Іздену-ұйымдастырушылық
|
Зұлым сиқыршы: Сендер менің патшалығыма тап болдыңдар. Бұл жерде мен басшымын. Барлық ертегі кейіпкерлері менің айтқаныммен жүреді. Мен оларды ешқашан босатпаймын.
Тәрбиеші: Зұлым сиқыршы, бәлкім оларды құтқаратын жол бар шығар?
Зұлым сиқыршы: Ия, болады. Ол үшін сендер менің үш тапсырмамды орындауларың керек.
Тәрбиеші: Балалар сиқыршының тапсырмасын орындап, ертегі кейіпкерлерін құтқарамыз ба?
1-тапсырма: Кейіпкерлерге сиқырлы бас киім кигізіп қойдым. Дауыстарын естіп, қай кейіпкер екенін тапсаңдар, құтқарасыңдар (проигровательден кейіпкерлер дауысын естіртеді)
2-тапсырма: «Луллия» шеңберінен ертегілерді дұрыс тауып, айтып беру.
3-тапсырма: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.
Балалар, қане, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мына «Луллия» шеңберінен еске түсірейік.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, осы ертегіні өзіміз сахналап көрейік.
Балаларды рөлдерге бөліп, киімдерімен маскаларын кигізеді.
Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Ертеде Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады да мысығымен бөліскісі келіп, мысығын шақырады.
Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып, Мақта қызға өлең айтып береді:
Сөйтіп, мысық қатық іздеуге шығады. Келе жатып сиырға жолығады.
Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Сөйтіп, мысық қыздарға барады.
Мысық дүкеншіге барады.
Сөйтіп, мысық тауыққа барады.
Енді не істерін білмей мысық мұңайып отырғанда қасынан бір тышқан зуылдап жүгіріп барады екен. Мысық тышқанды тап беріп:
Тышқан зымырап барып,үйінен бір уыс тарыны әкеліп береді. Ол тарыны мысық тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге беріп, сағыз алады. Ол сағызды қыздарға беріп, олардан су алады. Суды ағашқа беріп, ағаштан жапырақ алады. Жапырақты сиырға беріп, сиырдан қатық алады. Ол қатықты Мақта қызға беріп, құйрығын қайтарып алды.
|
Балалар сүйікті ертегілерін айтады.
Балалар қуана келіседі.
Балалар дауыстарды естіп, қай кейіпкер екенін табады.
Балалар шеңберден ертегілерді тауып, дұрыс көрсетеді.
Балалар ертегіні шеңберды қолданып, еске түсіреді.
Балалар қуана маскаларын киеді.
Мақта қыз:
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Пыш-пыш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Мысық:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық,
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп.
Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой, ой сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық:
Берші құйрығымды
Мақта қыз: Бермеймін, сен менің қатығымды қайтар.
Сиыр:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін
Адамдар маған үйір.
Мысық: Мяу, сиыр маған қатық берші?
Сиыр: сен, маған жапырақ әкел, менің қарным аш.
Ағаш:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш маған жапырақ берші?
Ағаш: Маған су әкеліп бер, мен саған жапырақ беремін.
Қыздар:
Су тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің.
Мысық: Қыздар маған су беріңдерші?
Қыздар: сен бізге сағыз әкеліп бер.
Мысық: Дүкенші, маған сағыз берші?
Дүкенші: Сен маған жұмыртқа әкеліп бер.
Тауық:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам.
Мысық: Тауық, маған жұмыртқа берші?
Тауық: Сен маған жейтін тары әкеліп бер, сол кезде мен саған жұмыртқа беремін.
Мысық: Тышқан, қазір мен сені жеймін.
Тышқан: Жемеші, мысықжан.
Мысық: Ақысына не бересің?
Тышқан: Менің үйімде бір уыс тары бар.
Мысық: Тез арада маған әкеліп бер.
|