Алматы тауларында қар көшкіні жүрді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіндері байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтады. Айтарлықтай көлемдегі қар көшкіні тіркелген жоқ. Объектілерге қар көшкіні қаупінің төнуі анықталмаған.

"Мұздақ көлдер қысқы режимде, қар мен мұзбен жабылған. Көлдердегі мұздықтардың немесе мұздардың зақымдануы анықталған жоқ. Су шығынының шегі қалыпты деңгейде, өзгеріс жоқ. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылған жоқ. Опырылым немесе көшкіннің ізі анықталған жоқ”, – делінген төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан отбасының көршілері қайғылы жағдайға еңісте тұратын көршілерін кінәлағаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.