдерінін

  • кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен

  • қоғамдық ұжымның салық түсімдерінен

Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттік кірістері.

  • матермалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістері

  • өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.

Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері

  • салықтық

  • салықтық емес (мемлекет илігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай –заттай латерейлардан түсетін табыстар және т.б.)

Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.

Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:



  • өнім өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін)

  • өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу

  • өнім сапасын жақсарту

  • негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру

  • табиғи өндіріс жағдайлары.


5.5 Мемлекеттің шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы.

Мемлекеттің шығыстары бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:


  1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей пайдалану.

  2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады.

Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар" түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оқтайлы үйлесуі болып табылады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:


  • материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

  • қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;

  • мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байла­нысты.

Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.



Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар т±тыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табы­лады.

Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын к±райды.



Үшінші топтың мемлекет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруѓа жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған.

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаѓа, әлеуметтік-мәдени шараларѓа, ғылымѓа, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау µндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруащылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:



Шаруашылық есептегі кєсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;

Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық, қаржыландыру қолданылады.

Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді.

Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мєдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.



Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар бұл өндіріс көлемінің түрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; ар­наулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.

Мемлекеттік резервтер — мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, молықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуте (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табыла­ды.



Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, м±ражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды;

Б±қаралық ақпарат қ±ралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары — жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.



Денешынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар — демеушілер, әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.

Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезендерге және, тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.

ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.

ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық ecen қорларынан (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған) және банк кредиттері есебінен қаржыландырылуы тиіс.

Халықты әлеуметік қорғау шығыстары. Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және тетенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.

Әлеуметтік қамсыздандыруды, Әлеуметтік қорғау, Әлеуметтік сақтандыру, Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, ецбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Жәрдемақы, Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, Жасына байланысты жәрдемақы болып жік-жікке бөлінеді.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі:



1. Әлеуметтік көмек, ол бойынша төлемақылар

2. Тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалады.

3. Жұмыссыздарға материалдық, көмек.

4. Этникалық отанына оралған қазақтарға жәрдемақы және


басқа жәрдемақылар

Табысы екі, айлық есептік көрсеткіштен артық емес жұмыссыздарға материалдық, көмек белгіленген.



Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар. Әрбір мемлекет өзінің қорғаныс қабілетін сақтап отыруы тиіс, ол аса маңызды мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады. Өзінің жерін, елін сыртқы күштерден қорғай алатын мемлекетті ғана тәуелсіз деп тануға болады.

Басшылық пен басқаруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде орталықтандыру қорғанысқа бағытталатын қаржы ресурстарын тиісінше орталықтандыруды талап етеді. Сондықтан қорғанысқа жұмсалатан шығыстар көбінесе республикалық бюджеттен (80% жуығы) қаржыландырылады.

Қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету мыналарды кіріктіреді:

а) қарулы күштерді қаржыландыру;

ә) қару-жарақтарды, соғыс техникасын, ондірістік-техникалық арналымның өнімдерін әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жұмсалатын шығындар;

б) ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер;

в) әскери объектілердің (аэродромдардың, полигондардың, баздардың, әскери белімдер мен бөлімшелердің орналасу орындарының және т.б.) күрделі құрылысы;

Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі дегеніміз барлық деңгейлердің заңнамалық, атқарушылық және өкілдікті органдарының, сондай-ақ шаруашылық басқару аппаратының жиынтығы.

Заңнамалық биліктің жоғары мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады, республика басшысы, оның атқарушы билігі Президент болып та­былады. Атқарушылық билікті сондай-ақ Үкімет те жүзеге асырады.

Облыс, қала, аудан аумағында атқарушы өкімгерлік органдар жергілікті әкімшіліктер — әкімдер басшылық ететін әкімдіктер, ал өкілдікті органдар тиісті мәслихаттар болып табы­лады. Бұл органдар шаруашылық және қоғамдық өмірдің басқа сфераларын басқарады.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі әскерлер органдарын, сот, прокуратура, қаржы полициясы органдарын, нашақорлық және есірткі бизнеспен күрес жөніндегі органдарды қамтиды.

Тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың орталық органы — министрлік, ведомство (агенттік, ко­митет, комиссия және басқалары). Олар өзіне бағынышты шаруашылық жүргізуші субъектілерді, бірлестіктерді, ұйымдар мен мекемелерді тікелей немесе олардың басқаруындағы шаруашылық бөлімшелер (департаменттер, басқармалар) арқылы басқарады.


¤зін-µзі тексеру с±раќтары
1. Мемлекеттің экономикалық қызметінің функцияларына сипаттама

2. Құйылым шығындары мен пайдаларын мемлекеттік реттеу әдістері

3. Қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызмет көрсетулер сипаттамасы

4. Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні

5. А.Вагнердің Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы

6. Мемлекеттік қаржының мәні, құрамы, функциялары,фискалдық тетіктері.

7. Мемлекет кірістерінің құрамы мен құрылымы.

8. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы.

9. Мемлекет кірістерінің көлемі мен құрылымына , саяси факторлардың әсері.

10. Қоғамның таза табысы, оның өсуінің факторлары.

11. Мемлекет шығыстарының жүйесі, қағидалары, оларды ұйымдастыру.

12. Мемлекет шығыстарының сыныптамасы. Экономиканы қаржыландыру.

13. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру.


  1. Басқару мен қорғанысқа жұмсалынатын шығыстар.

15. Әлеуметтік- мәдени шараларға жұмсалынатын шығыстар.

Тақырып-6. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
6.1 Салықтар туралы түсінік және олардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен функциялары.

6.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру.

6.3 Салықтар алуды ұйымдастыру.

6.4 Салықтың түрлеріне сипаттама.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:


  • пайда (алынған игіліктер) қағидасы

  • “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидасы

Бұл дегеніміз алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаларын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне әкеп соғады.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидасын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мыналар:



  • салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс. Бұл деген әділеттік қағидаты болып табылады.

  • Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек. Бұл анықтылық қағидасы.

  • әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуға тиіс. Бұл да қолайлылық қағидасын білдіреді.

  • Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл үнемділік қағидасы.

Бұл қағидаларды пайдалану салық салуда зорлық зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А.Смитке “салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны” деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Салық салудың қазіргі қағидасы мынадай:



  1. Салық салудағы әділдік қағидасы

  2. Қарапайым қағидасы

  3. Салықтардың анықтығы

  4. Жеңілдіктердің ең аз саны

  5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы

  6. Салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірынғай болып келеді.Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлуші болып үшке бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.



Фискалдық функциясы- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін салыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Реттеуші функциясы- мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.

Қайта бөлу функциясы- бұл арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қармағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардан алатын үлесі арқылы анықталады.

Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.



6.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру. “Салық” ұғымымен “салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызмет органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесі деп атайды. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұнғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаларын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат болатын. Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Салықтардың оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидалар бойынша жіктеледі.


  • салық салу обьектілері бойынша

  • салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасатын органға қарай

  • пайдалану тәртібіне бойынша

  • обьектінің экономикалық белгісі бойынша

Салықтарды салу обьектісі бойынша тура және жанама болып бөлінеді.

Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Ал жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтар қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.



Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті болып бөледі.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті денгейлердің бюджеттеріне шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы: зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланатын әлеуметтік салық) сияқты.

Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар дегеніміз- төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар дегеніміз- кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Мағлұмдама деген салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктері, шегерімдерін көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен мынадай салықтарды кейінгі жылдың 31-наурызына деін кешіктірмеу керек: корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын төлеушілер( арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда).

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.

Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдістері.

Кассалық әдісі – табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынатын ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Ал есептеу әдісі- табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызмет органдарын кіріктіреді.


6.3 Салықтар алуды ұйымдастыру. Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне болады. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Салық элементері болып мыналар жатады:



  • Салық субъектісі немесе салық төлеуші – ол салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға салық салынушыға аударылуы мүмкін.

  • Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

  • Салық обьектісі – мүлік пен іс-әрекеттер салық обьектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі

  • Салық базасы- салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

  • Салық өлшемі- есеп-қисап үшін белгіленген салық обьектісін өлшеу бірлігі ( теңге, табыс, айналым., т.б., жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары)

  • Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.

Салық салу мөлшерлемесіне қарай мынадай болып бөлінеді.

  1. тұрақты салық мөлшерлемесі- олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік соммада белгіленеді (мысалы: мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне) деген сияқты.

  2. үйлесімді салық мөлшерлемесі – олар салық обьектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді.

  3. прогресивті салық мөлшерлемесі – бұл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік соммасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін да төлейді. Прогресивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.

  4. регрессивті салық мөлшерлемесі – олар табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауртпалық түсіреді.

Салық кезеңі- жекеленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсіндіреді, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Салықпұл- субъектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату.

Жеңілдік кезеңдері – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.

Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері- билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.

Салық бақылау- салық қызмет органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.


6.4 Салықтың түрлеріне сипаттама. Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді.

  1. Каталог: ebook -> umm
    umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
    umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
    umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
    umm -> Шұжық және консерві өндірісі
    umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
    umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umm -> Ќазаќстан республикасы
    umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
    umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
    umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет