Қаһарман елдің қарулы күштері


Жоғары әскери шен алғандар



жүктеу 0.61 Mb.
бет4/4
Дата16.09.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4

Жоғары әскери шен алғандар
Жәнібек Қошқарұлы (Шақшақ Жәнібек) (1693-1751) – Орта жүздің биі, батыр, торғайлық. Қазақтар ішінен тархан атағын (фельдмаршалмен тең) бірінші алған (1742)

Дәуітбай Жәнібекұлы – би, тархан атағы әкесінен Мұрагерлік жолмен берілген.

Есет Көкіұлы (1679-1749) – Кіші жүз батыры, ақтөбелік. Тархан атағын 1743 ж. алған.

Жәңгір Бөкеев (1801-1945) – Бөкей ордасының ханы, қазақтың тұңғыш генерал-майоры (1831)

Жәңгіров Ғұбайдолла (1840-1909) (Бөкей ордасынан) – Жәңгір ханның баласы, қазақ арасынан инфантерия генералы (генерал-лейтенант теңдес) атағын алғаш рет алған (1894) әскери ірі қайраткер.

Айшуақов Баймағамбет (1790-1847) (Батыс Қазақстан) – генерал-майор.

Баймағамбетов Мұхаметжан (1811-1896) – генерал-майор. Әкелі-балалы екеуі бұл атақтарды Исатай-Махамбет бастаған көтерілісті аяусыз басқаны үшін алған.

Шыңғыс Уәлиханов (1811-1895) (Көкшетау) – полковник, Шоқанның әкесі.

Шарманов Мұса (1819-1885) (Баянауыл) – полковник.

Нұралин Тезек төре (1879ж.( Жетісу) – полковник, ақын.

Орыс әскерінде алғаш қызмет еткен (1580-1590ж.шамасында) Сібір ханы Көшімнің немересі Мұхамедқұл мен қазақ ханы Тәуекелдің немересі Оразмұхамед. Екеуі де полк басқарған яғни полковник міндетін атқарған. Хиуадағы қазақ ханы Қайыптың ұлы Серғазы 1789 жылы Санкт-Петербург орыс армиясының секунд-майор қызметінде болған. Бұлар алғашқы қазақ әскери мамандары.

Көптеген адамдар полковник шенін алған. Олар Әли Әділов (Жетісу), Қоңырқұлжа Құдаймендин (Ақмола), Қаратай Нұралиев, Шыңғали Омаров, Мұхамеджан Таукин, Арслан Жантөрин, Әділ Бөкейханов, (бәрі де Батыс Қазақстан) тағы басқалар.

ҚОСЫМША
Мемлекеттік наградалар


Қазақстан Республикасында қандай мемлекеттік наградалар бар?
1995 жылы 12 желтоқсанда бекітілген “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” заңда (1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы деп аталған) көрсетілгендей мемлекеттік наградаларға:

1) ең жоғары дәрежелі белгілер – “Алтын қыран” ордені және “Халық қаһарманы” атағы;

2) ордендер;

3) медальдар;

4) құрметті атақтар;

5) көп балалы аналарға арналған наградалар;

6) Қазақстан Ресупбликасының Құрмет грамотасы жатады.
Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілер кімдерге беріледі?
“Алтын қыран” орденімен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше қызметі үшін наградталады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы немесе КСРО орденінің біреуімен бұрын наградталған азаматтарға берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті “Алтын қыран” орденінің иегері бола алады. Ал “Халық қаһарманы” атағы азаматтарға, Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі, бостандық және тәуелсіздік мүддесін қорғауда көрсеткен батылдығы, ерлігі үшін беріледі. “Халық қаһарманы” атағына “Алтын жұлдыз” және “ Отан” ордені қоса беріледі.


Қазақстан Республикасында қандай ордендер бар, олармен кімдер наградталады?
Қазақстанда:

“Отан” (“Отечество”);

“Даңқ” – (“Слава);

“Барыс” – (“Барс”);

“Айбын” – (“Доблесть”);

“Парасат” – (“Благородства”);

“Достық” – (“Дружба”)

“Құрмет” – (“Почет”) ордендері бар.


Отан” орденімен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар наградталады.

Барыс” орденімен Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер марапатталады.

“Барыс” ордені 3 дәрежеден тұрады:

І дәрежелі “Барыс”

ІІ дәрежелі “Барыс”

ІІІ дәрежелі “Барыс”.


І дәреже орденнің ең жоғары дәрежесі болып табылады.

Наградтау ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже ретімен жүргізіледі.

Даңқ” орденімен Қарулы күштердің, республикалық ұланның, Президент күзет қызметінің, ішкі және шекара әскерлерінің командалық және басшы құрамдағы адамдары, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарының басшы құрамындағы адамдары наградталады.

Орден екі дәрежеден тұрады:

І дәрежелі

ІІ дәрежелі

Айбын” орденімен Қарулы күштердің, республикалық ұланның, Президент күзет қызметінің, ішкі және шекара әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік. Ішкі істер органдарының қызметкерлері наградталады.


Орден:

- жауынгерлік әзірлікте, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығын іске асыруда және жаңа жауынгерлік техниканы игеруде, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен халықтың мүддесін қорғауда қол жеткізген табыстары үшін;

- әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін беріледі.
Айбын” ордені үш дәрежеден тұрады:

І дәрежелі;

ІІ дәрежелі;

ІІІ дәрежелі;

Ең жоғарғы дәрежесі I дәреже болады. Наградтау мына ретпен жүргізіледі: ең алдымен ІІ дәрежесі, содан кейін І дәрежесі беріледі.

І-ІІ дәрежелі “Айбын” ордендерімен офицерлердің кіші және аға

құрамындағы адамдар наградталады.

ІІІ дәрежелі “Айбын” ордендерімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер және мичмандар наградталады.

Парасат” орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет, қоғам қайраткерлері наградталады.

Достық” орденімен халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін наградталады. “Достық” ордені екі дәрежеден тұрады.

І дәрежелі “Достық”

ІІ дәрежелі “Достық”.

Наградтау реттік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.

Құрмет” орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру ісін дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін наградталады.


Қазақстан Республикасында қандай медальдар бар? Олар қандай жағдайда беріледі?
Қазақстан Республикасында:

“Ерлігі үшін”

Жауынгерлік ерлігі үшін”,

“Ерен еңбегі үшін”;

Шапағат” медальдары бар.
Ерлігі үшін” медалімен азаматтар:

- адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету, өртке душар болу, дүлей апаттар кезінде);

- қылмысқа қарсы күресте көрсеткен ер жүректілігі мен жан қиярлығы үшін наградталады.

Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен көрсеткен ерлігі үшін Қарулы күштердің, республикалық ұланның, Президенттің күзет қызметінің, ішкі және шекара әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органының қызметкерлері наградталады.

Ерен еңбегі үшін” медалімен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін наградталады.
Қандай құрметті атақтар бар? Олар кімдерге беріледі?
Қазақстан Республикасында Құрметті атақтарға:
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы”;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтары жатады.

Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы” атағы белгіленген ғарышқа ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырып, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушілік және тәжірибелік міндеттерді мінсіз орындаған азаматтарға беріледі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы республикаға сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне беріледі.



Әдебиеттер
Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы: Алматыкітап, 2006. – 216б.

Бабаңнан саған не қалған!: Әдеби-этнографиялық таным. – Алматы: ЖШС Ол – Жас, 2003.- 104б.

Бекенов Қ. Тағдырымның жазғаны. – Қарағанды, 2002. – 237б.

Ерлік: Әскери әңгімелер жинағы. – Алматы: Жазушы, 1968. – 159б.

Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған-терген.– Алматы: Ана тілі, 2005. –1-кітап. - 136б.

Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Алматы: Балауса, 2003. – 160б.

Табылды Ә. Таңдамалы шығармалары.– Алматы: Балалар әдебиет баспасы, – 2006. – Т.3. Көңілді балалар. - 272б.
* * *
Алтынбаев М. Кәсіби армия – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі //Егемен Қазақстан. – 2006. – 25 қазан. – (№260-263). – Б.4

Аманжолов К. Қазақстанның қарулы күштері //Қазақ тарихы. – 1999. - №3. – Б.14-19

Ахметжан Қ.С. Қазақтың ату құралдары //Қазақ тарихы. – 2004. -№5. – Б.15-20

Әбділда Б. Әскер – ел қорғаны // Алматы ақшамы.- 1997. – 17 қазан

Әлиханұлы Ж. №1 Халық Қаһарманы: Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен әңгіме //Егемен Қазақстан. – 2006. – 16 желт. – (№311-314). – Б.9

Әлімқұлов Қ. Еліміз қарулы күштерінің әскери киім нысандары //Ұлан. – 2005.- 4 қаңтар. – Б.6

Жеңіс жолының жалғастығы: (4 мамыр – Қазақстан Қарулы Күштерінің туған күні. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі армия генералы Мұхтар Алтынбаепен сұхбат; Әңг.Ж.Самрат //Егемен Қазақстан. - 2006. – 7 мамыр. - №97-99

Ибрагимов Ә. Қаһарман //Қазақ батырлары. – 2006. – қазан.- (№10). - Б.4-5

Қожа Ә. Иә, генерал Зайсанов Моңғолия әуе қарулы күштерінің қолбасшысы болған //Егемен Қазақстан. – 2003. – 21 қырк. – Б.6

Смайылов Ә. Әлем елдері және әскери ынтымақтастық // Егемен Қазақстан. – 2006. – 6 желт. – (№300). – Б.3

“Ұлан” – ұлттың мақтаны: /Респубикалық Ұланның атқарған істері жайлы бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық істер жөніңдегі орынбасары Фарид Махметовтың әңгімесі; Әңг: Д.Кенжалин // Егемен Қазақстан. – 2005. – 23 қазан. – (№238). – Б.6

Әлім А. Түсіме енді жастығым әскердегі: Поэзия //Алматы ақшамы. – 2000. – 24 мамыр. – Б.3

Махамбет М. Ұлан туралы не білеміз? //Жас Алаш. - 2002. – 30 наурыз. – Б.4

Құнантаева К., Бақаев Ә. Қазақстанның тұңғыш әскери академигі //Егемен Қазақстан. – 2006. – 17 мамыр. – (№107-108). – Б.4

Жұмабергенов Ж. Тәуелсіз елдің қыраны – Республика ұланы //Алматы ақшамы. – 2002. – 16 наурыз. – Б.2

Қазақстан Республикасының заңы. Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы //Заң. – 2005. – №11. – Б.5-22

Шағатай Ж. Қазақ әскерлері бүгінгі күнге сай ма? //Түркістан. – 2005.- 3 наурыз. – (№9). – Б.3.
Мазмұны
1. Кіріспе – Қаһарман едің қарулы күштері..................................3
2. Жалпы Мақсаттағы күштер......................................................3
3. Қарулы күштеріміздің қаймағы – Республика Ұланы.............8
4. Елбасы Н.Назарбаевтың қанатты сөздерінен........................10
5. Ел деп туған – ерлер бар (мақал-мәтелдер).............................11
6. Ән-жыр шашу.............................................................................12
7. Қазақстандық патриотизм (қысқаша түсінік)..........................14
8. Патриоттық тәрбие және Бауыржан Момышұлы..................15
9. Әскер - әліміз, армия - абыройымыз

(әдеби-музыкалық кеш)...........................................................17


10. “Сұңқар” әскери-ойын байқауы................................................21
11. “Жігіттің сұлтаны кім?”, саралаңыз..........................................29
12. Қосымша Бабалар сөзі – тәрбие көзі......................................33
13. Қосымша Қазақ елінің қаһармандық тарихы.......................41
14. Қосымша Сарғайса да тарихтың ақ парағы,

ол күндер мәңгі есте сақталады..............................................46


15. Қосымша Жоғары әскери шен алғандар.................................50
16.Қосымша Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік

наградалар.............................................................................51


17. Әдебиеттер.............................................................................55


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет