Алматы облысында бір топ ер адам 17 жастағы қызды үш жыл бойы ұрып-соғып, есірткіге отырғызып, зорлады деген күдікке ілінді. Мұны қоғам белсендісі Ақма Басирова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Қаскелеңде 14 жастан бастап қызды бірнеше ер адам қорқытып көлікке отырғызып, есірткіге тәуелді етіп, видеомен қорқытқан көрінеді. Басированың айтуынша, оны есірткіге масайтып, содан соң зорлап, видеоға түсірген. Одан кейін бопсалау арқылы оған қалаған нәрсесін жасататын.

“Кейінгі рет Елтай ауданы Селекция ауылындағы шаруашылықта зорлапты. Мен қызбен жеке жұмыс істеп, оның барлық қорқынышын жоюға және оның жалғыз емес екенін түсіндіруге тырыстым. 11 қаңтарда ол есірткіге уланып, Қарасай ауданындағы жансақтау бөліміне түскен. Алайда есірткі сатушылар үнемі оның құрамын өзгертіп отыратындықтан, оны анықтай алмаған. Содан кейін жәбірленушінің туыстары оны  жеке емханаға орналастырған. Өтінішті учаскелік полиция қызметкері қарастырмаған. 2 ақпанда шу көтергеннен кейін іс қозғалып, кеше қызды тергеуге шақырды”, – деді Ақма Басирова.

Күдіктілердің жасы – 18 бен 40 жас аралығында. Қыз барлығын танып, көрсете алыпты.

“Онымен қоймай бұлардың ата-аналары өтінішті қайтарып алу үшін миллиондаған ақша ұсынған. Бірақ пара берсе де, бұрынғыдай кешірім беру деген жоқ екенін білмейді-ау. Оның үстіне қыз енді 17-ге толды”, – деді ол.

Белсенді әйел тергеушіні талап еткен. Өйткені күдіктілер мен полицейлер құшақтап амандасып, бір-бірін танитын болып шыққан.

Сонымен қатар күдіктілер қызды жаман атты қылып, үш жыл бойы жезөкшелікпен айналысты деген қауесет таратқан дейді ол.

Қыздың жақсы отбасыдан шыққан. Тек оның әкесі де, ағалары да жоқ. Олар оның қорғанышы жоқ екенін біліп, соны пайдаланып отыр. Мектеп директоры да қызға жала жауып отыр. Себебі күдіктінің бірі аудан мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді”, – деді құқық қорғаушы.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды. 

Аталмыш жағдайдан соң мектеп директоры күдікке ілінген мектеп меңгерушісін жұмыстан шығаруға уәде берді.

“Аталған факті 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша аудандық ішкі істер органдарына дереу тіркелді.
Полиция қызметкерлері аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Алматы облысының 22 жастағы азаматын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының жеке тапсырмасымен арнайы жедел іздестіру тобы құрылып, іс бойынша жан-жақты, толық және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар сараптамалық тексеріс тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жәбірленуші тараптың барлық дәлелдері тексеріледі”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.