Боксшыларымыз Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан “Бранко Пешич” атындағы дәстүрлі турнирді жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Боксшыларымыз Белградтағы "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирін жеңіспен бастады. Алғашқы жекпе-жегінде ринг қожайыны Антонио Биссетті айқын басымдықпен жеңген 71 келідегі Сабыржан Аққалықов екінші кездесуінде де жеңіске жетті. Ол венгриялық Ромео Бузаны ұтса, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Идрис Айтханнан айласын асырды. 75 келі салмақта сынға түскен Диас Молжігітов те жарысты жарқын жеңіспен бастап, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұл додада үш боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 63,5 келідегі Ерасыл Таңқай армениялық Нарек Хоранисянға, 86 келідегі Темірлан Мұқатаев 2023 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Шарапутдин Атаевқа есе жіберді. Одан бөлек, 57 келідегі Оразбек Асылқұлов та ресейлік Эдуард Савиннен айласын асыра алмады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.