Танымал журналист, продюсер, кәсіпкер Ләйлә Сұлтанқызы тұңғышының туған күнін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Ол екі ұлының бала кездегі қызық оқиғасын айтып берді. 

“Сағадат 8 айлығында тиын жұтып қойғаны бар. Ойнап отырған жерінде тиын түсіп қалған соны аузына салыпты. Оны ешкім білмейді. Мен екінші қабатта жүргенмін. Бір кезде Гаухар (туған бөлем) айқайлап шақырды. Сол кезде баламның түрі көгеріп кетті. Оның түрін көріп, баспалдақтан түсе алмай қалғанмын. Өзі туғанынан әппақ, сап-сары болатын. Ұлы дәретін күткенбіз. Қазір күліп еске аламыз. Масқара гиперактив бала болатын. Алматыда ойын-сауық орталығында жоғалып кеткен. Есік алдындағы күзетшіге барып, “Мен жоғалып қалдым” депті. Екі жастағы баланың ойына келгеніне риза болғанбыз”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

 

  • "Аңдығаның VIP казашка болмасын!": Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлына өсиет жазба жариялады

  • "Тірі болғанда 58 жасқа толар еді": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, отбасылық фотоларын жариялады

Сонымен бірге журналист ұлына жүрекжарды тілегін жеткізіп, “барлық қиындықты жеңеміз” деп қанаттандырды. 

“Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде… Құдайдан сұрарым – тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйырса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым! 
Туған күніңмен! Біз барлық қиындықты жеңеміз. Қос ұлым – қос қанатым!
Көп сөз жазып, естеліктермен бөліскім-ақ келеді. Бірақ тамағымда бір өксік тұр…”, – деп жазды тележүргізуші. 

Журналист сөзін қорытындылап, ұлына әкесінің сағатын сыйлады. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.