А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет7/9
Дата17.03.2018
өлшемі1.33 Mb.
#21291
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3

гектар. Соның 17 662 гектары немесе 19,5 пайызы орманды алқаптардың

үлесі тиеді. Олар – Терсек, Сыпсың және Наурызым реликтілі қарағай

орман алқаптары. Сонымен қатар, қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Жалпы қорық аймағында құстар 200 – ден астам, сүтқоректілердің 30, қос мекенділер мен жорғалаушылардың 10 – нан астам және омыртқасыздардың 700 – ге жуық түрі мекендейді. Ал, өзен – көлдерде балықтың 10 – ға жуық түрі тіршілік етеді.



Қорғалжын қорығы. Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған еді.

Қорғалжын қорығының аймағы 235661 гектарға тең. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы – батпақты резерваттар қатарына жатқызылған. Қорық аймағында құстардың 225 түрін, сүт қоректілердің 30 түрін, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың оншақты түрін кездестіруге болады.

Колония құрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек кездесетін аққу, бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар тіршілік етеді.

Марқакөл қорығы – 1976 жылы 1 тамызда ұйымдастырылған. Марқакөл мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр.

Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағы 71 369 гектар. Шалқып жатқан Марқа жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайың тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады.

Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «Қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық, (пескарь) ойнақ салады.

Өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінің ерекшелігімен қатар ол жергілікті ауа райын реттеп отырады.



Барсакелмес қорығы. Арал теңізінің солтүстік – батыс бөлігіндегі өзі аттасшөлейтті аралда орналасқан. Аралдың жалпы көлемі шамамен 200 – 250 км2 . қорық 1939 жылы ұйымдастырылған, ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен

қарақұйрықтықорғау болды. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Алғашқыда бұл қорық ақбөкенді қорғау үшін құрылған еді. Өйткені мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның бар болғаны 4 – 5 ешкісі ғана жіберілді. Олар оңай жерсініп, жылдан – жылға саны көбейе берді.

Барсакелмес қорығы аса бағалы хайуанаттар: құлан, ақбөкен, қарақұйрықты қорғап, олардың санын көбейтудегі мақсатын орындап шықты. Қанаттылардан қорықта – қарабауыр бұлдырық, итала қаз, қарақал, ителгі, қалақантұмсық жыланды ұшырастыруға болады.

Үстірт қорығы.Қорық 1984 жылы Қазақстандағы Маңғыстау аймағы Ералиев ауданында құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гектар. Орталығы қорықтың 200 шақырым жердегі Жаңа Өзен қаласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстіртерден тұрады. Суға тапшы келеді. Жер үсті сулары жоқ. Құрылуының негізгі мақсаты – щөл бөлімдеріндегі ерекше табиғи ландшафттарды, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі.

Қорықтың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа бейімделген қара сексеуілді ормандар, изен – жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, баялыш, эфемерлер өседі. Ал, тоқтау суларда, бұлақтар төңірегінде қамыс, қоға жайқалып тұрады. 1960 жылдары Үстірттегі қарақұйрықтың саны 100 мың басқа жетсе, ал 2000 ж күрт азайып , жүздеген бас қалған.Онын негізгі себептері:Олардын табиғи тіршілік ортасының бұзылуы,таралуы және броконьерлік жағдайлар.



Батыс Алтай қорығы. Батыс Ленингор,Алтай қорығы Шығыс Қазақстан обылысының және Зырян аудандарының аймақтарын қамтиды.1992 ж құрылған. Жер көлемі 30,73 мың га.Қорық Қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Кокшин атты тау сілемдері алып жатыр.

Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері әртүрлі.Олар: шалғынды дала,бұталар самырсынды,шыршалы тайга,субальпі,альпі және биік таулы туындырадан тұрады.



Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңадан қолға алынуда.Осы аймақтың фаунасын зеріттеуші Б.В.Щербаковтың мәліметі бойынша құстар өте көп тіршілік етеді. Кәдімгі бүркіттің, қаршыға, лашын, ителгі,ақұр,саңырау құр,көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады.

Сүтқоректілерден алтай бұғысы,елік,құндыз,қоңыр аю, ұлан, абырға,

бұлғын көптеп кездеседі.

Алакөл қорығы

Алакөл қорығы Алматы облысының Алакөл аудының аймағында орналасқан. 1998 жылы құрылған ең жас қорық. Көлемі 73,3 мың гектар. Қорық солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстүгінде Жоңғар тау жоталарымен қоршалған. Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстүк – шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көлді бөлігін суы тұщы Сасықкөл, ащылау келген Ұялы және ащы сулы Алакөл алып жатыр.

Қорықтың климаты қатаң. Әсіресе, қыс айларында «сайкан» және «ебі» атты күшті желдер үзбей соғып тұрады. Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі. Олардың негізгілері сары дүңгіршек, атқы жапырақ, су тұңғиығы.

Алакөл қорығының фаунасы да сан алуан. Мұнда сүтқоректілердің 28 түрі кездеседі.

Сүтқоректілерден: қабан, елік, түлкі кездеседі, ал су айдынында құстар жыртылып айырылады. Құстардың 180 түрі тіркелген. Оларды сулы – батпақта, су жағалауында тіршілік еттетіндер деп топтауға болады. Әсіресе, шағалалар, бірқазандар, жабағайлар, тырналар, көкқұтандар, аққу жие кездеседі. Мұнда соңғы жылдары ғылымға тіркелген реликті шағаланың орны бөлек.

Алакөл қорығының болашағы зор. Оның су құстарын қорғауға, кәсіптік балықтарды көбейтуге пайдасы тиері сөзсіз. Болашақта қорық ғылыми – зерттеу лабораториясы болумен қатар еліміздің әлеуметтік, мәдени танымдық орталығына айналатын күн алыс емес.



Бақылау сұрақтары.

1. Қорықтар ұйымдастырудың негізгі мақсаты.

2. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы.

3. Келешекте ұйымдастырылатын қорықтар, олардың аталуы.

4. Қорғалатын территориялардың негізгі функциялары.

5. Қазақстандағы қорықтар, олардың орналасқан аймақтары және негізгі мақсаттары.

8 Семинар

Ландшафт және туризм

Мақсаты: Туризмнің дамуындағы геоэкологиялық проблемалар.

Біздің елімізде кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыстың бір түріне айналып барады. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтеретін, сол сияқты еңбекшілердің денсаулығын жақсартатын маңызды істің бірі болып отыр. Шын мағнасында, туризм адамдарды саяхатта жүргенде табиғаттың жаңа көркімен, өзінің қайталанбас сұлу жерлерімен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Ұлы саяхатшы Н.М. Пржевалький «өмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға болады», - деп үнемі айтып өткен. Туристтер өз жорықтарында жаңалықтар ашып қоғамға белгілі бір дәрежеде пайда келтірсе, екінші жағынан денсаулығын шынықтырады, адамдардың қартаюына жол бермейді.

Республикамызда жұмысшылар мен қызметкерлерге, қызмет етуге арналып салынған ауықтыру орындары, жергілікті демалыс орындары қызмет етуде.

Сондықтан республикамызда туристтердің санының жылдан – жылға артуы қуанышты жағдай. Әр жылы еліміздің түкпір – түкпірінен келген 800 мыңнан аса туристтерді және 3 млн экскурсанттарды қабылдап, қызмет ету көзделіп отыр.

Туризмнің шоғырланып өтетін басты алаңы табиғаттың сән аясында десек орынды болар. Туристтер республикамыздың қай жерінде болмасын табиғатқа және оның сұлулығына сүйіспеншілікпен қарап, табиғаттың сән аясында тәртіп бұзбай, жақсылап демалып отырса – мемлекет тек ұтымды жағдайда болады.

Ұлттық парктер. Ұлттық парктердің мемлекеттік қорықтардан елеулі айырмашылықтары бар. Қорықтарда табиғат байлықтары сол аймақтың ландшафты – географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалады. Мұндағы жерлер шаруашылық айналымнан босатылады да, барлық экологиялық процестер өз бетінше жаратылыстың заңына сәйкес дамиды. Адам оның тек бақылап – зерттеушісі, тыныштығын сақтайтын қорғаушысы ролін атқарады.

Көпшілік дүниежүзінің елдерінде табиғаттың қорғалатын учаскілерінің негізгі сферасы ұлттық парктер. Мысалы: солтүстік Америкада бизондар, ақтырналар, Азияда жолбарыстар, Галапагос аралында піл тасбақасы, Африкада гарилалар, арыстандар, бегемоттар және басқа да ірі жануарлар күні бүгінге дейін ұлттық парктерде сақталынып, саны көбейіп келеді.

Алғашқы ұлттық парктер АҚШ – та ұйымдастырылды. Бұл іс одан кейін Жапония мен Канада да дамыды. Солардың ең елеулісі – Литвада 1974 жылы ұйымдастырылған Аукшайтин ұлттық паркі. Парк түрлі табиғи аймақтарға бөлінген. Орталық бөлігі, яғни тұйық Грявечю батпағымен кәрі ағаштар өскен Ажвинчю орманы резерваттық аймақ болып табылады. Ұлттық парктің ең көп бөлігі демалыс аймағы ретінде пайдаланады.

Парктің жер көлемімен оның шекаралары сондағы ірі жануарлардың бүкіл маусымдағы тіршілігін қамтамасыз етеді. Ұлттық парктің барлық тереториясы – қорғалатын аймақ, кегендерге обьектіні көрсететін алаң шаруашылықты жүргізетін жер және т.б. учаскілерге бөлінген.

Сөйтіп, ұлттық парктер бірегей ландшафтылардың, өсімдіктер мен хайуанаттардың сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда да ұлттық парктер ұйымдастыруға қолайлы жерлер бер және ондай шаралар жүргізіліп те жатыр.Павладар облысындағы Баян ауыл таулы орман алқабында Қазақстанда бірінші рет ұлттық парк ұйымдастырылды. Негізгі мақсат ерекше табиғи мүсінін сақтап қалу, онда туризмді реттеу және еңбекшілердің жаппай тынығу жағдайын жақсарту. Алдағы уақытта республика жерінде Қарқаралы, Алматы ұлттық парктерін ұйымдастыру қажеттігі жайлы жұмыстар істелуде.



Бақылау сұрақтары

  1. Туризмнің табиғаттағы орны.

  2. Туризмнің негізгі мақсаты.

  3. Ұлттық парктер және оның негізгі мақсаты.

  4. Қазақстанда құрылған алғашқы парк

9 Семинар

Тақырыбы: Рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану.

Мақсаты: Рекреациялық ресурстарды ұйымдастыру жұмыстары.

Рекреациялық аймақ деп табиғатпен тікелей қарым – қатынас жасау процесінде адам өзін дене және рухани күшін қалпына келтіретін территорияларды айтады (Рекреация – латынша «қалпына келтіру»). Дүниежүзінде тынығу орындары – Рекреациялық аймақтарға деген қажеттілік өсіп отыр. В.П. Чижов (1977) демалыс орындарын үшке бөледі: күнделікті демалыс орындарын – парктер, скверлер; қысқа мерзімде демалыс орындарын – демалыс және мереке күндері демалатын жерлер; каникул және кезекті демалыс уақытын өткізетін – ұзақ мерзімді демалыс орындары. Қысқа мерзімді демалыс уақыттарында бұл мақсатта қала төңірегіндегі көгілдір аймақтарды пайдаланады. Анақұрлым ұзаққа созылатын демалыс уақыттары тұрақты тұрғын орнынан едауір қашықта орналасқан табиғаты жақсы сақталған көрікті жерлерге барып қайтуға мүмкіндік береді.

Кейінгі жылдары орман ішінде, шалғында, өзенмен көлдер жағасында демалатындардың сандары өсуде. Қазақстанда демалу мақсатына пайдаланып жүрген кейбір әсем жерлер, атап айтқанда: Тянь – Шань тау алқабы және Бурабай.

Тянь – Шань тау алқабы. Қазақстан территориясында мынандай қыраттардан құралады Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Жоңғар Алатауы, Нарым, Қаратау қыраттары.

Іле, Жоңғар және Күнгей Алатауларының климаты адамға өте жағымды, жазы жылы, күз түскен кезде күн сәулесі көп, қыста қар кей жерінде қалың түскені мен жылы. Бұл жер халық үшін демалуға өте қолайлы.



Бурабай. Республикамызда көрікті демалыс орындарының бірі Көкше өңірінде орналасқан Бурабай аймағы. Бүгінгі Бурабай аймағында көптеген демалыс үйлері, профилактикалық сауықтыру орындары салынып, олардың бәрі халық игілігіне айналып отыр. Бурабай бауырында атап айтсақ, «Бурабай», «Щучье», «Оқжетпес», «Ботакөз», «Светлый» демалыс үйлерімен «Золотой бор» атты туристік базалар бар.

Табиғат аясында демалушылардың санының артуы топрақтың беткі қабатының бұзылуына, өсімдіктердің сиреуіне, жануарлардың тіршілік ортасын өзгеруіне, санының азаюуына, сыртқы ортаның ластануына әкеліп соғады.

Туристер табиғат аясында жүргенде табиғатқа зиянын тигізбей

дұрыс жүрулері үшін мынандай тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі қажет.



  1. Рекреация аймағында мәдениетті демалу үшін жас кезінен бастап тәрбиелеу;

  2. Биология, табиғаттану география пәндерін оқығанда табиғатты қорғау мәселесіне жете көңіл бөлу;

  3. Туристер мен демалушыларға табиғатты танып үйренуден үлкен пайда бар екенін көрсету;

  4. Ұлттық парктерде, жие баратын демалатын зоналарда арнайы тәртәпке келтіретін өрттен сақтау;

  5. Табиғат аясынада үлгілі, мәдениетті демалу әр азаматтың моральдық кодексіне айналу қажет

Бақылау сұрақтары.

  1. Рекреациялық ресурс түсінігі.

  2. В.П. Чижовтың мәлемдеуі бойынша демалыс орындарының бөлінуі.

  3. Қазақстанда демалу мақсатында пайдаланылып жүрген жерлер.

  4. Тянь – Шань тау алқабының және Бурабай демалыс орындарының мақсаты.

Туристтердің дұрыс жүрулеріне арналған тәрбиелік жұмыстар.

10 Семинар



Тақырыбы: Каспийдің экологиялық ахуалы

Мақсаты: Каспий теңізінің экологиялық жағдайына сипаттама беру.

Каспий теңізі – жер шарындағы бірден – бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196 – 435 км аралықты қамтиды.

Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптен кездеседі. Бекіре тұқымдас дүнйежүзілік қорыныңқорының 70% - ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштермен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мында өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100 – ден астам түрі тіршілік етеді.

Тарихи деректер бойынша 1820 – 1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және анторпогендік факторламен түсіндіруге болады.

Каспий теңізініңкөтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар ман жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясымен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.

Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топрақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілу теңіз жағалауындағы мұнай ұңғырларын, мұнай қоймаларын, балық комбинаттарын, орасан зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленстіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерлуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр.

Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық эклологиялық проблемаға айналды. Бұл проблема тек Қазақстанда ғана емес Ресей,

Әзербайжан, Түркіменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әртүрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында «Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау» тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар. Теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық апаттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүние жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

Бақылау сұрақтары.


  1. Каспий теңізінің орналасу аймағы.

  2. Каспий теңізінің табиғат байлықтары (балықтар, фаунасы мен флорасы т.б.)

  3. Каспий теңізінің көтерілуі.

  4. Негізгі алаңдататын экологиялық жағдайлар.

11 Семинар

Тақырыбы: Қазақстан полигондары.

Мақсаты: Семей полигонының қоршаған ортаға әсері.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Соның ішінде Семей полигоны ғана жұрт назарында болып қалған сынақ аймақтары жасырылып келген еді. Шын мәнінде қазақ даласының 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақ полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғар, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27 – сі атмосферада, 183 – і жер бетінде, қалғандары жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ – та – 1032, Қазақстанда – 500 – ден астам жарылыс жасалған. Дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға өте жақын жатқан аумақтар. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Бұл қасіреттен Жапондықтар әлі күнге дейін зардап шегіп отыр. Ал Қазақстанда сыналған 500 астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жер көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың гектар жерді қамтыған.

Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 79 жылдаы аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар Үстіртте де сыналған 1968 – 70. Сондай – ақ ірі полигондар қатарына Тайсойған, Саршаған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы жатады. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы – Курчатов қаласы орналасқан.

Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып экожүиелерді бүлдірді. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн гектарға жетті. Қазірдің өзінде Қазақтанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғынадары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруымен ауырғандар саны бұл аймақта республика бойынша жоғары.

Жер ресурстары полигондар әсерінен бүлінген. Жан – жануарлар мен құстар сиреп немесе жойылып кетуге жақын. Тішіліктің қалпына келуі жүздеген тіпті мыңдаған жылдарға созылатыны анық. Өйткені тіршілік атаулы сынақтың құрбаны болған. Табиғаттың жарасын жазу тек адамның ғана қолынан келеді.

1991 жылы 20 тамызда елбасы бұйрығымен Қазақстан жерінде атом

қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім полигондардың қоршаған ортаға тигізген зардабын және радиоактивті заттарды жою проблемасын халықаралық, мемлекеттік деңгейде шешуге негізделген. Бұл әрекеттер іргелі нәтижелер беруде.

Бақылау сұрақтары.


  1. Қазақстан жеріндегі полигондар.

  2. Дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары.

  3. Семей өңіріндегі атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы.

  4. Полигондардың жер ресурсына әсері.

12 Семинар

Тақырыбы: Қазақстанның батыс аймағындағы әскери полигондардың биосфераға әсері.

Мақсаты: Батыс аймақтардағы әскери аймақтардың құрылу себептері және экологиялық проблемалары.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының біраз жерлері 50 жылға жуық Капустин Яр атты әскери полигоны болғаны киінгі кезде ғана халыққа белгілі. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғала аудандарында 24 мың зымыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жою қаруы сыналғаны бүгінгі күні ғана баспа сөз беттерінде ашық жарияланып келеді. 1988 – 91 жылдары осы аймақта жер астында 18, ал атмосферада 11, қуаты Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасынан бірде – бір кем емес, керісінше күші пара – пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Қазақ жеріне келтірілген зиянның бәрін Ресей федерациясы төлейді деген ойлар бар. Бірақ әлі бір тиын ақша төленген жоқ. Апатқа ұшыраған зымыранның салдары қандай екенін, адам организміне әсері қандай, жарылыстан әуеде пайда болған.бұлттардың зияны қаншалықты екендігі зерттеу арқылы дәлелденеді.Бұл зеріттеуге қыруар қаржы қажет.

Жануарлар денесінен, жерден, судан алынған үлгілерді лабораториялық анадиздерден өткізгенде, оларда радиоактивті калий – 40, торий – 232, радий – 236 юар екенін анықтаған.

Жәнібек және Сайхин қалашықтар тұрғындарының тістерін жан – жақты зерттегенде, адамдардың тістерінде радиоактивті сәулеленудің 23 – тен 38 Бэрге дейінгі көлемде иондалған сәуле шығаратын заттар бар екені дәлелденген.

Кейбір әскери мамандардың айтуына қарағанда зымыран отындары ауада түгелімен жанып кетеді де, жерге және онда тұратын халықтарға ешқандай зиян келтірмейді деп есептейді. Бірақта ол олай емес. Өйткені зымыран апатқа ұшыраған аймақтарды гептильдің мөлшері 158 есе өсіп кеткенін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қортындылары дәлелдеп отыр. Зымырандардан қауіпті жанармайлармен жердің, судың ластануы БҚО – ның Орда қалашығы жерінде және Хаки – Сор атты көлде 22 – ден 58 есеге дейін өскенін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстары анықтап шықты. «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигонындарында жаппай қырып – жоятын жаңа қару – жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеніз, жас әйелдердің

денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежелеп қалған. Оған 1998 жылға қарағанда 1975 жылдары балалардың өте көп туғаны байқалған. Сол аймақтағы дүниеге келетінкүрт азаюы экологияның әскерінен болып отыр деп ғалымдар тұжырымдайды.

Соңғы жылдардың аурулардың көптеген түрлері елімізде экологияның төмендегі салдарынан өршіп отыр. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса олардың 40 – ы кемтар болып туатынын дәрігерлер айтып жүр. Орда ауданында халық басқа жерлермен салыстырғанда көп ауратыны байқалып отыр.

Осы келтірген ғылыми деректер соңғы жылдары Орда ауданы тұрғындарының арасынан байқалған. Онда әсіресе I және II топтағы мүгедектері 72,8 %, олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орда тұрғындарының бүйрек аурулары бар адамдар 60,6 % құлақ дерті 345 есе көбейіп кеткен.

Адамзат баласының барлық тіршілігі биосфера компоненттерінен тікелей байланысты. Дүние жүзінің халықтары биосфераның тазалығына айрықша көңіл бөлуі тиіс.

Бақылау сұрақтары.

1.Батыс Қазақстан обылысындағы полигондардың негізгі ошақтары.

2. Полигондардың биосфераға әсері.

3. Радиоактивті заттардың адам денсаулығына кері әсері.

4. Радиоактивті заттардың тіршілік иесіне әсері.

5. Зымыран отындарының ауада таралуы.

13 Семинар

Тақырыбы: Байқоңыр космодромының қоршаған ортаға әсері.

Мақсаты: Әскери бағытта салынған ғарыш кешенінің қоршаған ортаға әсері.

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран – тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1 – ші классқа жататын екі аэродром, сұйық оттек, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір жол,1280 шақырым автокөлік жүретін магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік батысында – батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын шашын 90 – 150 мм – дей аз жауады. Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр.

Бұл аймақта ерсілі – қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндер бір жылдың ішінде 20 – 25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылыр кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал теңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені космодром Арал теңізіне жақын жерде орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан – жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалды.

Мұндай құблыстар космодром орнамайтұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар растап отыр. Ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңестігінң шығарушы зымырандар айналаны қоршаған

табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген.

Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстарынан тұрады.

А) Усыз отының негізгі компоненті – сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т – 1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.

Ә) Өте улы зымыран отынның құрамында – улы толықтандырғыш типіне жататын (радиоактивті) «самин» және (радиоактивті) «меланж» болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті – диметил гидрозин(гептил) бар.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған.

Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П. Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш – космонавт Ю.А.Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні «Восток» атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтірілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита боладтын.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жыл мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім.

Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жіберді. Өйткені зымырандардың отынның қалдықтары озон қабатына айрықша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарының өте улы қосылыс – көмірткектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстінгі бетіндегі радиациялық тепе – теңдікті бұзып жібереді.

Қазақстанның атмосфералық ауасына бөлініп шыққан көміртектің

қос тотығының көлемі 0,001 % жеткен. Бұл көрсеткіш өте көпсан, өйткені ауадағы көміртектің қос тотығының мөлшері 0,003 %. Атмосфералық ауаға бөлініп бөлініп шығатын өте улы қосылыстардың бірі – радиоактивті көміртек тотығы (СО), оны иіс тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі. Тек қана бір РН «Протон» зымыранын космос кеңістігіне ұшырған кезде, атмосфералық ауаға 17 тонна көміртек тотығы қосылады. Ал автомобилидерден 1 тонна бензин жаққанда 0,42 тонна ғана көміртек тотығы бөлінеді. Бір жылда 40 – 50 автомобилидер небәрі 4 – 5 тонна көміртек бөлінеді. Бұл сан РН «Протон» зымыранының бөліп шығаратын көміртек тотығының мөлшерінен әлде қайда аз екенін көрсетеді. Сонымен зымырандарға пайдаланылатын отын көміртек тотығының бөлініп шығуының қайнар көзі деп есептеуге болады.

Озон қабатының тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі – хлор. Оның бір молекуласы, пзпнның 100 мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі. Әсіресе «Спейс – Шатл» зымыранына пайдаланылатын отынның ішінде ол көп болады. Бұл зымыран Америка Құрама штаттарына жасалды. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс – метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфераға онша зиянды әрекет жасамайды. Хлор және хлорды сутектің зиянды әрекеттеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала – жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады.

Радиоактивті гептил – суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажап қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді.

Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшілер зымырандарды ұшырған кезде халықаралықкелісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақстан Республикасы Байқоңыр космодромына байланысты заңдарын орындауға қолдан келген мүмкіншіліктерін түгелдей жасайды.

1999 жыл апатқа ұшыраған зымыран тасығыш РН «Протон» - ның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран - таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпасада түсінікті.

1996 жылы 14 – ші мамыр күні РН «Союз» атты зымыран – тасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Аманкелді ауданына қарайтын Сары – Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын.

1999 жылы шілде айының 5 күні болған РН «Протон» зымыран – тасушының зымыран апаты неден болғаны анықталды. Апаттың себебі: зымыранның 3 – ш бөгігінде отын жанбай қалған. РН «Протон» зымыраны аптынан болған зиянның көлемі 37 млн 947 мың теңге екенін комиссия анықтап шықты.

1999 жылы 27 – ші қазан күні ұшырылған РН «Протон» зымыраны екінші рет апатқа ұшырап, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу елді мекенінің шығыс – солтүстіктігінің 25 шақырым келетін жеріне құлап түсті. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы басшылары арнаулы комиссияқұрып зерттегенде, комиссия мүшелері жерден зымыранның 129 бөлшектерін тауып алды.

Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір екі ауыз сөз.

Байқоңыр космодромын Ресейге жаға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 млн АҚШ долларын береді. Космодромды жөнеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25 – 40 млн АҚШ долларын жұмсап отырады. Космдромда өнірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 млн доллар кіріс кіреді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгігенген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржылан – дырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5 – уі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космос мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады.

Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космостық аппараттар мен корабльдерін космосқа ұшыру және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми – техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет