Украинаның Звеногород қаласында Тарас Шевченконың туғанына 210 жыл толуына орай киіз үй тігілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: enovosty.com сайтынан

"Тарас киіз үйі" жобасын Украина халықтық депутаты Сергей Нагорняк пен жергілікті қазақ диаспорасы жүзеге асырды. 

"Бұл – Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен танысуға болатын таптырмас мәдени кеңістік. Сондай-ақ шеберлік сағаттары мен түрлі шығармашылық шараларына қатысуға болады. Киіз үй украиндер мен қазақтардың сан ғасырдық достығының белгісі", – деді депутаттың баспасөз қызметінің өкілдері.

Киіз үйге қонаққа келгендерді бауырсақпен күтіп алған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, киіз үйді қазақ шеберлері дайындапты.

Айта кетейік, Украинада соғыс басталғалы бері қазақстандықтар мен кәсіпкерлердің көмегімен Киев, Харьков және өзге де қалаларда киіз үйлер орнатылған еді.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.