Адам анатомиясының жүйелері бойынша эталондық жауаптары



бет1/7
Дата05.01.2018
өлшемі0.91 Mb.
#13037
  1   2   3   4   5   6   7


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қ.Т.Құлаев, А.Н.,Темірбеков , Г.М.Датқаева.

Адам анатомиясының жүйелері бойынша эталондық жауаптары


Оқу құралы

Шымкент –Түркістан 2017

УДК 611.:519.718.7

ББК 28.86

ГОО К90


Рецензенттер: м.ғ.д.,профессор Қ.Е.Сисабеков

м.ғ.к.,доцент м.а. Қ.Е.Оспанов

Құлаев Қ.Т.,Темірбеков А.Н., Датқаева Г.М. Адам анатомиясы бойынша жауаптар эталоны. ---Оқу құралы.-Шымкент.-2017ж.-80б

ISBN 9964-527-07-0

Авторлар дайындаған оқу құралы мемлекеттік тілде, қазіргі талапқа сай, қысқа әрі нұсқа әзірленген. «Адам анатомиясы бойынша жауаптар эталоны» оқу кұралы адам анатомиясы пәнін оқитын жоғарғы және орта медициналық оқу орындарында қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.

Аталған оқу құралы негізі медицина мекемелеріндегі оқитын студентерге арналған. Оқу құралы студенттер мен мұғалімдердің адам анатомия пәнінен білімін жетілдіруге көмегін тигізеді.



Мазмұны
1.Кіріспе
2. Cүйектер (Оsteologia)------------------------------------------------------------- - 3-15
3.Буындар мен байламдар ( Arthrologia)------------------------------------------- 15-19
4.Бұлшықеттер ( Myologia)----------------------------------------------------------- 19-27
5.Асқорту жүиесі ( Systema digestorium)------------------------------------------- 27-36
6. Тыныс алу жүиесі (Systema respiratorium)------------------------------------ 36-40

7. Несеп жыныс жүиесі(Systema urogenitale)-------------------------------------- 40-46


8. Қан тамырлар жүиесі (Angiologia)------------------------------------------------46-57
9. Лимфа жүиесі (Systema Lymphaticum)-------------------------------------------57-59
10. Нерв жүиесі(Systema nervosum)--------------------------------------------------59-72
11. Вегетативтік нерв жүиесі (Systema neruosum autonomicum)---------------72-73
12. Сезім мүшелері (Organa sensuum)------------------------------------------------73-76
13. Эндокриндік бездер (Glandula endocrinae)-------------------------------------76-79
14.Әдебиеттер----------------------------------------------------------------------------79-80


Кіріспе
Ұсынылған оқу құралы адам анатомиясы пәніне арналған алгоритмдер жауабы. Оқу құралында анатомия пәнінің барлық жүйелерін қамтитын дұрыс эталонды жауаптар жинағы берілген

Жоғары және орта білім беретін медицина мекемелерінде оқитын студенттерге арналған. Оқу құралының құндылығы студеттерге мемлекет аралық бақылаудағы емтихан тесттеріне және тәжиірбелік сабақта берілген тақырып бойынша білімін тексеруге болады. Қалыпты адам анатомиясы және топографиялық анатомия пәндері бойынша тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдетеді.

Оқу құралы қазақ бөлімінде оқитын студенттерге пайдасы көп. Тәжірибелік сабақ кезінде мұғалімдерге және студенттерге өздерінің тесттік бақылау сұрақтарын тез арада тексеруге көмектеседі.

Оқу құралы жүйелер бойынша түзілген. Бұның өзі пәннің әр жүйесін оқығанда жеке-жеке тесттік сұрақтарды тексеруге қолайлы.

Студенттердің қалыпты жэне топографиялық анатомия пәндерін меңгеруіне үлесін тигізеді.

Cүйектер (Оsteologia)

1. Омыртқа бағанасының 5 бөлімі:

1. мойын бөлімі;

2. кеуде бөлімі;

3. бел бөлімі;

4. сегізкөз бөлімі;

5. құйымшақ бөлімі.



2. Омыртқалардың анатомиялық 10 элементі:

1. денесі;

2. доғасы;

3. омыртқа доғаларының аяқшалары;

4. омыртқалық тесік;

5. жоғарғы буындық өсінді;

6. төменгі буындық өсінді;

7. қылқанды өсінді;

8. көлденең өсінді;

9. жоғарғы омыртқалық тілік;

10. төменгі омыртқалық тілік.

3. Кеуде омыртқаларының 3 ерекшелігі:

1. жоғарғы және төменгі қабыртқалық шұңқыршалар;

2. көлденең өсінділеріндегі қабыртқалық шұңқыршалар;

3. қылқанды өсінділері төмен қараған.



4. Бірінші кеуде омыртқасының ерекшеліктері:

1. омыртқа денесінің жоғарғы жиегіндегі қабыртқалық шұңқыршасы толық;

2. омыртқа денесінің төменгі жиегіндегі қабыртқалық шұңқыршасы толық емес.

5.XI-XII кеуде омыртқалардың бір анатомиялық ерекшелігі:

1. омыртқа денесінің бүйірінде бір толық қабыртқалық шұңқырша бар.



6. Мойын омыртқалардың 3 ерекшілігі:

1. көлденең өсінділерінде тесік бар;

2. көлденең өсінділері екіге айырылған.

3. қылқанды өсінділері келте және екіге айырылған.



7. Ауызомыртқаның 4 ерекшелігі:

1. денесі жоқ;

2. алдыңғы және артқы доғасы бар;

3. бүйір массалары бар;

4. омыртқалық артериясының жүлгесі бар;

8. Біліктік омыртқасының ерекшеліктері:

1. тіс өсіндісі бар;

2. тіс өсіндісінде алдыңғы және артқы буындық беттер бар.

9. Алтыншы мойын омыртқасының ерекшелігі:

1. ұйқы төмпешігі бар.


10. Беломыртқаларының анатомиялық 3 ерекшелігі:

1. денелері ірі:

2. қылқанды өсінділері қысқа,үлкен,горизонтал бағытталған;

3. емізік тәрізді өсінділері бар.



11. Сегізкөздің анатомиялық 10 құрылымы:

1. ұшы;


2. негізі;

3. жоғарғы буындық өсінділері;

4. жамбастық беткей;

5. артқы беткей;

6. көлденең сызықтар;

7. алдыңғы және артқы сегізкөздік тесіктер;

8. орталық,аралық,бүйір сегізкөздік қырлар;

9. құлақтық бет;

10 сегізкөздік өзек.

12. Омыртқа бағанасының бөлігінде кездесетін лордоз:

1. мойын лордозы;

2. бел лордозы.

13. Омыртқа бағанасының бөлігінде кездесетін кифоз:

1. кеуде кифозы;

2. сегізкөз кифозы.

14. Төстің 3 бөлігі:

1. тұтқаcы;

2. денесі;

3. семсертәрізді өсіндісі.



15. Төстің 3 түрлі тілігі:

1. мойындырық тілікгі;

2. бұғаналық тілігі;

3. қабыртқалық тілігі.



16. Қабыртқаның 2 бөлігі:

1. шеміршектік бөлігі;

2. сүйектік бөлігі.

17. Қабыртқаның сүйектік бөлігінің негізгі 4 анатомиялық құрылымы:

1. мойыны;

2. басы;

3. төмпешігі;

4. бұрышы.

18. 1- ші қабыртқаның ең негізгі 3 анатомиялық ерекшелігі:

1. бұғана асты артериясының жүлгесі;

2. бұғана асты венасының жүлгесі;

3. жоғарғы және төменгі бет.



19. 3 түрлі қабыртқаларды ажыратамыз:

1. негізгі, шынайы қабыртқа 7 жұп;

2. жалған қабыртқа 3жұп;

3. тербелмелі қабыртқа 2 жұп.



20. Қабыртқаның ішкі бетінің төменгі бөлігінде ажыратады:

1.қабыртқа жүлгесін.



21. Бұғананың негізгі 3 бөлігі:

1. төстік шеті;

2. акромиондық шеті;

3. денесі.



22. Жауырынның анатомиялық 7 бөлігі:

  1. 3 жиегі ( латералды, медиалды және жоғарғы);

  2. 3 бұрышы ( жоғарғы, төменгі және латеральды);

  3. 2 беті ( қабырғалық және артқы) жауырындық беті;

  4. жауырын қылқаны;

  5. құстұмсық тәрізді өсінді;

  6. буындық ойығы;

  7. акромион.

23. Кеуде сүйектері:

  1. қабыртқа – 12 жұп;

  2. кеуде омыртқасы – 12 омыртқадан;

  3. төс.

24. Кеуденің 2 тесігі:

  1. жоғарғы;

  2. төменгі .

25. Қол сүйектері:

  1. жауырын және бұғана;

  2. тоқпан жілік,білек сүйектері,қолбасы сүйектері.

26. Тоқпан жілік сүйегінің 3 бөлігі:

  1. жоғарғы проксималды шеті;

  2. төменгі дисталды шеті;

  3. денесі.

27. Тоқпан жіліктің жоғарғы ұшының 4 анатомиялық құрылымы:

  1. басы;

  2. анатомиялық және хирургиялық мойны;

  3. үлкен және кіші төмпешігі және жиектері;

  4. төмпешік аралық жүлгесі.

28. Тоқпан жілік денесінің жиектері мен беттері:

  1. медиалды жиегі және беті;

  2. латералды жиегі және беті;

  3. алдыңғы жиегі және артқы беті.

29.Тоқпан жіліктің дисталды шетіндегі негізгі 3 түзілісі:

  1. медиалды және латералды айдаршық;

  2. шығыршық;

  3. шынтақ өсіндінің және тәж өсіндінің шұңқырлары.

30. Шынтақ жіліктің негізгі 3 бөлігі:

  1. жоғарғы проксималды шеті;

  2. төменгі дисталды шеті;

  3. денесі.

31. Шынтақжіліктің дисталды шетінің 3 анатомиялық түзілісі:

  1. бізтәрізді өсіндісі;

  2. шынтақ жіліктің басы;

  3. буындық айналмасы.

32. Шынтақжіліктің проксималды шетіндегі 4 анатомиялық құрылым:

  1. шынтақ өсіндісі;

  2. шығыршықтық тілігі;

  3. тәждік өсіндісі;

  4. кәріжіліктік шұңқыры.

33. Шынтақжілік денесінің 3 беті:

  1. алдыңғы;

  2. артқы;

  3. медиалды.

34. Кәріжіліктің негізгі 3 бөлігі:

  1. денесі;

  2. жоғарғы проксималды бөлігі;

  3. төменгі дисталды бөлігі.

35. Кәріжіліктің проксималды шетінің негізгі 4 анатомиялық құрылымы:

  1. басы;

  2. мойны;

  3. бұдырмағы;

  4. буындық айналмасы.

36. Кәріжіліктің дисталды шетінің негізгі 3 анатомиялық құрылымы:

  1. бізтәрізді өсіндісі;

  2. шынтақтық тілігі;

  3. білезіктік беті.

37. Кәріжілік денесінің 3 беті:

  1. алдыңғы;

  2. артқы;

  3. латералды.

38. Қол ұшы сүйектерінің 3 бөлімі:

  1. білезік сүйектері;

  2. алақан сүйектері;

  3. саусақтардың бунақтары.

39. 8 білезік сүйектері:

  1. қайық тәрізді;

  2. жарты ай тәрізді;

  3. бұршақ тәрізді;

  4. трапеция сүйегі;

  5. ұшқырлы;

  6. басты сүйек;

  7. ілмек тәрізді;

  8. трапеция тәрізді.

40. Алақан сүйектерінің саны:

  1. 5.

41. Алақан сүйегінің 3 бөлігі:

1. негізі;



  1. денесі;

  2. басы.

42. Саусақтардың(2,3,4,5)бунақтары:

  1. проксималды;

  2. ортаңғы;

  3. дисталды.

43. Үлкен 1-ші саусақтағы бунақтар:

  1. проксималды бунақ;

  2. дисталды бунақ.

44. Аяқтың негізгі 2 бөлігі:

  1. жамбас белдеуі;

  2. аяқтың еркін бөлігі.

45. Жамбас белдеуінің сүйектері:

  1. жамбас сүйегі ( мықын сүйек, шонданай, қасаға сүйек);

46. Аяқтың еркін бөлігінің сүйектері:

1. ортан жілік;



  1. үлкен жіліншек;

  2. жіліншік шыбығы;

  3. аяқ ұшы сүйектері.

48.Жамбас астауының 2 бөлігі және олардың арасындағы шекарасы:

  1. үлкен жамбас астауы;

  2. кіші жамбас астауы;

  3. доғатәрізді сызық.

49. Ортан жіліктің 3 бөлігі:

  1. дисталды шеті;

  2. денесі;

  3. проксималды шеті.

50. Ортан жіліктің проксималды шетіндегі негізгі 8 анатомиялық құрылымы:

  1. ортан жіліктің басы;

  2. ортан жілік басының шұңқыры;

  3. ортан жіліктің мойны;

  4. үлкен ұршық;

  5. кіші ұршық;

  6. үлкен ұршықтың шұңқыры;

  7. ұршықаралық сызық;

  8. ұршықаралық қыр.

51. Ортан жілік денесіндегі негізгі 2 анатомиялық құрылымы:

  1. бұдырлы сызық;

  2. латералды, медиалды ернеу.

52. Ортан жіліктің төменгі (дисталды) шетіндегі 5 анатомиялық элементі:

  1. латералды және медиалды айдаршықүсті;

  2. латералды және медиалды айдаршық;

  3. тізе тобықтық беті;

  4. тақым беті;

  5. айдаршық аралық шұңқыр.

53. Үлкен жіліншіктің негізгі 3 бөлігі:

  1. жоғарғы шеті ( проксималды эпифиз);

  2. денесі ( диафиз);

  3. төменгі шеті ( дисталды эпифиз).

54. Үлкен жіліншіктің жоғарғы шетіндегі 5 анатомиялық элементі:

  1. медиалды және латералды айдаршықтары;

  2. айдаршық аралық үстірт;

  3. алдыңғы және артқы айдаршық аралық алаң;

  4. кіші жіліншіктік буындық беті;

  5. үлкен жіліншіктің бұдырмағы.

55. Үлкен жіліншіктің денесіндегі негізгі 2 анатомиялық құрылымы:

  1. латералды немесе сүйекаралық жиек, алдыңғы жиек, медиалды жиек;

  2. медиалды, артқы және латералдық беттері.

56. Жіліншік шыбығының 3 бөлігі:

  1. жоғарғы ( проксималды)шеті;

  2. денесі;

  3. төменгі ( дисталды) шеті.

57. Үлкен жіліншіктің дисталды шетіндегі негізгі 2 анатомиялық құрылым:

  1. медиалды толарсақ;

  2. кіші жіліншіктік тілік.

58. Жіліншік шыбығының жоғарғы шетіндегі анатомиялық 2 құрылым:

  1. жіліншік шыбығының басы;

  2. жіліншік шыбығының мойны.

59. Жіліншік шыбығының төменгі шетіндегі анатомиялық 2 элементі:

  1. сыртқы (латералды) толарсақ;

  2. латералды толарсақтың буындық беті.

60. Аяқ басының 3 бөлігі:

  1. табан;

  2. тілерсек;

  3. бақайлар бунақтары.

61.Тілерсек сүйектері:

  1. топай сүйек;

  2. өкше;

  3. қайық тәрізді сүйек;

  4. текше сүйек;

  5. 3 сынатәрізді сүйек ( латералды, аралық, медиалды).

62. Топай сүйектің негізгі 4 бөлігі:

  1. денесі;

  2. басы;

  3. шығыршығы;

  4. буындық беткейлері.

63. Өкше сүйегінің негізгі 3 бөлігі:

  1. өкше сүйегінің төмпесі;

  2. асықтың тірегі;

  3. буындық беттері.

64. Табан сүйектерінің саны:

  1. 5 табан сүйегі бар.

65. Табан сүйегінің 3 бөлігі:

1. денесі;



  1. негізі;

  2. басы.

66. Аяқ ұшы бақайларының бунақтары:

  1. проксималды бунақ;

  2. ортаңғы бунақ;

  3. дисталды бунақ.

67. Бірінші бақайдың бунақтар саны:

  1. екі.

68. Шеке сүйегінің негізгі 4 элементтері:

1. сыртқы және ішкі беткейлері;



  1. төбе төмпесі;

  2. 4 жиегі ( сагиталды, маңдайлық, шүйделік, қабыршақты);

  3. 4 бұрышы ( маңдайлық, сынатәрізді, шүйделік, емізіктәрізді).

69. Маңдай сүйегінің негізгі 4 бөлігі:

  1. қабыршағы;

  2. мұрындық бөлік;

  3. көзшаралық бөлік.

70. Маңдай сүйек қабыршағының негізгі 11 анатомиялық элементтері:

  1. ішкі және сыртқы беті;

  2. маңдай төмпесі;

  3. самайлық сызығы;

  4. самайлық беті;

  5. төбелік жиегі;

  6. көзұяүсті тілігі;

  7. қастық доғасы;

  8. бет сүйек өсіндісі;

  9. сагиталды жүлге;

  10. маңдай қырқасы;

  11. маңдай қойнауы.

71. Шүйде сүйегінің негізгі 3 бөлігі:

  1. шүйде сүйегінің қабыршағы;

  2. латералды бөлігі;

  3. негізгі бөлігі.

72. Шүйде сүйегі қабыршағының негізгі 5 анатомиялық элементі:

  1. ішкі және сыртқы беті;

  2. сыртқы шүйде шодыры;

  3. сыртқы және ішкі шүйде қыры;

  4. крест тәрізді қырат;

  5. жоғарғы сагитталды қойнауының және көлденең қойнауының жүлгелері.

73. Шүйде сүйегі латералды бөлігіндегі негізгі 3 анатомиялық элементі:

  1. шүйде сүйегінің айдаршығы;

  2. тіласты нервінің өзегі;

  3. мойындырық тілігі.

74. Сынатәрізді сүйектің 4 бөлігі:

  1. үлкен қанаты;

  2. кіші қанаты;

  3. қанат тәрізді өсіндісі;

  4. денесі.

75. Сынатәрізді сүйектің денесіндегі анатомиялық 5 элементі:

  1. түрік ершігі;

  2. гипофиз шұңқыры;

  3. түрік ертоқымының төмпешігі;

  4. түрік ертоқымының арқасы;

  5. сынатәрізді сүйектің қойнаулары.

76. Сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттарының 4 беті:

  1. милық беткей;

  2. көзұялық беткей;

  3. самайлық беткей;

  4. жоғарғы жақ беткейі.

77. Сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының 3 тесігі:

  1. дөңгелек тесік;

  2. сопақ тесік;

  3. қылқанды тесік.

78. Сынатәрізді сүйектің кіші қанаты мен үлкен қанаты арасындағы саңылау:

  1. жоғарғы көзұялық саңылауы.

79. Қанат тәрізді өсіндісінің 2 табақшасы:

1.медиалды табақша;



  1. латералды табақша.

80. Самай сүйегінің 4 бөлігі:

1.қабыршақты бөлігі;



2.дабылды бөлігі;

  1. тасты бөлігі;

  2. емізіктәрізді бөлігі.


81. Самай сүйегінің қабыршақты бөлігінің анатомиялық 4 элементі:

  1. ішкі беті;

  2. бет өсіндісі;

  3. төменгі жақсүйек шұңқыры;

  4. буын төмпешігі.

82. Самай сүйегінің дабыл бөлігінің анатомиялық 2 элементі:

  1. сыртқы есту жолы;

  2. біз тәрізді өсіндінің қынабы.

83. Самай сүйегінің тасты бөлігіндегі анатомиялық 8 элементі:

  1. алдыңғы беті;

  2. үшкіл нерв түйінінің ойысы;

  3. үлкен және кіші тасты нервтерінің жүлгелері;

  4. доғатәрізді қырат;

  5. дабыл қуысының төбесі;

  6. артқы беті;

  7. ішкі есту жолы;

  8. төменгі беті.

84. Самай сүйегінің емізіктәрізді бөлігіндегі анатомиялық 3 элементі:

  1. тілік;

  2. артериалық жүлге;

  3. сигматәрізді жүлге.

85. Самай сүйегінің 7 өзегі:

  1. ұйқы артериясының өзегі;

  2. бет нервінің өзегі;

  3. бұлшық ет – түтіктік өзегі;

  4. ұйқы-дабыл өзекшелері;

  5. емізік тәрізді өзекше;

  6. дабыл өзекшесі;

  7. дабыл шегінің өзекшесі.

86. Бассүйектің бет бөлігінің 9 сүйегі:

  1. жоғарғы жақ;

  2. төменгі жақ;

  3. таңдай сүйегі;

  4. мұрын сүйегі;

  5. көзжас сүйегі;

  6. төменгі мұрын қалқаны;

  7. өре сүйегі;

  8. бет сүйегі;

  9. тіласты сүйегі.

87. Жоғарғы жақтың негізгі анатомиялық 7 құрылымы:

  1. мандай өсіндісі;

  2. таңдай өсіндісі;

  3. ұяшықтық өсінді;

  4. гаймор қуысы;

  5. денесі;

  6. 4 беті;

  7. бет өсіндісі.

88. Жоғарғы жақ 3 қуысты құрауға қатысады:

  1. көзшара;

  2. мұрын қуысы;

  3. ауыз қуысы.

89. Бет сүйегінің 3 беткейі:

  1. латералды беті;

  2. самайлық беті;

  3. көзшаралық беті.

90. Бет доғасының құрайтын 2 сүйек:

  1. бет сүйектің самайлық өсіндісі;

  2. самай сүйектің бет өсіндісі.

91. Таңдай сүйегінің негізгі 5 анатомиялық құрылымы:

  1. пирамидалық өсіндісі;

  2. көзшаралық өсіндісі;

  3. сынатәрізді өсінді;

  4. горизантальды табақша;

  5. таңдай - сынатәрізді тілігі.

92. Таңдай сүйегі 4 қуысты құрауға қатысады:

  1. көзшара;

  2. мұрын қуысы;

  3. ауыз қуысы;

  4. қанат-таңдай шұңқыры.

93. Жоғарғы жақтың төменгі жаққа қарағандағы 2 ерекшелігі:

  1. жылжымалы;

  2. самай -төменгі жақ буынын құрайды.

94. Төменгі жақтың анатомиялық 15 құрылымы:

  1. дене;

  2. тармақтар;

  3. шайнау бұдырлығы;

  4. қанаттәрізді бұдырлығы;

  5. буындық өсіндісі;

  6. төменгі жақ тілігі;

  7. төменгі жақ бұрышы;

  8. иек қылқаны;

  9. төменгі жақтың тесігі;

  10. иек тесігі;

  11. төменгі жақ өзегі;

  12. иек төмпешігі;

  13. төменгі жақ асты шұңқыры;

  14. қосқарыншалық шұңқыр;

  15. тіласты шұңқыры.

95. Тіласты сүйегінің 2 бөлігі:

  1. ортаңғы бөлігі- денесі;

  2. ұзын және қысқа мүйіздері.

96. Бассүйектің бет бөліміндегі мүшелер жүйелерінің бастамаларының орналасауы:

  1. сезім мүшелері жүйесі;

  2. тыныс алу жүйесі;

  3. ас қорыту жүйесі.

97. Ортаңғы мұрын жолына жоғары жақ бетінен ашылатын қойнау:

  1. гаймор қойнауы.

98. Жоғарғы жақтың мұрындық бетіндегі орналасқан 2 қыр:

1. торлы қыр;



  1. қалқандық қыр.

99. Көзұясын мұрын жолымен жалғастыратын өзек:

1. мұрын-көзжастық өзек.



100. Көзұяның төменгі қабырғасындағы түзілістер:

1.көзұяасты жүлгесі;

2.көзұяасты өзегі.

101.Таңдай сүйегі құруға қатысады:

1.қатты таңдайды.



102. Көзұяның 4 қабырғасы:

1.медиалды;



2.латералды;

  1. жоғарғы;

  2. төменгі.

103.Көзұяның медиалды қабырғасын құрастыруға қатысатын 4 сүйек:

  1. жоғарғы жақтың маңдай өсіндісі;

  2. көзжас сүйегі;

  3. торлы сүйектің көзұялық табақшасы;

  4. сынатәрізді сүйектің денесі.

104. Көзұяның латералды қабырғасын құрастыратын 2 сүйек:

  1. бет сүйегінің көзұялық беті;

  2. сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты.

105. Көзұяның жоғарғы қабырғасын құрайтын 2 сүйек:

  1. маңдай сүйегінің көзұялық бөлігі;

  2. сынатәрізді сүйектің кіші қанаты.

106. Көзұяның төменгі қабырғасын құрастырушы 3 сүйек:

  1. бет сүйегі;

  2. жоғарғы жақ;

  3. таңдай сүйегі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет