А. М. Көкебаева, Е. Ж. Оспанов, Қ. Мырзабекқызы, Г. Д. Алиева



жүктеу 3.32 Mb.
бет5/14
Дата04.09.2018
өлшемі3.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Салықтар


Корпарациялық табыс салығы.

Жеке табыс салығы

Қосылған құнға салынатын салық

Акциздер


Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

Әлеуметтік салық

Жер салығы.

Көлік құралдарына салынатын салық

Мүлікке салынатын салық

Қазақстан Республикасының жасалған келісім шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

  1. Алымдар


  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

  3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  6. Теңіз, өзен, кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  8. Дәрігерлік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  9. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы арқылы жүру алымы.

  10. Аукциондардан алынатын алым.

  11. Консулдық алым.

  12. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

  13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға бергені үшін алым.
  1. Төлемақылар


Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы

Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы

Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы
IV. Мемлекеттік баж (пошлина)

V. Кеден төлемдері


  1. Кеден бажы

  2. Кеден алымдары

  3. Алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы

  4. Алымдар.

Салықтан басқа Қазақстан Респуликасында Салық Кодексінде белгіленген және белгілі мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдаы – алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б) іс-әрекет етеді.

Алымдар,баждар және төлемдер деп-әдетте заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу, қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.


Корпарациялық табыс салығы- бюджет түсімдерінде едәуір орын алады (27,2%). Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ҚР-сы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадығы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар –шағын бизнестің субъектілері, шаруа кожалықтары, заңды тұлға ауыл шаруашылығындағы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.

6.1 сызба Корпорациялық табыс салығын есептеу және өндіріп алу





Жеке табыс салығы- Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001ж. Дейін жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0,9% алады.Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады. Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген.

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салынатын салық(ҚҚС) болып табылады. Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы: жарнамаға жұмсалынатын және басқа бірқатар шығындар кіріктіріледі.


6.2 сызба Есепке жатқызылған ҚҚС-ты өндіріп алу




Дайын-даушы кәсіп-орын

Сатып алу құны

Өзіндік құнға жатқы-зылады

Қосыл-ған құн

Өткізу құны

ҚҚС 5грх 16%

Сату құны 5грх 6гр

Бұрын төленген ҚҚС есепке алынады




1

2

3

4

5

6

7

8

9

I

-

-

100

100

16

116

-

16

II

116

100

200

300

48

348

16

32

III

348

300

150

450

72

522

48

24

Жиыны







450













72

Бұл салықтың ерекшелігі- оның салық салынатын обьектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17-елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада:



  • ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады

  • төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді

  • бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфлияция денгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.

ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрайды.

Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7% құрайды. Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.

Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Алкоголь өніміне акциз мөлшерлемелері жоғарыдағыға сәйкес не одан су араластырылмаған (жүз пайыздық) таза спирттің бөлу көлеміне қарай бекітеді. Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу обьектілері респулика аумағында акцизделінетін тауарларды өзкізу немес оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілген қызметтерді, акцизделінетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импорталатын акциз тауарларының көлемі немесе тауардың кедендік құны болып табылады.

Қазақстан Респуликасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады.Олар: үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлемдері және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын матералды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды кіргізеді.

үстеме пайдаға салынатын салық

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері

бонустар


роялти

өнімді бөлу бойынша ҚР-сының үлесі.

Бонустар- жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім шартта белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен ақша нысанында төленеді.

Роялти- пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төленетін төлем. Ақша немесе заттай нысанда төленеді.



Әлеуметтік салық- мемлекетте алынатын салықтын бірі. Әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізіледі. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15-16 пайызын құрайды.

Әлеуметтік салықты төлеушілер: ҚР-сының резидент-заңды тұлғалары; бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізінде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер; шетелдік заңды тұлғалардың филалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметтерін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке натариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.



Жер салығы- 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және орналастыру, жердің құнарлығын аттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтық әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады.

Мүлікке салынатын салық- тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығында немесе өзге де әдістермен алынатындығына қарамастан олардың табысы болып есептеледі.

Көлік құралдарына салынатын салық- меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері төлеушілер болып табылады.
¤зін-µзі тексеру с±раќтары

1. Салықтар, олардың экономикалық мәні және белгілері

2. Салықтар функциялары

3. Салық салу қағидаттары, мемлекеттің салық саясаты

4. Алымдар, баждар, төлемдер ұғымы

5. Қазақстан Республикасының Салық жүйесін ұйымдастыру.

6. Салық элементтері

7. Салық жеңілдіктері

8. Салық салу әдістері

9. Салық төлеу әдістері

10.Салық салу түрлеріне сипаттама.

Таќырып-7. Мемлекеттік бюджет.
7.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

және айырықша белгілері.

7.2 Мемлекеттік бюджеттіњ кірістері мен шыѓыстарыныњ ќ±рамы.

7.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылыѓы.

7.4 Бюджеттіњ ж‰йесі мен бюджетќ±рылысы.

7.5 Бюджет процестерінің кезеңдері.

7.6 Жергілікті қаржылардың мәні мен ролі.
А) Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары.

Б) Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысы.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ±дайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Бюджеттік қор— бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет кµрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанаѓаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бµлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жал­пы қаржы сияқты бµлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мєні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюд­жет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бµлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде кµрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталыќтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспары. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық, экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тшмділігін арттырудың мањызды қ±ралы болып табылады.

Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
7.1 сызба Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі


7.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сєйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1)кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансферттер түсімдері;

2)шығындар;

3)операциялық сальдо;

4)таза бюджеттік кредит беру:

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді µтеу;

5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6) бюджет тапшылығы (дефициті);

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.

Бюджеттің шығындары —қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:



  1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

  2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

Бюджет тапшылығы (дефициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру—қарыз алу және бюд­жет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылы­ғын жабуды қамтамасыз ету.

Бюджеттің кірістері бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке тµленетін басқа да міндетті тµлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сату­дан түсетін кірістердің кµлемі.

Бюджеттің шығыстары бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
7.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-тендік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы соммасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.

Тапшылықтың ұйғарымды денгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфлияцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс денгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері болады.



  1. шығыстар тұрақты, кірістер өседі.

  2. Кірістер тұрақты, шығыстар азаяды.

  3. Кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдам төмендейді)

Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

1. Ақша белгілерін шығару.

2. Мемлекеттік қарыздар.

3. Шетелдік қарыздар.

4. Ұлттық байлықты пайдалану.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет.

2.Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.

3.Қаржының функциялық тұжырымдамасына
7.4 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жүмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.



Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауды топтастыру мынадай деңгейлерден тұрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадияда — бюджеттің жобасын әзірлеу кезінде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырыла­ды.

Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

Бюджетаралық реттеу - теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс кµздері жатады.

Бюджеттік алынымдар заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген соммалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферттері.

Субвенциялар бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген соммалар шегінде алатын ресми трансферттері.

Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.

Бекітіліп берілген кірістер бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.

Жергілікті бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% құрайды.


Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет