Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

US News зерттеуі бойынша 2023 жылғы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің арасында 84-ші орынды иеленді. Бұл көрсеткіштерге қарамастан, қазақстандықтар жағдайларына қанағаттанатынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр еліміз 85 орыннан, тек 82-ші орынды місе тұтты. Рейтингті зерттеген сарапшылар елдердегі туризм (Қазақстанда әлемде 86-шы орын), мәдени ықпал (85-ші орын), кәсіпкерлік (80-ші орын), мұра (83-ші орын), бизнеске ашықтық (80-ші орын), өмір сұру сапасы (81-ші орын) және басқа критерийлер бойынша бағалады. 

Тізімде көш бастап тұрған елдердің қатарында Швейцария, Канада және Швеция бар. Соңғы орынды Иран иеленді.
Рейтингке қатысатын ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Беларусьті ғана басып озды. Рейтингке Ресей (37-ші), Украина (68-ші), Әзербайжан (77-ші) және Өзбекстан (83-ші) қатысты.

Фото: finprom.kz

Украинаның ТМД-да бірқатар даулы мәселесі болғандықтан, төменгі орынға түскен.

2023 жылы қазақстандықтар өз өмірі мен денсаулығына қанағаттанатыны жайында пікірімен бөлісті. Респонденттердің 41,8%-ы өз өмірлеріне өте қанағаттанған. Салтыстырмалы түрде өткен жылмен бірдей. Өмір сүру сапасы – 51,8%, денсаулық – 47,6% құрады.
Қазақстандықтардың 57,7%-ы өз өміріне, 47,4%-ы өмір сүру сапасына, 49,3%-ы денсаулығына ішінара қанағаттанды.

Қазақстандықтардың 0,4%-ы өз өміріне, 0,6%-ы өмір сүру сапасына, 3%-ы денсаулығына толық қанағаттанбағанын айтты.

Қаржылық және экономикалық жағдайға келетін болсақ, мұнда респонденттердің 34%-ы өздерінің қаржылық жағдайына, 36,5%-ы отбасының экономикалық жағдайына толық қанағаттанған.

Қаржылық жағдайға ішінара қанағаттанушылықты қазақстандықтардың 63,2%-ы, отбасының экономикалық жағдайына – 61,6%-ы пікір жазды. 

Қазақстандықтардың 0,4%-ы өз жағдайына, отбасының экономикалық жағдайына – 0,5%-ы қанағаттанбаған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.