А. М. Көкебаева, Е. Ж. Оспанов, Қ. Мырзабекқызы, Г. Д. Алиева


Бюджеттік процесстерінің кезеңдері



жүктеу 3.32 Mb.
бет6/14
Дата04.09.2018
өлшемі3.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

7.5 Бюджеттік процесстерінің кезеңдері.

Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет.

Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.

Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.

Бюджет процесінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы зандардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік өнім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет ту­ралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.



Талқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Пар­ламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет ту­ралы заң қосымшаларымен, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық ecen бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.Үкіметтің жылдық есебін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін кезегімен, алдымен — Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі



7.6 Жергілікті қаржылардың мәні мен ролі. Жергілікті қаржы ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары µздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.

Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар µзінің кµрінісін тапқан.

А) Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: көсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.



Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру; бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық си­туация: қаржы-бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.

"Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:

1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері (кестені қараңыз);

2) салықтық емес түсімдер (комуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекеме­лер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер);


  1. жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жергілікті бюд-
    жеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
    берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер);

  2. жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Дамудың кәзіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың салықтық түсімдері (96,7%) құрап отыр. Түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады..

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды — білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру (51,1%), экономикалық салалардан - көлікке және байланысқа жұмсалған шығыстар басым болып отыр. Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.

Ресми трансферттерде — жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.



Б) Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысы. Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ (АЭА) дегеніміз аймақ аумағының әлеуметтік-экономикалык дамуын тездету үшін шетелдік капиталды, үдемелі (прогрессивті) шетелдік техноло­гия мен басқару тәжірибесін тарту мақсатында құрылған белгілі бір әкімшілік шекаралары және айрықша құқықтық режимі бар арнайы түрде бөлінген аумақ.

АЭА-ны құру аймақ экономикасын сауықтыруға, маңызды микроэкономикалық міндеттерді шешуге - өндірісті тұрақтандыруға және оны ұлғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруға бағытталған. Қосымша шетелдік капитал мен озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейтуге, жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға, маркетинг және менеджмент саласындағы тәжірибені сатып алуға мүмкіндік туады.

АЭА аумағында отандық және шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржы және өзге қызметінің кез келген түріне (заңнамамен тиым салынған түрлерінен басқасы) рұқсат етіледі. Отандық заңи тұлғалар (энергетикалық және көлік жүйелеріне жататындарынан басқасы) аймақта дербес және ведомстволық бағыныштығына қарамастан тәуелсіз ұйымдар болып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи тұлғалар аймақ аумағында өздерінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын құра алады.

Арнаулы экономикалық аймақ орталық атқарушы биліктің жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстарына негізделген шешімдері бойынша құрылады. Басқару үшін билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдарының, АЭА аймағында тіркелген отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінен Әкімшілік кеңес құрылады, кеңесті төраға басқарады, оны Президент тағайындайды және қызметінен босатады. Жалпы аймақтьің Әкімшілік кеңесіне шетелдік капиталды тарту, ағымдағы және келешек кезеңге арналған аймақты дамытудың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөнінде кең өкілеттіктер берілген; ол аймақтағы қаржы, кре­дит, кеден саясатын анықтайды; тауарларды, қызметтер көрсетуді, табиғи ресурстардың экспорты мен импортын лицензиялау мен үлестеуді жүзеге асырады; салықтар мен бас­ка төлемдерді өндіріп алады, бағалы қағаздар шығарады; жерді, жер қойнауын, басқа табиғи ресурстарды, негізгі капиталдарды жалға береді; қаржы рыногы мен оның инфрақұрылымын ұйымдастырады. Аймақтың отандық және шетелдік заңи тұлғаларының аймақтың аумағынан тыс әріптестерімен кредит-есеп айырысу операциялары корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы ұлттық валютада жүзеге асырылады.

АЭА Әкімшілік кеңесі қаржы қорын, ал аймақ шекараларының әкімшілік-аумақтық бөліністер шекарасымен тоқайласқан жағдайда бюджетті қалыптастырады, ол сонымен бірге әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджеті болып табылады. Қор (бюджет) аймақ аумағында тіркелген заңи және жеке тұлғалардан алынатын салықтар, алымдар және басқа міндетті телемдер есебінен құрылады. Арнаулы қорларға түсетін түсімдер АЭА қаржы қорын (бюджетін) қалыптастырудың көзі бола алмайды.

Қаржы қорының (бюджеттің) жоғарғы бюджетпен өзара қарым-қатынасы АЭА-ның қаржы қорына (бюджетіне) түсетін кірістердің жалпы сомасынан аударылатын аударымдардың ұзақ мерзімді тұрлаулы нормативі арқылы анықталады.

Егер АЭА-ның құқықтық режимі өзгерсе немесе ол мезгілінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқан шаруашылық жүргізуші субьектілерге мұндай қызметті инвестициялар салынған мезетке сай келетін жағдайда жалғастыра беру құқығы кепілдендіріледі. Мұндай құқық АЭА құрылған мерзімінің аяғына дейін іс-әрекет етеді, бірақ ол 10 жылдан аспауы тиіс, мерзім айтылған құқықтық режимді жою немесе өзгерту күнінен есептеледі.
¤зін-µзі тексеру с±раќтары


  1. Мемлекеттік бюджеттің мәні, рөлі, сипаттамасы

  2. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде

  3. Мемлекеттік бюджеттің қаржылық қор ретіндегі ерекшеліктері

  4. Мемлекеттік бюджеттің құрылуы және пайдалануы, оның көлемін анықтаушы факторлар

  5. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

  6. Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің көздері

  7. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарына сипаттама, олардың сыныптамасы

  8. Бюджеттік түсімдер мен шығыстардың арақатынасына байланысты мүмкін жағдайларға сипаттама, олардың факторлары

  9. Бюджет тапшылығының себептері

  10. Қазақстанның бюджеттік жүйесі туралы түсінік, оның қағидаттары

  11. Республикалық және жергілікті бюджеттер түсінігі

  12. Бюджеттік процесс түсінігі

  13. Жергілікті бюджеттердің кірістері, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық инфрақұрылымды дамытудағы олардың ролі.


Тақырып-8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

8.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні

8.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорларды

қолданудың ерекшеліктері.

8.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
8.1 Бюджеттен тыс ќорлардыњ мєні. Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюд­жет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бµлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табыла­ды:

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік


және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар —экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар: жарғылық қызмет; артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау; коммерциялық қызмет.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:

а)арнаулы мақсатты салықтар;

ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;

б)бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

в)қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

г)ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.



Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

отандық көсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;

арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;

зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер кµрсетуге;

қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады. Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:

а) салық тµлеуден босату;

ә)кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды).

Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әр алуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы
жағдайы әсер етеді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жµн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді.


8.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:

1)кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);



  1. мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;

  2. санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;

  3. басқадай көздер.

Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:

1.Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).

2.Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.

3.Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.



Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері.

а) зейнетақылар мен жәрдемақылар тәлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдстыру;

ө) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.

Зейнетақы корының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:


  1. міндетті зейнетақы жарналары;

  2. меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар.

  3. жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;

4)жоғарғы органдардың қаражаттары;

5)ерікті зейнетақы жарналары және т.б.



Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:

1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;

2) балаға қарау жөніндегі жәрдем.ақыларды төлеу;

3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;



  1. зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар;

  2. қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.

Бюджеттен тыс қорлардың органдары:

басқару;

атқарушы органдар;

тексеріс комиссиясы;

қордың аймақтық бөлімшелері.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі үшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында "Мақсатты қаржылаңдыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.

Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін "Жаңа астана" қоры сақталынған. Бұл қор:


  1. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;

  2. Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағьпталатын және іс жүзінде мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;

  3. мемлекеттік бюджет қаражаттары;

  1. қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қаражаттары;

  2. шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсатты гранттары есебінен жасалынды.


8.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады.

Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.

Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар Қор қаражаттарының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналган. Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі- экономикалык жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттык банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың төртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп,


бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады, шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтампаздык болжауды негіздей отырып белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңи тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті тµлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.


Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет