А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Мақсаты: Жердегі биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы орманның ролі, шөлдену проблемасымен күресу. Тірек сөздер



жүктеу 1.33 Mb.
бет4/9
Дата17.03.2018
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақсаты: Жердегі биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы орманның ролі, шөлдену проблемасымен күресу.

Тірек сөздер: орман, шөлдену, дегредация.

1.Орман проблемасы.

Жердегі тұрақтылықты сақтауда орман қорының маңызы ерекше. Дүние жүзінде фитомассалардың 85 пайызы орман қорына тиеді.Ғаламдық су және ғаламдық биогеохимиялықайналымдардың жүруінде орман қорының үлес салмағы ерекше. Дүние жүзілік ормандар жер беті ауа райының және су режимін реттеуші көз болып саналады. Экваторлық ормандар биологялық әртүрліліктің көзі болып отыр, осы жерде 50 пайыздан астам өсімдік және жануарлар әлемі сақталған. 1995 жылғы ғалымдардың

жылғы ғалымдардың зерттеуі бойынша мұздықтардан босаған жерлердің 26,2 пайызы орманмен жамылған. Немесе 35 млн км кв жер орман қоры жамылған. Адамзат өзінің қарқынды әрекетімен 10 млн км кв орман қорын жойып жіберді. Орман қорының жойылуының негізгі себептері әлем халқының өсуіне байланысты егістік және жайылымдық жерлердің көлемінің ұлғаюыболып отыр. Жалпы алғанда орман қорының жойылуының негізгі себептері:


  • Халық шаруашылығында жаңа жерлерді игеру барысында орман алқаптарын кесу.

  • Адам санының өсуіне байланысты шаруашылыққа қажетті жерлердің көбеюі.

  • Ағаш өнімдеріне, қымбат ағаштарды көптеп пайдалану.

  • Көптеген елдерді орман ағаштарын отын ретінде қолдану басым.

2. Шөлдену проблемасы.

1994 жылғы шөлмен процесімен күресетін ұйым, Халықаралық конвенция ның берген анықтамасы бойынша. Шөлдену дегеніміз: Адамзат әрекетінен және климаттық айналымға байланысты құрғақ аудандарда жердің деградацияға ұшырауы.

Жердің деградацияға ұшырауы немесе толықтай құнарсыздануы – суарылмайтын немесы суарылатын жерлерде биологиялық немесе эконмиалық өнімділігін жоғалтуы. Немесе халық шаруашылығында малға жайылым, егістік егу барысында жел және су эрозиясына ұшырауынан топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерінің төмендеуі немесе жойылуы.

Шөлдену процесі жүріп өткен ауданның топырақ қабатының өнім беруі төмен. Дүние жүзінде табиғи жолмен таралған, шөл алып жатқан жерлер 48 млн км кв

(мұздықтарды қосқанда) Ал адам әрекетінен пайда болған шөлденген жерлер 9 млн км кв жерді алып жатыр. Сонымен барлық шөл алып жатқан жерлер 57 млн км кв жерді алып жатыр. Шөлдену процесі әлі де жүреді, адам ерекетінен пайда болған жерлер 25 млн км кв жетеді деген болжам бар. Шөлдену процесінің негізгі белгілері: өсімдік жамылғысының азаюы, топырақ қабатының жоғарғы бөлігіндешағылысу әрекетінің күшеюі, көп жылдық өсімдік әлемінің жойылуы, ағаштар мен бұталы өсімдіктердің жойылувы, топырақ эрозиясы мен деградациясы, құмдардың көшуі және тұздану дәрежесінің жоғарлауы.

Жердің биологиялық әртүрлігін сақтау проблемалары.

Биологиялық әртүрлілік жерге ғана тән қасиет. Биологиялық әртүрлілік өзінің ерекщеліктеріне қарай үш иерархиялық категорияға бөлінеді.



  1. Түрлер арасындағы әртүрлілік.

  2. Гендер арасындағы әртүрлілік.

  3. Экосистема арасындағы әртүрлілік.

1995 жылғы ЮНЕП зерттеуі бойынша жер бетіндегі 13-14 млн-ға жетеді. Оның 1,75 млн толық зерттелген. ( 13пайызы зерттелген) Биологиялық әртүрліліктің ең жоғарғы түрі – экосистема немесе ланшафттық түр.

Соңғы 500 млн жыл ішінде жер бетіндегі биологиялық түр 5 рет жоғалып, қайта пайда болды. Ең соңғысы 65 млн жыл бұрын өтті. Биологиялық түрдің қалпына келуі үшін 10 млн жыл қажет. Қазіргі уақытта адамзаттың қарқынды әрекетінен биологиялық түрлердің жойылуының тағы бір кезеңі тұр.Биологиялық түрді ғаламдық тұрғыда бағалаубойынша алдағы уақытта 30000 түр жойылу қаупінде тұр. Соңғы 400 жыл ішінде 484 жануарлар әлемі, 654 өсімдік әлемі жойылған. Биологиялық әртүрліліктің жылдам төмендеуі мына себептерге байланысты:

- Адам санының артуы, экономикалық даму барысында, жердің жүйелерінің экологиялық тұрғыда өзгеруі.

- Нарықтық экономика, биологиялық әртүрліліктің жоғалған бөлігін анықтау мүмкін болмай отыр.

- Адамдар миграциясының артуы, дүние жүзілік сауданың және туризмнің дамуы.

- Табиғатты ластау көздерінің артуы.



Тексеру сұрақтары:

  1. Биологиялық өнімділіктің таралуы қандай табиғипроцестерге байланысты.

  2. Адамзат жылына қанша тонна бірінші биологиялық өнімді пайдаланады.

  3. Жердегі тірі заттардың жалпы массасы.

  4. Жер бетінің қанш пайызы адам әрекетінен өзгеіске ұшыраған.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва, 2006 жыл. 235-247 беттер.

11 дәріс



Тақырыбы: Литосфера. Адамның шаруашылық әрекеті.

1. Литосфера және жердің құрылысы.

2. Заттардың үлкен айналымы және ондағы адамның ролі.

3. Қолайсыз экзогендік құбылыстарға адамның шаруашылық әрекеті.



Мақсаты: Литосферадағы экологиялық проблемалармен танысу.

Тірек сөздер: литосфера, қолайсфз құбылыс.



1. Литосфера және жердің құрылысы.

Литосфераның жоғарғы қабаты, экосфераның басқа қабаттарымен тығыз байланыста болып дамиды. Құрлықта биосфера топырақпен, өсімдік әлемімен, ал суық жерлерде қар мен мұздықтармен жамылған. Құмды алқаптарда қатты жел тұрғанда атмосфера қабатымен араласып жатады. Ал литосфераның қалған бөліктерінде бұл құбылыс байқалмайды. Топырақ қабатының қалыңдығы және түрлік ерекшеліктері орналасуы географиялық зоналарға байланысты. Нивальды және аридті зоналарда үгілу қыртысының қалыңдығы 10 метрге жетпейді. №ал экваторлық белдеуде үгілу қыртысы 60 метр тереңдікке дейін жетеді.



  1. Заттардың үлкен айналымы және адамзаттың қарқынды әрекеті.

Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфераның өзара байланысы ғаламдық зат айналым түрінде жүреді.Әртүрлі табиғи факторлар әсерінен жер қыртысының жоғарғы бөлігінде үгілу процесі ауырлық күші, судың, желдің, мұздықтардың және т.б агенттердің ықпалымен жүреді. Жер бетінің барлық жерінде үгілу, тасымалдау және шоғырлану процесі жүреді бұл процестерді экзогендік процестер деп атайды, Ал жер қертысының ішкі қойнауланында жүретін процестер эндогендік процестер деп аталады. Осы эндогендік және экзлгендік процестер нәтижесінде жер бетінің бедері қалыптасады.Запттардың үлкен айналымы жердің бедерін қалыптастырушы негізгі процесс болып саналады.

3. Қолайсыз экзогендік процестерге антропогендік әректтің әсері.

Адамзат халық шаруашылығын дамыту барысында қолайсыз құбылыстардың артуына әсерін тигізуде.

Топырақ қабатының опырылуы және төмен түсуі. Бұл адамзат әрекетінен болатын табиғи құбылыстардың бірі. Су, мұнай, және сұйық кен орындарын өндіріп алу барысында, сол кен орындарының үстінде орналасқан елді мекендердің ауырлық күшіне байланысты төмен түсуі. Мысалы: Мехико, Токио, Бангкок қалалары 8-10 метрге төмен шөккен.

Опырылып құлау және көшкін. Жарларға, тау беткейлеріне, құрылыс салу барысында болатын қолайсыз табиғи құбылыс.

Сел- негізінен алғанда таулы аудандарға тән құбылыс. Селдің болуына әсер ететін факторлар:

1.Тау беткейлерінің борпылдақ шөгінді жыныстардан тұруы.



  1. Жауын-шашынның түсуі, су көзінің болуы.

Тексеру сұрақтары:

  1. Литосфера қабатының адамзат өміріндегі маңызы.

  2. Литосфера қабаттарының әлем бойынша ластануының негізгі көздері.

  3. Табиғаттағы болатын қолайсыз құбылыстар.

  4. Топырақ қабатының төмен түсуі байқалатын қалалар.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 199-216 беттер.
№12 дәріс

Тақырыбы: Атмосфера. Атмосферадағы адамның әрекеті.

1. Жер атмосферасының және климатының негізгі ерекшеліктер.

2. Климаттың антропогендік өзгеруі. Парниктік эффект.



Мақсаты: Жер атмосферасының өзіндік ерекшеліктері және антропогендік өзгерістер.

Тірек сөздер: Атмосфера, парниктік эффект,

1. Жер атмосферасының және климатының негізгі ерекшеліктер

Атмосфера – жердің негізгі газ қабаты. Ол жермен бірге қозғалатын және жердің айналу қызметіне араласатын газ қабаты. Атмосфераның негізгі массасының жартысы 5 км төменгі бөлігіндеорналасқан. Атмосфера өзіндік ерекшеліктеріне қарай бірнеше қабаттан түрады: трапосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера, және магнитосфера. Төменгі трапосфера қабатынан жоғарлаған сайын , әрбір 100 сайын ауаның температурасы 0,6 градусқа төмендейді. Ауа-райы мен климаттың қалыптасуына негізгі әсер етуші фактор жылу айналымы мен ылғал айналымы.

2. Климаттың антропогендік өзгеруі. Парниктік эффект.

Атмосферадағы процестердің жүруінің негізгі энергия көзі күн радиациясы. Жер бетінің орташ температурасы 15 градус, егенр парниктік эффект болмас, жербетінің температурасы -18 градус болатын еді. Парниктік эффект де жер бетіне қажетті механизм болып салалады. Парникті эффект біренше парникті газдардан тұрады. Олар: көмір қышқыл газы, метан, азот оксиді, азон және адам әрекетінен пайда болған хлорфторбромкөміртегі газдарын да қосуға болады. Соңғы 200 жыл ішінде адамның қарқынды әрекеті атмосфера қабатында газ құрамының көбеюіне, яғни парниктік эффектінің жоғарлауына әкелді.

Атмосферада парниктік газдардың жиналуынан жер бетіне жақын орналасқан атмосфера қабатының және топырақ қабатының беткі бөлігінде температура

жоғарлады. Осының салдарынан ұлы мұздықтардың еруінен мұхит деңгейінің көтерілуі байқалады. Осыдан келіп температураның да жоғары көтерілгенін байқауға болады. 1995-2100 жылдар ауаның температурасы +2 градусқа көтеріледі деген болжам бар.



Тексеру сұрақтары:

  1. Атмосфера қабатының өзіндік ерекшеліктер.

  2. Атмосфера қабаттары қандай қабаттардан тұрады.

  3. Атмосфера қабаты қандай газдардан тұрады.

  4. Экваторлық белдеуде ауа қабатының ылғалдылық мөлшері қанша.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 95-111 беттер.

13 дәріс



Тақырыбы: Атмосфера және адамның қарқынды әрекеті.

1.Азон қабатының деградацияға ұшырауы.

2.Экосфераның асидификациясы және қышқылдық жауын-шашаындар.

3. Ауаның аймақтық және жергілікті жердегі ластануы.



Мақсаты: Азон қабатының деградацияға ұшырау себептері, қышқылық жауын шашындар.

Тірек сөздер: Азон, ассидификация.

1. Азон қабатының деградацияға ұшырауы.

Азон қабаты 15-30 км биіктікте тропосфера қабаты территориясында орналасады. Оның массасы өте аз, атмосферадағы қалыңдығы 3 мм ғана. Атмосфера қабатының жалпы қалыңдығы 8,3 км.

Азон қабатының қалыңдығы экваторлық белдеуде, полярлықбелдеумен салыстырғанда қалың болады. Азон қабатының қалыңдығы уақытқа, территорияға, күн радиациясы, атмосфера қабатының айналымы және антропогендік әрекеттерге байланысты. Қалыңдығы аз болса да, азон қабатының тіршілік әлемін қорғауда маңызы зор, тіршілік әлемін жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерді ұстап отырады. Қазіргі уақытта жанғыш пайдалы қазбаларды көпқолдану, жасыо желектерді, орманды аяусыз кесу азон қабатының дегредецияға ұшырауына әкелуде. Азон қабатының жұқаруы, Антарктида да байқалуда. Қазіргі уақытта азон қабатының орташа массасы 1960 жылдармен салыстырғанда 50-70 пайызға төмен.

Азон қабатының деградацияға ұшырауы, смогтың пайда болуы да өзінің әсерін тігізуде.



2.Экосфераның асидификациясы және қышқылдық жауын-шашындар.

Асидификация дегеніміз- экосфера компоненттерінің, антропогендік әсерден қышқылдық дәрежесінің өсуі. Қышқылдық ылғалдың түсуі ерте кезден байқалды. Англия, Манчестер қалаларында байқалды. Қышқылдану топырақ қабаты, барлық ланшафт кешендеріне әсерін тигізеді. Қышқылдық жауын-шашаын табиғи жолмен де адам әрекетімен де таралады. Табиғи жолмен – Вулкан атқылау кезінде, орманның өртенуі, топырақтығ деградацияға ұшырауы және т.б. Антропогендік қышқылды ылғалдың пайда болуы, жанғыш табиғи заттарды көптеп қолдану, минералды тыңайтқыштаррды қолдану барысында болып отыр. Осы аталған қышқылдыылғалдыңтүсуіне негізінен дамыған елдер көп үлес қосуда. Ол мемлекеттер: Солтүстік Америка және Батыс Европа елдері және Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Россия мемлекеттері болып отыр.



Тексеру сұрақтары:

  1. Жалпы атмосфера қабатының қалыңдығы қанша.

  2. Азон қабатының орналасу биіктігі, қандай сферада орналасқан.

  3. Азон қабатының деградацияға ұшырау себептер.

  4. Смог дегеніміз не, алғаш рет смог қашан байқалды.

  5. Қышқылды жауын-шашындар дың болу себептер.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 111-123 беттер.

14 дәріс



Тақырыбы: Гидросфера. Адамның қарқынды әрекеті.

1.Гидросфераның негізгі ерекшеліктері.

2. Құрлық сулары және адамның шаруашылық әрекеті.

Мақсаты: Гидросфера қабатының адам өміріндегі ролі және оның су көздерін қолданудағы шаруашылық әрекеті.

Тірек сөздер: Гидросфера, планета, құрлық сулары.

1.Гидросфераның негізгі ерекшеліктері.

Гидросфера – жердің су қабығы. Планетадағы барлық су жүйелерін: мұхит, өзен, көл, батпақ, мұздық, қар жамылғысы, жер асты сулары, сонымен қатар атмосферадағы ылғал, өсімдік және топырақ құрамындағы ылғал жатады. Гидросфера үш күйдк сұйық, газ, қатты күйде кездеседі. В.И вернадскийдің айтуы бойынша «Табиғатта судан күшті геологиялық процесті қарқынды жүргізетін процесс жоқ» деген болатын. Су жердің жалпы ауданының 71 пайызын алып жатыр. Яғни жердің 4 тен үш бөлігін су алып жатыр. Дүние жүзілік мұхит жер беті суының 96,4 пайызын алып жатыр. Сонымен қатар тұщы судың негізгі массасын мұздықтар алады. Мұздықтар жалпы жалпы жер беті суының 1,86 пайызын алып жатыр. Тұщы судың 70,3 пайызы осы мұздықтарға тиеселі. Жер асты суларының үлес салмағы 1,68 пайыз. Гидросферағы 2,64 пайыз ған тұщы су.



2. Құрлық сулары және адамның шаруашылық әрекеті.

Қоғамда су- экономиканың, қоғамның дамуында маңызды рол атқарады. Геоэкологиялық тұрғыда қараағнда су экосферада үш қызмет атқарады.

1.Ғаламдық зат айналымына қатысады.

2. Экосистеманың жағдайын реттеуші энергия көзі.

3. Ең көп қолданылатын табиғи ресурс.

Көптеген жағдайларда су негізгі ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуші көз болып саналады. Ғаламдық гидрологиялық режим – экосферадағы маңызды геологиялық айналым. Дүние жүзілік өзендер жылына 22 млрд тонна зат тасымалдайды. Су жылына 4000 км куб қолданылады. Бұл басқа табиғи ресурстармен салыстырғанда үш есе көп қолданылады. Сумен қамтамасыз етілу әрелде, географиялық орналасуына қарай әркелкі. Жылына жан басына шаққанда 500 м куб судан келетін мемлекеттер бар. Бұл өте төмен көрсеткіш. Суға деген сұраныс жыл өткен сайын арта түсуде, болжам бойынша 2025 жылы 1,4 млрд адам әлемнің45 елінде жылына жан басына шаққанда 1000 м куб судан келеді. Әлем халқының төрттен үш бөлігі шамамен 100 мемлекет су тапшылығын сезінеді.



Тексеру сұрақтары:

  1. Гидросфера қабатының негізгі ерекшеліктері.

  2. Жер бетінің қанша пайызын су алып жатыр.

  3. Су көздерінің геологиялық айналымдағы маңызы.

Дүние жүзілік өзендердің қарқынды әрекетінен жылына қанша тонна зат тасымалданады.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 128-133 беттер.

15 дәріс



Тақырыбы: Гидросфера. Адамның қарқынды әрекеті.

  1. Дүние жүзілік мұхит.

Мақсаты: Дүние жүзілік мұхиттардың табиғи ортадағы маңызы, экологиялық мәселелері.

Тірек сөздер: мұхит, фауна, флора.

Дүние жүзілік мұхит

Дүние жүзілік жер планетасының 71 пайызын алып жатыр. Яғни 361 млн км кв жердісу алып жатыр. Мұхит бетіне түсетін күн сәулесінің 10 пайызы ған жұтылып, қалған 90 пайызы шағылысып отырады. Мұхит суларының булануы, ғаламдық гидрологиялық айналымға қатысады. Дүние жүзілік мұхиттың гидросферадағы үлесі 94 пайыз. Ұлы мұхиттардың суы 3 мың жылда жаңарып отырады. Барлық дүние жүзінің мұхиттарының массаларының орташа температурасы 4 градус.

Ұлы мұхиттарда адамның шаруашылық әрекеті әртүрлі. Негізінен алғанда үлкен танкерлермен мұнай тасымалдау, басқа да көп көлемде жүк тасымалдау болып табылады. Әлемдік мұхит балық және биологиялық ресурстардың қоры.

Бірақ қазіргі кезде, осы жүк тасымалдау барысында ірі апаттардың болуы, осыдан келіп мұхиттар мен теңіздердің фаунасы мен флорасына орасан зор шығын келеді. Соныиен қатар мұхит пен құрлық шекараларында рекреациялық орындар ұйымдастыру барысында ластануы. Әлемдегі негізгі демалыс орындарының жартысы теңіз жағалауларында орналасқан. 2025 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады. Тек қана Жерорта теңізіне жылына 110 млн турист демалып кетеді. Демалушылар жағалау бойындағы табиғат әлемін ластауға, дегредацияға ұшырауына ықпалын тигізеді.Мұхитжәне теңіз жағалаулары мынадай ерекшеліктері бар, экосферадағы маңызы:



  • Әлем халқының 60 пайызыны өмір сүреді

  • Жағалау зоналары 18 пайызды алып жатыр.

  • Қалалардың 3 тен екі бөлігі осы жағалауларда орналасқан, 1,6 млрд халық тұрады.

  • Дүние жүзінде ауланатын балықтың 90 пайызын береді.

Тексеру сұрақтары:

  1. Дүние жүзілік мұхитардың планетағы үлесі қанша.

  2. Мұхиттардың негізгі ластану көздері.

  3. Туризмнің дамуындағы ұлы мұхиттар мен теңіздерге тигізетін әсері.

Қолданылған әдебиет: Г.Е Голубев, Москва, 2006 жыл 133- 170 беттер.
16 -17 дәріс

Тақырыбы: Топырақ және жерді пайдаланудағы геоэкологиялық проблемалар.

1.Топырақ қабатының негізгі ерекшеліктері.

2.Топырақ қабатының антропогендік жолмен дағдарысқа ұшырауы.

Мақсаты: Топырақты пайдаланудағы негізгі геоэкологиялық проблемалар.

Терек сөздер: педосфера, топырақ, биоэкология.

1. Топырақ қабатының негізгі ерекшеліктері.

Педосфера (грек тілінен аударғанда топырақ деген ұғымды білдіреді). Топырақ қабаты тек құрлықта ғана қалыптасады. Құрлықта оның ролі ерекше. Топырақ көп компонентті, тұтас табиғи жолмен түзіледі. Топырақ экосфераның барлық жүйелері атмосфера, гидросфера, биосфера қабаттарымен өзара байланыста болып дамиды. Литофера қабаты биосфера, гидросфера, атмофера қабаттарының өзара байланысынана пайда болады.

В.А Ковданың берген анықтамасы бойынша топырақ қабатының негізгі функциялары

- Биоэкологиялық (тірі организмдердің дамуына жағдай туғызатын қабат)

- Биоэнергетикалық (топырақ қабатының жылуы мен биомассалардың пайда болуы)

- Азот және ақ уыздың түзілуіне жағдай жасалынады.

- Негізінен химиялық элементтердің ғаламдық биогеохимиялық айналымының қарқынды жүреді.

- Үгілу процесі жүреді

- Гидрологиялық қызмет (геосфералардың өзара су байланысы осы қабатта жүреді)

- Метеорологиялық қызмет (атмосфераның режимі, құрамының қалыптасады)



Тексеру сұрақтары:

  1. Топырақ қабатының өзіндік ерекшеліктері.

  2. Топырақ қабатының табиғы қалпын бұзылуындағы негізгі факторлар.

  3. Топырақ қабатының негізгі атқаратын функциялары.

Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев Москва, 2006 жыл 190-196 беттер.

18дәріс



Тақырыбы: Табиғи техногендік жүйелердің геоэкологиялық аспектілері. (жаңа мағлұматтары)

    1. Табиғи техногенді жүйе.

    2. Урбанизацияның геоэкологиялық аспектілері.

Тірек сөздер: Аспекті, табиғи техногенді жүйелер, урбанизация.

    1. Табиғи техногенді жүйе.

Адамзаттың қарқынды әрекеті нәтижесінде, жердің дамуының бүкіл тарихында және соңғы 50-100 жыл ішінде, тек қана табиғи жолмен емес, сонымен қатар техногендік жүйеледің әсерінен де өзгеріске ұшырап, даму үстінде. Бұл даму жүйелерге: қала және селолық елді мекендер, ауылшаруашылық жүйелері, индустриалды салалар, өнеркәсіп орындары, көлік және көлік комуникациялары, энергетикалық жүйе, тау-кен өнеркәсібі мен рекреациялық жүйелер жатады.



  1. Урбанизацияның геоэкологиялық аспектілері.

Урбанизация дегеніміз – қала халқының селолық, ауылдық халық саны есебінен арттуы. Яғни қала халқының санының село халқының санымен салыстырғанда үлес салмағының артық балуы. Үлкен қалалар шоғырының пайда болуы.

Қазіргі кезде бірден-бір маңызды проблемалардың бірі қала халқының артуы немесе урбанизация процесі болып отыр. 1996 жылы әлем халқының 42 пайызы қалаларда тіршілік етті. Дамушы елдердің халқының есебінен, қала халқы жыл сайын 150 мың адамға өсіп отырады. Қала халқының өсуінің негізгі себептері: селолы жерлерден қалаларға халықтың қоныстануы немесе басқа елдерден де халықтың келуі, баланың туылу деңгейінің жоғарлауы.Туылу деңгейінен, өлім деңгейінің төмендеуі. 1975 жылы қала халқының саны әлем халқының үштен бір бөлігін қамтыды, ал 2025 жылы әлем халқының санының үштен екі бөлігі қала халқы болады деген болжам бар.



Тексеру сұрақтары:

      1. Табиғи техногедік жүйелердің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

      2. Урбанизация процесінің түсінігі.

      3. Урбанизация процесі қандай елдерге тән.

19дәріс

Тақырыбы: Табиғи-техноегендік жүйелердің геоэкологиялық аспектілері.

        1. Энергетиканың геоэкологиялық аспектісі.

        2. Өнеркәсіп орындарының геоэкологиялық аспектілері.

Тірек сөздер: АЭС, ЖЭС, СЭС, парникті газдар.

          1. Энергетиканың геоэкологиялық аспектісі.

Энергетика адамның қарқынды әрекетінің жемісі. Энергияны қолдану арқылы табиғи ресурстарды өңдеу, шығару, транспорт, ауыл шаруашылығы, жылу беру, білім, медицинаның дамуы қарқынды жүруде. Қазіргі кезде қоғам мен цивилизацияның дамуы энергетиканың дамуымен байланысты.

Энергия халықаралық экономикада маңыздытауар. Энергетиканың ғаламдық, стртегиялық мәселелері дүние жүзілік экологиялық проблемалармен байланысты. Кедейлік, азық-түліктің жетіспеушілігі, ауыз судың тапшылығы, денсаулық және тазалықтың жағдайы, қалаларда ауаның сапасы, климттың өзгеруі, экосистеманың дағдарысыф, ядролық қақтығыстың болуы және т.б.

2.Өнеркәсіп орындарының геоэкологиялық аспектілері.

Өнеркәсіп орындарының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол. Белгілі болғандай 100 пайыз өндірілген ресурстың 98 пайызы қалдыққа шығады да, қалған 2 пайызынан ғана өңделіп өнім алынады.Нәтижесінде осы өндірілген өнімнен әртүрлі металдар мен рудалар алынады.

Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны ластау деңгейі.


    1. Электроника. Дәл машина жасау, композитті материалдар, биотехнология.

    2. Машина жасау. Жеңіл өнеркәсіп.

    3. Шикізатты қайта өңдеу.

    4. Шикізатты қайта өңдеу және басқа өнім түрлерін шығару.

Тексеру сұрақтар:

1. Энергетиканың негізгі салалары.

2. АЭС-ң қоршаған ортаға тигізетін әсері.

3. ЖЭС-ң қоршаған ортаға тигізетін әсері.

4. СЭС-ң қоршаған ортаға тигізетін әсері.

5. Өнеркәсіп орындарының қоршаған ортаға әсері.

20дәріс

Тақырыбы: Табиғи техногендік жүйелердің геоэкологиялық аспектілері. (жаңа мағлұматтары)


    1. Көліктің геоэкологиялық аспектілері.

    2. Ауыл – шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері.

Тірек сөздер: көлік, антропогендік, белок, ғалам.

      1. Көліктің геоэкологиялық аспектілері.

Адамның күнделікті өмірінде және экономикада көлік қызметтері маңызды роль атқарады. Экономиканың дамуында және қоғамның дамуындағы маңызды компонент болып табылады. Көліктің барлық түрін қолдану жылдан-жылға арта түсуде. Кейбір көлік түрлері қолдану жылдан –жылға азая түсуде. Бірақ кейбір елдерде жануаларды қолдану және великті көлік ретінде қолдану әлі де қолданылуда. Әуе, поезд, құбыр, ауыр жүк машинасын қолдану, жеңіл көліті қолдану жылдан-жылға артатүсуде. Авто машинаның артуын халық санының артуымен байланыстырады.

Көлік, транспорт қоршаған ортаны ластаушы негізгі көз болып отыр. Қоршаған ортаның ластау жөнінен 50-60 пайызы осы көліктің үлесіне тиіп отыр.

1-ден Көлік түрлері қоршаған ортаны ауаны, суды, ластап, шу деңгейін жоғарлатады.

2-ден көлік құрылысы көптеген жерді қажет етеді. Оларға- авто, темір, құбыр, әуе, және осы көлік түрлеріне қажетті қоймалар, вокзалдар және т.б. Тарнспорттық құрылыстан техногендік ланшафт пайда болады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет