Абай ауданының 017 жылдың айлық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы



Дата11.11.2018
өлшемі39.5 Kb.
#54009

Абай ауданының 2017 жылдың 9 айлық

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Өнеркәсіп. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 1 604,9 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірген, өндірілген өнім көлемінің индексі 25,7 пайызды құрайды. Оның ішінде 93,0 тонна (былтырғы жылмен салыстырғанда 73,8 пайыз) тамақ өнімдері, 6,9 мың Гкал (176,9 пайыз) электрмен жабдықтау және 46,6 мың текше метр (90,8 пайыз) сумен жабдықтау.

Ауыл шаруашылығы. Өндірілген ауылшаруашылығы өнім көлемі 16 033,9 млн. теңге, индексі 115,2 пайыз. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет –21 137,1 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -118,3 пайызға, сүт – 26 415,5 тонна немесе 111,8 пайызға, жұмыртқа – 917,1 мың дана өндіріп, 106,2 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша 201 188 бас қой-ешкі малы, 53 767 бас мүйізді ірі қара, 37 024 бас жылқы малдары қолда бар. (Жылқы малы 6,5 пайызға, мүйізді ірі қара малы 0,2 пайызға өсіп отыр).


Инвестиция. Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 1 802,2 млн.теңгені құрады, индексі 182,7 пайыз. Нақты сектор 1709,8 млн.теңге, индексі 173,3пайыз.

Тұрғын үй. Қаңтар-қыркүйек айында 2 042 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда – 105,6 пайыз. 1 437,4 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,7 есе өскен.
Кіші бизнес. Қаңтар- қыркүйек айында 40 кіші бизнес тіркеуде тұр, былтырғы жылмен салыстырғанда 125,0 пайыз. Жұмыс істеп тұрғаны 34, оның ішінде белсендісі 27, былтырғы жылмен салыстырғанда 117,2 пайыз. Бөлшек-сауда айналымы 1 137,5 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 110,6 пайызға өскен.

Бюджет. 9 айда меншікті кірістер 255 352,0 мың теңгеге жоспарланып, 271 202,4 мың теңгеге орындалды, орындалу 106,2 пайыз.

9 айда бюджет шығысы 2 млрд. 525 млн. 040,2 мың теңгеге жоспарланып, 2 млрд. 524 млн. 642,3 мың теңгеге орындалды, яғни 100 пайыз. Қаржы қалдығы 347,9 мың теңге.


Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 205 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 1,7 пайыз. Жаңадан 62 жұмыс орны ашылды. 279 адам жұмысқа орналысты. Қоғамдық жұмысқа 224 адам тартылып, 61 жұмыссыз адам оқуға жіберілді. Орташа еңбек ақы 95 713 теңге, 2016 жылмен салыстырғанда 111,6 пайызға жоғары.
Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы Қ.Қари


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет