Жұмыс беруші демалысқа шыққан адамның міндетін екінші қызметкерге қосымша ақы төлемей жүктеуге құқығы бар ма? Сұраққа Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: careerist.ru

Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес, өзінің еңбек шартында көрсетілген негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмайтын жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төленеді.

Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:

  • міндеттерді қоса атқару;
  • қызмет көрсету аймағын кеңейту;
  • уақытша болмаған қызметкердің міндетін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау (алмастыру) дегеніміз –қызметкердің өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа да және сол лауазым бойынша қосымша міндетті орындауы деп түсіндіріледі.

"Егер уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру оның лауазымдық міндетіне кіретін болса қызметкерге қосымша ақы төленбейді", – деп атап өтті еңбек министрлігі өкілдері. 

Уақытша болмаған қызметкердің жұмысы алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндетіне кірмесе, оған қосымша ақы төленетіні нақтыланды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.