Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты eGov.kz электронды үкімет сайты уақытша қолжетімсіз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: www.voozon.com

29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында және басқа да жобаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі.

  • "Әр адам өзі бейімделуі қажет": Маман бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қандай өзгерістер болатынын айтты
  • Бірыңғай уақыт белдеуі өзгерген соң ұшақтардың ұшу кестесі қалай өзгереді және билетті алдын ала сатып алғандар не істеуі керек

Төмендегілер біраз уақыт қолжетімсіз болуы мүмкін:

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы; 
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі; 
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі; 
  • "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі;
  • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдеуімен басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базалары.

Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.