А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет3/9
Дата17.03.2018
өлшемі1.33 Mb.
#21291
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тексеру сұрақтары:

  1. Геоэкология ғылымының зерттеу нысаны.

  2. Геоэкология терминін ғылымға енгізген ғалым.

  3. Ғаламдық геоэкологиялық проблемалар.

  4. Аймақтық геоэкологиялық проблемалар.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Г.Н Голубев Геоэкология. Москва, 2006 жыл. 3-5 бет.

  2. А.В Чигаркин Геоэкология иохрана природы Казахстана. Алматы, 2003 жыл 7-11 беттер.

2 дәріс

Тақырыбы: Экосфера мен қоғам арасындағы өзара байланыс.

Дәріс мазмұны:



  1. Экосфера мен қоғам арасындағы байланыс.

Мақсаты: Экосфера мен қоғам арасындағы байланысты зерттеу.

Тірек сөздер: Экосфера, геосфера.

1 Экосфера мен қоғам арасындағы байланыс.

Экосфера геоэкологияның зерттеу обьектісі. Геоэкология – бағыты ғылыми пән аралық. Экосфера мен геосфера жүйелерінің байланысы және қоғам арасындағы байланысты зерттейді. Қазіргі кезеңде геоэкология мен табиғатты пайдалану арасында тығыз байланыс бар. Табиғатты пайдалану – бұл ғылымның негізгі алға қойған мақсаты, қоғамның табиғат ресурстарын қолдануды іске асыру және геоэкологиялық қызмет көрсету болып табылады.

Геоэкология және табиғатты пайдалану бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің бір-бірінен айырмашылығы: Геоэколгия экосфераның жүйелерін зерттейді, ал табиғатты пайдалану – Экосфера мен оның ресурстарын тиімді пайдалануды жолға қояды.

Адамзаттың табиғаттағы қарқынды әректі соңғы 250 жыл ішінде артты. Экосфераның байлыған есепсіз пайдалану және сұраныстың жылдан-жылғға артуы. Жердің ресурстық қоры таусылып, адамзаттың өмір сүру деңгейін төмендітті. Осыдан ғаламдық экологиялық дағдарыс пайда болды. Бұл процес табиғи және қоғамдық жүйені түгел қамтуда. Яғни бұл процестерге:



  • Жердің ланшафтысының өзгеруі.

  • Ғаламдықбиогеохимиялық зат айналамның өзгеруі.

  • Геосфераның режимі мен ерекшеліктеріндегі өзгерістер.

  • Биологиялық тірі организмдердің түрінің адамзат әрекетінен ғаламдық азаюы және өзгерістерге ұшырауы.

Экосфераның ресурстық байлығы шектеулі. Бірақ адамның адамның экосфераға деген сұранысы арта түсуде. Экосфераға қоғамдық сұраныстың артуынан, осыдан келіп – ғаламдық эколгияның тоқырауына әкелуде.

Тексеру сұрақтары:

  1. Экосфераның негізгі қабаттары.

  2. Табиғатты тиімді пайдалану салаы қандай бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

  3. Адамзаттың қоршаған ортаға тигізетін әсері артуы қашаннан бастап қарқынды жүрді.

Қолданылған әдебиет:

1. Г.Н Голубев Геоэкология, Москва 2006 жыл. 28-30 беттер.

3 дәріс

Тақырыбы: Экосфераның табиғи факторлары.


  1. Геосфера және экосфера.

  2. Геоэкологиялық салдар.

  3. Экосфераның энергетикалық және заттық ерекшеліктері.

Мақсаты: Геосфера жүйелері туралы түсінік беру.

Тірек сөздер: Биосфера, ярус, геоэкологиялық салдар.

1.Геосфера және экосфера.

Биосфера – экология ғылымының зерттеу облысы болып саналатын жер шарындағы ең ірі экологиялық жүйе.

Экосистема – жер шарындағызат және энергия ағымдары үздіксіз келіп жататын тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи кешендер. Экосфера - өте күрделі табиғи жүйе. Жер планетасы ярустық құрылыстан тұрады, қабаттардың орналасуына қарай тығыздығы да ерекшеленеді. Экосфера: атмосфера, биосфера, литосфера, гидросфера қабаттарынан тұрады.

Экосфера –бүтін, іштей бір-біріне байланысты, сыртқы және ішкі әрекеттерге тұрақты. Экосфераның негізгі бейнесі

- Экосфера шар тәріздес.

- Экосфера үш жақты.



2.Геоэкологиялық салдар.

Күн системасындағы жердің орналасуы, олардың формасы, көлемі, қозғалу ерекшеліктер планетаның өзіндік ерекшеліктеріне жатады, геоэкологиялық тұрғыдан қарағандаөте маңызды іс болып табылады.



  • Жерпланетасы салыстыра қарағанда өте үлкен емес. Жер бетінің ауданы – 510 млн км кв, құрлықтың жалпы ауданы -149 млн км кв.

  • Жер өз осінен айнала отырып күн радиациясын жер бетіне біркелкі таратады. Жыл мезгілдері мен тәуліктің алмасып отыруына әсерін тигізеді.

  • Жер өз қозғалыстарын белгілі бір периодтарда өзгертіп отырады.

  • Жер ешқандай геометриялық фигураға ұқсамайды. Осы заңдылықтарға сүйене отырып мына тұжырымдарды жасауға болады.

1.Жердің шар тәріздес болуы, экватоордан полюске дейінгі күннің түсу радиациясының әркелкілігімен ерекшкленеді. Бұл заңдылық – жер бетінде табиғи зоналар мен ланшафттарының әртүрлі болуына әсерін тигізеді.

2. Жердің шар тәріздес болуынабайланысты, тропыыикалықзона –қоңыржай және полярлық белдеулермен салыстырғанда көлемі үлкен болады.



3. Экосфераның энергетикаллық және заттық ерекшеліктері.

Кез келген табиғи жүйе өзіндік ерекшеліктері мен заттық жағдайына қарай бөлінеді. Олар – жылу балансы мен ғаламдық айналым.

Экосфераның жылу балансы. Күн экосфераның дамуындағы негізгі энергия көзі болып саналады.

Судың булануы – негізгі ғаламдық гидрологиялық айналым болып табылады.

Заттың ғаламдық айналымы. Биосферада заттардың ғаламдық айналымы аз байқалатын құбылыс. Жылына атмосфера арқылы космостан жер бетіне 40 млн тонна метеориттік зат түседі. Ал экосфераның ішкі бөлігіндегі зат айналым өте үлкен мөлшермен болады. Мысалы: Дүние жүзінде өзендер жылына ұлы мұхиттарға 20 млрд тонна зат тасымалдайды.

Тексеру сұрақтары:


  1. Жер шарындағы зат және энергия алмасу ағындары үздіксіз келіп жатаын тірі организмдер жиынтығынан тұратын кешендер.

  2. Экосфераның жер бетіндегі ауданы.

  3. Экосфера дамуындағы негізгі энергия көзі.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва, 2006 жыл. 40-46 беттер.

4 дәріс



Тақырыбы: Экосераның табиғи факторлары.

Дәріс мазмұны :

1.Экосфераның дамуындағы биотаның ролі.

2. Дүние жүзі ландшафттарының географиялық зоналығы және олардың дамуы.



Мақсаты: Дүние жүзіндегі табиғи ланшафттардың таралуындағы негізгі заңдылықтарман танысу.

Тірек сөздер: Биота, ландшафт.

1. Экосфераның дамындағы биотаның ролі.

Тірі организмдер- экосфераның қалыптасуына, түзілуіне шешуші роль атқарады.Осы тірі организмдер Жерді басқа организмдерден ерекшелендіріп тұр. Биота экосфераның тұрақтылығын сақтайды. Экосферадағы маңызды процес – фотосинтез процесі. Осы процесс күн энергиясын қолдана отырып, атмосферадағы көмір қышқыл газын оттегіге айналдырып отырады. Фотосинтез процесіне күннің жер бетіне келетін радиациясының 1 пайызы ғана жеткілікті. Биотаның қарқынды даму барысында жер бетінде оттегі бар. Осы отттегі қабатын және тірі организмдерді өлтіріп жіберуден сақтайтын азон қабаты да түзілген.



2. Дүние жүзі ланшафтыларының географиялық зоналығы және оның дамуы.

Жердің өз осінен айналу барысында, күннің радиациясы экваторға көп түсіп, полюстерге азмөлшерде түседі. Сондықтан күннің салыстырмалы радиациялық мөлшері жыл бойына өзгеріп отырады. Нәтижесінде климаттық белдеулер түзіледі. Олар табиғи әркелкілігне байланысты географиялық белдеулер деп аталынады.

Осы белдеулерге байланысты:


  • Әр белдеуде ауа массаларының әркелкі таралады.

  • Атмосфера айналымының белдеу, зоналар бойынша ролі.

  • Жылу балансы.

  • Су балансы мен режимі.

  • Геоиорфологиялық процестер.

  • Геохимиялық процестер.

  • Топырақтың түзілуі мен түрлері.

  • Биогеографиялық әртүрлілік.

  • Ланшафттың құрылымдық ерекшеліктері.

Георафиялық белдеу – жер бетіндегі ең үлкен таксаномиялық бірлік.Белдеулер жылу мен ылғалдың түсу мөлшеріне қарай табиғи зоналарға бөлінеді. Бұл процестер мұхиттан алыстаған сайын континенттігімен ерекшеленеді. Әрбір зона – топырағы, өсімдігі, гидрологиясы, геохимиясы, биогеографиясыжәне көптеген ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.

Тексеру сұрақтары:

  1. Жер бетіндегі ең үлкен геологиялық айналым.

  2. Жердің геологиялық құрылымы, рельефі, климаты, жануарлар әлемі, өсімдігі, топырағын тұтас зерттейтін ғылым саласы.

  3. Табиғи белдеулерқандай жағдайларға байланысты бөлінеді.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Геоэкология, Москва, 2006 жыл. 50-62 беттер.

5 дәріс



Тақырыбы: Экосфераның әлеуметтік-экономикалық факторлары.

  1. Экосфера жағдайының негізгі детерминенттері.

  2. Геоэкологиялық жағдайға әлем халқының әсері.

Мақсаты: Экосфераның негізгі әлеуметтік-экономикалық факторларына сипаттама беру.

Тірек сөздер: миграция, демография, урбанизация,

1.Экосфера жағдайының негізгі детерминенттері.

Экосфераға әлеуметтік – экономикалық процестердің үш негігі факторы әсерін тигізеді. Яғни негізгі детерминенттері:



  1. Халықтың өсуі.

  2. Тұтыну деңгейінің жоғарлауы.

  3. Техникалық прогресс.( техниканың қарқынды дамуы)

2. Геоэкологиялық жағдайға әлем халқының әсері.

Әлем халқының геоэкологиялық факторы. Халық санының өсуіне байланысты – тамақ, киім, тұрғын үй, медициналық көмек, оқу, білім басқа да қызметтерге деген сұраныстың артуы. Халық санының өсуі табиғаттың барлық байлықтарына деген сұранысын арттырып отыр. Әлем халқының абсалюттік деңгейде өсуі 20 ғасырда екі есеге артты. 1965 жылы 60 млн, 1985 жылы 80 млн, 1995 жылы 90 млн адамға жыл сайын көбейіп отырды. Экономикалық әлеуметтік прогресс халық санының өсуіне әсерін тигізді деп атап өтті, американ ғалымы Френка Ноуштайн Болжам баойынша әлем халқының өсуі 2005 жылға қарай төмендеп, тұрақтанады. Әлем халқының өсуін үш кезеңгң бөліп қарастыруға болады.

1-ші кезең Туу деңгейі де өлім деңгейі де жоғары. Халық саны баяу өседі.

2-ші кезең Жағдайдың жақсара бастауына байланысты, Яғни медициналық көмектің жақсаруы, өлім деңгейінің төмендеп, туу деңгейі жоғарлайды. Халық саны жылдам өседі.

3- ші кезең. Әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты. Балалар өлімі азайып, бала туу деңгейі де төмендейді. 1990 жылы басында Европаның 24 елінде демографиялық өсім тоқтады. Соның ішінде Россия, Жапония, Германия мемлекеттрі бар. Бұл елдерде халық санының өсуі жылына 0,3 пайыздан артпайды.

Көп елдер негізінен алғанда екінші стадияда даму үстінде. Халық санының өсуінде дамушы елдердің үлес салмағы 75 пайыз, ал бұл көрсеткіш 2030 жылы 85-87 папйызға жетеді.

Дамыған елдерде – бала саны, қарт адамдардың санымен сәйкес келеді. Ал дамушы елдерде жастардың үлес салмағы артық, бұл халық санының артуына әкеледі.

Халық санының артуы табиғи ресурстарға деген сұранысты арттырады. Орман, жайылым, топырақ, су көздері және т.б. Адамзат енді өзінің қоршаған ортасын ластай бастайды. Мұны демографиялық қақпан(тор) деп атайды. Сонымен қорыта келгенде:



  • Әлем халқы осылай өсе беретін болса, келесі ғасырдығ ортасында 10 немесе 12 млрд-қа жетеді.

  • Дамушы елдердің халқы әлем халқының 85-87 пайызын алады.

  • Табиғи ресурстарға деген сұраныс артып, геоэкологиялық тоқырау басталады.

  • Халықтың көшіп-қонуы геоэкологияға әсерін тигізеді.

  • Алдағы он жылдықтарды дамушы елдердің халық артады.

  • Әлемнің барлық елінде жастарға қарағанда, қарт адамдардың үлес салмағы артады.

Тексеру сұрақтары:

  1. Әлеуметтік-экономикалық факторларға әсер етуші факторлар.

  2. Голоцен кезеңіндегі халық санының артуы.

  3. Халық санының өсуіне негізгі әсер етуші фактор.

Қолданылған әдебиет:

1. Г.Н Голубев Геоэкология. Москва, 2006 жыл. 44-50 бет.

6дәріс

Тақырыбы: Экосфераның әлеуметтік-экономикалық факторлары.


  1. Табиғи ресурстарды пайдалану және геоэкологиялық қызмет.

  2. Техниканың қарқынды дамуындағы геоэкологияның ролі.

Мақсаты: Табиғи ресурстарды пайдаланудағы геоэкологияның маңызы.

Тірек сөздер: биологиялық түр, индустрия,



1.Табиғи ресурстарды пайдалану және геоэкологиялық қызмет

Эккосфераның табиғи ресурстарына деген сұраныс жыл өткен сайын арта түсуде. Адамзаттың қажеттілігінің өсуі, халықтың өсуінен де жылдам жүруде. Әлемдік қажеттіліктің өсуі бірінші кезекте өнеркәсіп орындарының көлемінің , санының өсуіне байланысты жүреді. Соңғы 250 жыл ішінде өнеркәсіп орындары 85 есеге өсті.

Табиғи ресурстар: қайта қалпына келмейтін (пайдалы қазбалар), қайта қалпына келетін (негізінен биологиялық түрлер), және таусылмайтын (күннің энергиясы, ауа, жылу, жер қыртысындағы жылу, жауын-шашаын, жел және т.б жатады)

Қазіргі заманда өндіріс орындары және энергия көзін алу негізінен алғанда қайта қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану барысында іске асады. Оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады. 1-ші топқа жанғыш заттар: мұнай, газ, көмір, шымтезек және т.б. 2-ші топқа жататындар: темір, алюминий, мыс, және т.б. 3-ші топқа жататындар метал емес шикізаттар: күкірт қоспасы, фосфор, ас тұзы, және т.б. Индустрияның қарқынды дамуы пайдалы қазбаларды көп қажет ете бастады. Болат өндіру 70 есе, мұнай 100 есе, алюминий өндіру 1700 есеге артты. Табиғи ресурстарды көптеп пайдалану, пайдалы қазбалар кенінің таусылуына әкеліп соқтыруда. Мысалы: қорғасын, қалайы, ртут, мұнай қорлары шамамен 40 жылға жетеді. Көмір, алюминий қоры 100 жылға жетеді деген болжам бар.

Табиғи ресурстарды тиімсіз, ысыраппен көп қолдану болашақта елдер арасында үлкен саяси жанжалға әкелуі мүмкін.

2. Техниканың қарқынды дамуындағы геоэкологияның ролі.

Техникалық прогресс дегеніміз- ресурстарды өңдеу және жердегі қажеттілікке пайдалану, өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығында, құрылыста, трансполртта техниканы кешенді түрде пайдалану. Адамзат жылына техниканың көмегімен жылына 100 гигатонна шикізат өндіреді. Техниканың қарқынды дамуы – экосфераның дағдарысқа ұшырататын негізгі факторлардың бірі.

Техникалық прогрестің

Техникалық прогрестің қарқынды жүруі – табиғатта бұрын қолданылмаған химиялық заттарды күнделікті өмірде, өндірісте көптеп қолданудан болып отыр. Техниканың қарқынды дамуына – радиоактивті элементтерді қолдану, АЭС-ң салынуы. Қоршаған ортаға орасан зор шығын келтіреді.

Техникалық прогрестің қарқынды дамуынан зиянмен қатар, келетін пайда да жеткілікті. Мысалы: суды, энергияны, шикізатты басқа да материалдарды үнемдеуде маңызы ерекше.

Экосфераға тікелей әсерін тигізетін негізгі осы үш фактор: халық санының өсуі, тұтыну дәрежесінің артуы, техниканың қарқынды дамуы. Осы үш фактордың соңғысы тиімді. Яғни техниканың көмегімен табиғаттың қазіргі жағдайын анықтауғамүмкіндік бар және басқару да жеңіл.



Тексеру сұрақтары:

  1. Халық санының күрт өсуіне байланысты, табиғи ресурстарға деген сұраныстың артуын қандай процестер деп аталынады.

  2. Жанғыш пайдалы қазбалар түрлері.

  3. 2030 жылы әлем халқының саны қаншаға жетеді.

Қолданылған әдебиет:

1. Г.Н Голубев Геоэкология, Москва, 2006 жыл 50-58 беттер.

7 дәріс

Тақырыбы: Экосфераның әлеуметтік–экономикалық факторлары.


  1. Еркін саудадағы мемлекеттің сыртқы қарызы, геоэкологиялық аспектісі.

  2. Елдің байлығы мен капитал түрлері.

Мақсаты: Елдің сыртқы қарыздарының, халыққа, жеке ұлтқа тигізетін геоэкологиялық әсері.

Тірек сөздер: сыртқы қарыз, пайдалы қазбалар.



  1. Еркін саудадағы мемлекеттің сыртқы қарызы, геоэкологиялық аспектісі.

Күрделі геоэкологиялық проблемалардың бірі–елдің сыртқы қарызы болып саналады. 1991 жылғы мәлімет бойынша бүкіл дүние жүзі елдерінің 1,5 трлн доллар (АҚШ доллары) қарызы болды. Оның ішінде Бразилия -109 млрд, Мексика-98 млрд, Аргентина- 56 млрд доллар қарызы болды.

Негізінен қарыз алатын мемлекеттер дамушы елдер.Дамушы елдер жылына 130 млрд доллар қарыз алады немесе қарыздың 9 пайызы осы дамушы елдердің үлесіне тиеді.

Сыртқы қарызды өтеу, көбіне пайдалы қазбаларды шикізат күйінде өткізу барысында өтеледі. Бұл дамушы елдер үшін тиімсіз себебі, пайдалы қазбалар арзанға кетеді және қоршаған ортаға тигізетін зияндылығы да мол болады.


  1. Елдің байлығы мен капитал түрлері.

Табиғи ресурстар- әрбір елдің капиталының бір бөлігі болып саналады. Бүкіл әлемдік деңгейдегі банктердің зерттеуі бойынша капиталдың төрт түрі белгілі:

  1. Өнеркәсіп, өндіріс орындары.

  2. Табиғи байлық (елдің пайдалы қазбалары)

  3. Адам (тек қана еңбек күші емес, білім, денсаулық, тамақтану, саласында адамның қажеттілігің болуы)

  4. Қоғамдық (қоғамдық ұйымдар)

Кез-келген елдің тұрақты дамуы үшін, капиталдың көбеюі немесе тұрақтылығын сақтау үшін капиталдың жалпы аумағы емес, жан басына шаққандағы мағлұматын алу керек. Көп зерттеулерге қарағанда мемлекеттердің басым бөлігі адам капиталына бай. Ал шикізатты көп шығаратын аймақтар – табиғи ресурстарға бай. Зерттеу нәтижесінде байқалғандай табиғи ресурстарды сақтау үшін басқа да капиталдың түрлері болу керек. Соның ішінде адамдар ресурсы- денсаулық сақтау, білім алу және т.б.Деген мен табиғи ресурс және өндіріс орындары әрбір елдің негізгі байлығыболып саналады.

Тексеру сұрақтары:

  1. Әлем мемлекеттеінің сыртқы қарызының мөлшері қанша.

  2. Қарыз алатын негізінен алғанда қандай мемлекеттер.

  3. Сыртқы қарыздың мемлекетке тигізетін ықпалы.

Қолданылған әдебиет:

    1. Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 58-62 беттер.

8 Дәріс



Тақырыбы: Кен өндіру өнеркәсіп орындарындағы геоэкологиялық прблемалар

    1. Минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

    2. Табиғи ландшафтының өзгеруі

Тірек сөдер: минералды ресурстар, табиғи ландшафт, рекультивизация.

1.Минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

Дүние жүзінде жыл сайын құрылыстар және өнеркәсіп орындарында минералды кен орындарын игеру өсе түсуде. Жыл сайын жер қыртысынан 4 км куб тау жыныстары өндіріліп алынады. Пайдалы қазбаларды өндіру жыл сайын 5 пайызға өсіп отыр. Әсіресе , көмір, мұнай, газ, шымтезекке деген сұраныс артуда. 1965 жылды 2000 жылмен салыстырғанды тас көмірге деген сұраныс 2,5 есе, мұнайға деген сұраныс 3,5-4 есе артты. Пайдалы қазбалардың көп бөлігі қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарға жатады. Сондықтан қазіргі кезеңде қайта қалпына келмейтін табиғи қазбаларды қайта қалпына келетін табиғиғ ресурстарымен алмастырады.

Пайдалы қазбаларды өндіру табиғи ландшафтың өзгеруіне әкеліп соғуда. Кен орындардың басым бөлігі ашық түрде өндіріледі, осының нәрижесінде карьерлер ,трашеялар, қазаншұңқырлар пайда болады және жер бедері өзгереді. Осы кен орындары қазып алынған қазаншұңқырлаға су толтырып отырады, бұл жер асты суларының деңгейін көтерілуіне әкеледі. Сонымен қатар, кен орындарын игеру кезінде шаң бірнеше км көтеріледі.

Тексеру сұрақтары:


    1. Минералды шикізаттар дегеніміз не?

    2. Пайдалы қазбаларға деген сұраныс қанша пайызға артып отар?

    3. Табиғи ландшафтың өзгеруіндегі кен орындарының үлесі

9дәріс

Тақырыбы: Биосфера және жер бетінің ландшафт типтері.

1.Биосфераның негізгі ерекшеліктері.

2. Экосфераны биологиялық жолмен басқару.

3. Әлемнің қазіргі заманғы келбеті.



Мақсаты: Биосфераның жердегі маңызына тоқалу.

Тірек сөздер: күн системасы, фотосинтез.

1.Биосфераның негізгі ерекшеліктері.

Биосфера- жердің тіршілік қабаты дамыған, таралған –жер қабығы. Тіршілк қабаты жердың басқа да жүйелерінде : атмосфер, литосфера, гидросфера қабаттарында да дамыған. Бұл жүйелердің көмегінсіз тіршілік әлемінің дамуы мүмкін емес. Жердегі тіршілік әлемі, Күн системасындағы басқа планеталардан ерекшелендіріп тұрады. Яғни биота, тірі организмдердің жиынтығы экосфераны қалыптастырады. Атмосферада оттегінің болуы, судың ғаламдық айналымы, көмір қышқыл газының өзіндік ролі, осы процестердің барлығы биотаның қарқынды әрекетіне байланысты, яғни бұл жерге ғана тән құбылыс. Оргаикалық заттарды ң пайда болуына негізгі әсер етуші фактор – фотосинтез процесі болып саналады.



2. Экосфераны биологиялық жолмен басқару.

Бірінші биологиялық өнімнің көлемі – бұл органикалық заттардың барлық саны, белгілі бір ауданда, белгілі бір уақыт аралығында фотосинтез процесі барысында түзіледі.

Бірінші биологиялық өнімділік - өсімдіктердің тыныс алуы барысында, органикалық заттардың синтезделуі барысында шығындалады. Жылына құрлықта 130 млрд тонна органикалық зат түзіледі. Әлемдік мұхит 90 млрд тонна органикалық зат құрайды. Дүние жүзі бойынша жалпы бірінші биологиялық өнім 220 млрд тонна органикалық зат құрайды.

Құрлықтың біраз бөлігі фитомассалардан тұрады, ал орманның 87 пайызы фитомассадан тұрады.Тірі организмдердің басым бөлігі құрлықтарда тіршілік етеді. Мұхиттарда құрлықпен салыстырғанда бірінші биологиялық өнімділік 2 есе кем болады. Фотосинтез процесі –жердегі өмір сүру негізі, биологиялық өнім қалпына келетін ресурс. Осы 220 млрд тонна органикалық зат- жылына қалпына келетін негізгі ресурс болып саналады.. Ауыл шаруашылығын, орман ашруашылығын, балық шаруашылығын басқа да халық шаруашылығын бөлімдерін табиғи ресурстармен қамтамасыз ететін қалпына келетін ресурстар.

Сонымен құрлықтағы адамның қарқынды әрекетінен биомассаларды қолдану және ысырап ету жылына 58 млрд тонна немесе бірінші биологиялық өнімділіктің 40 пайызын алады.

3. Әлемнің қазіргі заманғы ландшафттының келбеті.

Кез-келген жер бетінің учаскелерінің биологиялық өнімділігі ылғал мен жылуға байланысты. Күн энергиясының түсуі мол болған сайын бірінші биологиялық өнімнің синтезделуі жылдам жүреді. Бірақ бұл процесс жеткілікті мөлшердеылғал түскенде немесе ылғалдың түсуі мен булану мөлшері сәйкес балғанда жақсы жүреді. Егер ылғал аз түсіп, булану жоғары болса биологиялық өнімділікте ылғалдың жетіспеушілігі байқалады. Ал ылғал мол түсіп, булану төмен болса, бұл да өсімдік әлемінің өсуіне әсерін тигізеді.Ылғал мен жылудың түсуі бірінші биологиялық өнімділікті ұлғайтып қана қоймайды және өсімдік әлемінің түрлік құрамының көбеюіне де ықпалын тигізеді.

Адамзаттың қарқынды әрекеті –ланшфттың алғашқы өнімділігінің бейнесін өзгерткен. Жердің құнарлы басым бөлігі дала, орман, саванналар жыртылған. Орман қорының басым бөлігі қырқылып, екінші типтегі орман алқаптары егілген. Жер бетінің 20-30 пайызы адамзат әрекетініен өзгеріске ұшыраған. Бұлтерриторияларда ауыл шаруашылығы дамыған, қалалар, өндіріс орындары салынған. Осының нәтижесінде жер бетінің бірнеше ландшафт типі өзгерген. Орыс ғалымдарының зерттеуі бойынша жер бетінде 96 зоналық ландшафт түрі бар, оның 40 түрі жойылған.

Тексеру сұрақатры:


  1. Органикалық заттардың пайдпболуына негізгі әсер етуші фактор.

  2. Жердің тіршілік әлемі дамыған қабаты.

  3. Жылына құрлықта қанша тонна органикалық зат құралады.

  4. Орман қорының түзетін фитомассаладың мөлшені қанша.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл, 225-235 беттер.

10 дәріс



Тақырыбы: Биосфера және жер бетінің ландшафты.

  1. Орман проблемасы.

  2. Шөлдену проблемасы.

  3. Жердегі биологиялық әртүрлілікті сақтау проблемалары.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет