Адамзат дамуының гендерлік аспектілері және гендерлік қатынастар



Дата10.04.2019
өлшемі106 Kb.
#90977

ЖОК 321.019.5
Адамзат дамуының гендерлік аспектілері

және гендерлік қатынастар
Экон.ғыл.канд. К.Т.Аширбаева

Г.Б.Абдрахманова




Мақалада адамзат дамуы мен гендерлі факторларының өзара байланыстылығы, сонымен қатар адамзат даму концепциясының негізгі идеясы – бүл адамдарды анақұрлым кең ауқымдағы таңдау мүмкіндіігі мен қамтамасыз ету үшін әуелі гендерлі аспектілерінің орындалуының қажетті екендігі көрсетілген.
«Негізгі ұлттық байлығы» бұл сондағы адам болып есептелінеді. Дамудың негізгі мақсаты болып – адамдардың ұзақ өмір сүруімен қатар, олардың денсаулығынынң, шығармашылық өмірінің ортасын жақсы болуын қамтамасыз ету. Бұл өте маңызды мәселе, материалдық және қаржы тұрмыстық жағдайында жетістікке жету процессінде көбінесе көңілге алып байқалады.

Адамзат дамуы дегеніміз – адам тіршілігінің барлық құбылыстарында, адамдарды анақұрлым кең ауқымдағы таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету деген мағына. Осы мағынаның ең негізгісі – адамдар ұзақ және ауру сырқаусыз өмір сүру, сонымен қатар білім алу, лайықты тұрмыс жағдайын жақсартуға қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік ету. Ал егер адамдар негізгі осы таңдауларға қол жеткізе алмаса, онда олар өзге мүмкіндіктерге шамасы келмейді.

Адам даму идеясы – адамдардың барлық маңызды сферадағы әлеуметтік, саясаттық, экономикалық, сонымен қатар шығармашылық потенциалын кең көлемде қарастырады. Адамдар өздерінің негізгі мүмкіншіліктерін ұлғайтуға ұмтылады, білім алуына, сауатты болуына, денсаулығының жақсартуына, жақсы тамақтануына, суықтан қорғануына, киім мен баспанасының жоқтығынан сонымен қатар еркін жүріп тұруына. Адам өміріндегі бұл аспектілер жан-жақты қаралып, әр түрлі елдерді салыстыруда кешенді индекстерді қолдануға мүмкіндік етеді /1/.

Гендер деген мағына – 1968 жылы американдық психоаналитик Роберт Столлер былай деп түсіндірген. Егер де адамдар жынысы биологиялық мәнді білдірсе, ал гендер адамдардың психологиялық және мәдениеттік мәнін білдіреді деп түсіндірген. Гендер мағынасы көп жағдайларды сипаттайды және төмендегі анықтамалар жинағынан құрылады - әртүрлі жыныстық рөлдері бірігіп қоғамды құрайды; адамдардың биологиялық жынысына байланысты әлеуметтік және мәдениеттік нормада жұмыстарды орындауға баулайды; қоғамда әйелдер мен ерлер статусына байланысты, орын алу жағдайларының айырмашылығынан; гендерлік айырмашылығына байланысты әйелдер мен ерлер арасында теңсіздік болу:

Адамзат дамуы концепциясының негізгі идеясына көңіл бөлсек, онда адамның дамуы әуелі гендерлі аспектілерінің орындалуы керек. Бұл концепциясында әйелдер мен ерлер арасындағы қоғамдағы орын алу айырмашылығын зертеп өлшейтін әлеуметтік индикаторлар өңделіп дайындалған. Бірінші индикатор – адам дамуында гендерік факторларды ескеру – бұның мәні, бір салада әйелдер мен ерлер арасында теңсіздікті жою проблемалары қозғалған, ал егер де бір салада әйелдер мен ерлер арасында теңдікті ескермеген жағдайда, штраф төлеп сөгіс берілуі тиісті, бұл жағдайда адам дамуы гендерлік факторын ескеру индексі төмендей түседі. Ал екінші индикатор – бұл әйелдер мүмкіншілігін кеңейту көрсеткіштерді қолданып әйелдер мен ерлердің қоғамымыздың әлеуметтік және саяси өмірінде белсенділіктерін анықтаудан негізделінеді, сонымен қатар бір басқару шешімдерін қабылдау кезде де әйелдердің қабылетін, мүмкіншілктерін қажет ету керектігі.Жоғарғы екі идикаторлар жалпы бір елдің экономикалық өсу прогресін бағалау мен анықтау кезінде, қаншама генерлік теңсіздік дәрежеде болғандығын өлшеуге мүмкіндік береді.

Адамзат дамуы мен гендерлі факторларының өзара байланыстылығы төменгі жағдайдан туындайды: 1-әділетті және теңдік; 2-әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті жою, адам құқығын қорғау; 3-адам құқығын қорғау құжаттары бойынша мемлекет өз міндеттерін орындауы тиіс; 4-сенімді болу және жауапкершілікті болу; 5-нәтижелі және тұрақтылық; 6-бұл жерде еліміздің дамуының әр түрлі аспектілерінде әйел, еркек деп бөлмей бірдей қоғамға қатыстыру қажет; 7-өмір сүру жағдайының сапалылығы; 8-теңдікті сақтау кезде, адам өмірін жақсартуға қамтамасыз етіледі; 9-халықаралық одақ құру; 10-басқа елдермен серіктес одақтас қоғам құқаралық одақ құру; 10-басқа елдермен серіктес одақтас қоғам құруға мүмкіндік береді; 11-тізбек жол құру; 12-бұл жерде әйел мен ерлер арасында теңдікті қолдау қажет жеке адамнан жанұяға сонан соң қоғамға өтіп немесе жалғасып отырады, бұндай тізбек жол құру әдісі жалпы елдің экономикасының өсуіне әсер етеді.

Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стереотиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды. Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени ауанда басым болып отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты /2/.

Бізде, алайда, бәрі де ойдағыдай деп айта аламыз ба? Отбасының жағдайы, бала тәрбиесі, ері мен әйелінің тең құқықтары - бір сөзбен айтқанда, бас қатыратын проблемалар баршылық. Қазақстан гендерлік саясатта батыстық модельге, әсіресе орталық, Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибелеріне сүйенеді. Бірақ олардың даму үрдісіндегі барлық саты бізге үлгі бола ала ма? Айталық, бір ғана демографиялық дамудың негізін құрайтын бала- туу деңгейі (батыс елдеріндегі) Қазақстан үшін қолдануға келмейтін қателік емес пе? Нақты мысалға жүгініп көрелік. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10-15 жыл көлемінде Еуропа елдерінде бала туу деңгейі 0,7-2 пайызға дейін төмендеген. Тіпті өзіміздің ұлы көршіміз Ресей халқының саны жыл сайын 750 мың мен 1 миллион адам арасында азайып барады. Ресей Президенті жақында осы олқылықтың орнын толтырудағы нақты шара ретінде дүниеге сәби әкелген әрбір әйелге мұнайды сыртқа шығарудан түскен қосымша қаражаттан түскен табыс есебінен 250 мың рубль (шамамен 7 мыңдай АҚШ доллары) төлем төлеу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бірақ сол дамыған елдердің, әсіресе Франция, Италия, Дания мен Жапония сияқты мемлекеттердің осы мәселе тұрғысында ондаған жылдар бойы жүргізіп келген шаралары елеулі нәтиже бермеді. Ал Қазақстанда осындай төлемнің көлемі 100 доллардан аспаса да, бала туу деңгейі соңғы бірнеше жыл ішінде тұрақты түрде өсіп келеді. Қуанышты жайт, әрине. Бұл жерде біздің шығыстық менталитетімізге қоса, түзеліп келе жатқан әлеуметтік, тұрмыстық, экономикалық жағдайымыз бен саяси тұрақтылықтың да атқарып отырған рөлі жоқ емес. Әлемдік өркениетке қатарласқың келеді екен, онда оның шарттарына да әзір бол. Гендерлік саясатты осы өркениеттің бір бөлшегі ретінде қарастырсақ, темірқазықтай тіктеп ұстайтын бағыттың бірі — адам өмірі, оның жасының ұзақтығы. Қазақстан бұл тұрғыдан келгенде адамның орташа өмір сүру жасы 80-нен асып жығылатын сол жапондармен, одан сәл төмендеу әлгі өзіміз үлгі тұтатын батыстағы шведтермен, француздармен, немістермен тайталаса алмасы кәміл. Өйткені біздегі ер адамдардың орташа өмір сүру жасы шамамен 65 болса, әйелдердікі бұдан сәл жоғары екен. Сондықтан гендерлік саясатты тек саясат деп қарамай, оны адам өмірін ұзартудың, оған қолайлы жағдай жасаудың, әсіресе еңбекке тарту мен зейнеткерлік жасын реттеудің, әлеуметтік, тұрмыстық және басқа көптеген қажетті мәселелерді кешенді түрде шешудің тұтқаларын енгізіп, қамтамасыз ету қажет деп карастырғанымыз жөн шығар.

Қазақстан - құқықтық мемлекет. Әлем назарын аударған мәселелерден айналып өтпейтініміз анық. Гендерлік теңдік - демократиялық үрдістердің негізгі көріністерінің бірі. Қазір кәсіпкер әйелдер баршылық. Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мемлекет саясаты. Әйел - ана. Ана ұғымынан бала, отбасы түсінігі туады. Бизнес саласында өзінің де, отбасының да, туған-туыс, ауыл-аймағының да, жетім-жесірдің де жоғын түгендеп жүрген нәзік жыныстылар көбейіп келеді. Отбасы институты қалыптасуы үшін әуелі әйелдің жағдайы дұрыс болуы тиіс. Мемлекеттің отбасы қарым-қатынастарына гендерлік теңдікті енгізгендегі басты мақсаты - ер мен әйелдің, баланың денсаулығын нығайту, ұрпақты болу, өмір сүру деңгейін арттыру, ер-әйелге, балаға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы ел болып күресу. Мұның бәрі кезең-кезеңімен жүзеге асып жатса, қазақ қоғамының нығаюына қосылған үлкен үлес.

Гендерлік әйел мен ерді бір-біріне қарсы қою емес. Қандай да саналы қоғам екі жыныс өкілінің мүддесін бір-бірінен бөле-жармасы хақ. Ер - асыраушы, әйел - ошақ ұйтқысы екені ежелден белгілі. Осылай болып та қала бермек. Дегенмен, бұл мәселеге біржақты қарамаған абзал. Заман ауысқан сайын, ұрпақ санасы да, қоғам көзқарасы да өзгеріп отыруы заңдылық. Әйел билікке қатыспасын деу қате. Ал қызметте өз біліктілігін көрсету арқылы жоғары мінберге көтеріліп жатса, мынау мансапқор екен деу де жаңсақтық. Гендер жат, зиян келтіретін саясат деп айта алмаймын. Қайта белсенді қыздарымызға қолдау көрсетіп, олардың ақыл-парасатын мемлекетіміздің дамуы үшін пайдаланғанымыз оңды.

Қазақстандағы соңғы жылдардағы әлеуметтік жөне экономикалық өзгерістер ерлер мен әйелдердің қоғамдағы рөлдерінің арақатынасы туралы екі қарама-қарсы – консервативтік және тең құқылық көзқарастардың  белсенделуімен сипатталады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына берілген маңызды жауап қоғамдағы гендерлік рөлдердің түбегейлі өзгеруі болды. Көптеген әйелдер отбасының экономикалық тірі қалуы мен әлеуметтік-психологиялық өзін өзі сақтап қалуы жөніндегі жауапкершілікті өз мойындарына артып, қосымша асыраушылардан отбасының негізгі асыраушыларына айналды. Мысалы, ерінен табысты көп тапқан немесе тіпті күйеуі  жұмыссыз болса да, әйел өзінің оны және балаларын күту жөніндегі дәстүрлі міндеттерінен боспын деп сезіне алмайды, ал күйеуі болса, отбасы мен қоғамның дәстүрлі үлгісінің  бұлжымайтындығына сүйеніп, теңсіздік қатынастар тәжірибесін жалғастыра береді. 

2008 жылдың басына Қазақстанда әйелдердің орташа жасы 32,7, еркектердің –

29,6 жас болды. Қала халқы үшін 34,4 және 30,8 жастағы орташа жастан асып түсу тән, ауылды жерлерде бұл көрсеткіш, тиісінше, 30,4 және 28,1 жас.

Республиканың 14 облысы бойынша халықтың орташа күтілетін өмір ұзақтығы әйелдер 69,4–71,9 жас аралығында, еркектер – 58,3-62,9. Ең жоғары көрсеткіш 68,6 жас. Астана және Алматы қалаларында болжамланады, ең төмені 64,1 – Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында. Қазақстанда 1000 еркекке 1079 әйел келеді. Әйелдер санының өсу үрдісі еркектермен салыстырғанда 25-29 жасқа жеткен күннен басталады. 75-79 жасқа дейін еркектерге қарағанда әйелдер екі есе ұзақ өмір сүреді. 2007 жылы Қазақстандағы әйелдер санының табиғи өсімі 45,2 мыңды құрады, еркектер – 33,2. Тиісінше, 111 және 116 мыңы дүниеге келген, 65,8 және 82,9 мыңы дүниеден қайтқан /3/.

Төменгі 1-ші суретте еркектер мен әйелдер санының ара қатынасы 1000 еркекке келетін әйелдер көрсетілген.

Сурет 1 - Еркектер мен әйелдер санының ара қатынасы 1000 еркекке келетін әйелдер, адам

Төменгі 2-ші суретте ғылыми кадрлардың ішіндегі еркектер мен әйелдердің үлесті салмағы пайызбен көрсетілген.



Сурет 2 - 2008 жылдағы ғылым салалары бойынша ғылыми кадрлардың ішіндегі еркектер мен әйелдердің үлесті салмағы

Гендерлік теңсіздік әлем елдеріне ортақ проблема. Фридрих Эберта атындағықордың Орта Азиядағы өкілдігінің басшысы Райнхард Кумм гендерлік теңсіздік Батыс Германияүшін де өзекті мәселе болып тұрғанын айтады. Яғни, әйелдің орны ас үй түсінігіол жақтада жойылмаған. Ал, Қазақстан бұл тұрғыдан мақтануға болады. Алайда бізде де мемлекеттік құрылымдардың көп бөлігін ерлер домалатып ортырғаны жасырын емес. Әйелдердің мұндағы үлес салмағы небәрі 10-12 пайызды құрайды екен.

2007/2008 оқу жылының басына ғылым докторының ғалымдық дәрежесімен профессор-оқытушы құрамның саны 3000 адамды құрайды, оның ішінде 729 әйел және 2271 еркек, ғылым кандидатының ғалымдық дәрежесімен – 13107, оның ішінде әйел және еркек. Төменгі 3-ші суретте еркектер мен әйелдердің орташа айлық атаулы жалақысы көрсетілген.

Сурет 3 - Еркектер мен әйелдердің орташа айлық жалақысы, тенге

Гендерлік саясаттың іске асырылуы әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру аясындағы нақты бағдарламалар әзірлеуге жағдай жасайды.Әйелдер құқығын қамтамасыз ету мақсатында адам құқығын қорғау жөніндегі барлық органдар және механизмдердің өзара іс-қимылы мен қызметін үйлестіру қажет.

БҰҰ Даму бағдарламасының «Гендерлік теңдік және Қазақстандағы әйелдер жағдайы» туралы есебінде жарияланған дерек бойынша, Қазақстан халқының 51,9 пайызын әйелдер құрап отыр. БҰҰ-ның Қазақстандағы «Гендер және даму» бюросының директоры Гүлира Мырзабаева:

«Қазақстан Конституциясында ер мен әйел тең құқылы деп көрсетілгенімен, елде әйелдер құқығының сақталмай жататындығы байқалады», - дейді. Оның айтуынша, әйелдер бүгінде еңбек ақы аз төленетін, кішігірім қызметтерде шоғырланып отыр. Олардың еңбек ақысын ер адамдардыкімен салыстырғанда анағұрлым алшақтықты байқауға болады дейді сарапшылар. «Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда өмір сүру деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Дамыған елдердегідей жұмыс істейтін әйелдер 100 пайыз болатын болса, олардың 30-40 пайызы басқаруда болу керек», - дейді Гүлира Мырзабаева /4/.

БҰҰ Даму бағдарламасының «Гендерлік теңдік және Қазақстандағы әйелдер жағдайы» туралы есебінде келтірілген деректер бойынша, өкімет органдары мен жоғары деңгейдегі басқарудың арасында, ұйымдардың жетекшілерін қоса есептегенде әйелдердің үлес салмағы небәрі 3,5 пайыз, саясаттағы әйелдердің үлес салмағы - 8 пайызды, ал төменгі лауазымдық деңгейдегі қызметкерлердің арасындағы үлесі – 76,6 пайыз болып отыр екен.

«Бұл деректермен келісуге болмайды. Мысалы, басқару мен саясат жүйесінде әйелдердің үлес салмағы 8 пайыз дейді. Осы деректі АҚШ, Германия, Франция сынды елдермен салыстыратын болсақ, қандай көрсеткіш? Меніңше, бұл көрсеткішпен сол елдерден біз көп қалып жатқанымыз жоқ», - дейді Алматыдағы Еуразия Нарық институтының ректоры, профессор Айтқали Нұрсейіт. Оның пікірінше, Қазақстандағы жағдайды дамыған елдердің көрсеткішімен салыстыруға болмайды.

Мамандар осындай зерттеулер жүргізгенде күллі дүниежүзі елдерін 3-4 топқа бөлгені жөн. Ең алдымен 8 өте дамып кеткен елдер, одан кейін дамыған елдер, дамып келе жатқан елдер, соңында басқа елдер. Әр топта түрлі салада әйелдердің үлес салмағы қандай болу керек. Зерттеу бойынша, оның бүгінгі күні деңгейі қандай? Осы сауалдарға жауап ізделсе сонда бұл зерттеудің мәні жоғары болады. Сонымен қатар гендердің әлеуметтік және экономикалық құқықтарына келсек Европадан Орталық Азиядан, Шығыс Азия және Тынық мұхиты жағалауларындағы аймақтардан бөлек, әйелдер әлеуметтік және экономикалық құқықтары жағынан еркектерден төмен болады. Оңтүстік Азия және Африкадан Оңтүстік Сахараға дейінгі жерлердегі мекендерде гендерлік теңсіздіктер 1985-1990 жылдары шамалы ғана айырмашылықта болды.

Бізде Қазақстан Республикасына келіп тоқтайтын болсақ. Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады. Қазақстан өте жас тәуелсіз мемлекетімізге қарамастан экономикалық, саяси, мәдени жағынан жан-жақты дамып келе жатқан елміз. Біздің елімізде ең бастысы әйел мен еркек заң алдында тең құқылы. Бізде саяси жағында ерлер үлесі басым, сонда да қазіргі таңда саяси қызмет жағында әйелдердің де үлес салмағы қосылып келе жатыр. Бұл гендерлік теңсіздік мемлекетімізге еш кедергі жасамайды яғни проблемалар туғызбайды деп ойлаймын. Қорыта келгенде гендердің әркелкілігі адамдардың тағдырына көптеген кедергісін тигізуде. Гендерлік проблемаларды шешу жолында көптеген ұлттық конституциялар өмір сүріп жатқан азаматтардың тең құқылы болуын және еркін болуын, олардың гендерлік құрылысы мен жас мөлшеріне қарамастан қадағалап отырады. Гендерлік теңдік еліміздің өркендеуі тікелей ықпал жасауда. Ерлер мен әйелдердің бірігіп жұмыс атқарып, қоғамға қандай да бір көмегін тигізуі қажет. Бұл жағдайларға мемлекет көптеген жағдайлар жасауды. Ерлер мен әйелдердің арасындағы тепе-теңдікті болдыру үшін заңға бір-екі өзгертулер енгізу қажет деп ойлаймын, әсіресе от басы заңына, зорлық – зомбылықтың болдырмау жолдарын, саясатқа байланысты өз ойын ортаға салу жөнінде болғаны дұрыс. Осы жағдайларды қолға қадағалап отырсақ гендерлік проблемалар шешілуі мүмкін.


Әдебиет


  1. Қазақстандағы адам дамуы, Б.Ұ.Ұ. даму бағдарламасы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экон. Универ. – Алматы, 2003 ж.

  2. Шоқаманов Ю. К. «Қазақстандағы адам даму тенденциясы» - Алматы, ҚР Статистика Агентігі бойынша,2001 ж.

  3. Женщина и мужчины Казахстана. Гендерная статистика - Алмыты Агентство по статистике Р.К.,2005 г.

  4. Притворова Т.П. и др. Принципы обеспечения гендерного равенства населения в РК// Аль-Пари, №2 , 2007 г.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз

Гендерные отношения и гендерные аспекты

человеческого развития
Канд.экон.наук К.Т.Аширбаева

Г.Б.Абдрахманова


В статье рассматриваются проблемы взаимосвязи гендерных факторов и чело-веческого развития в Казахстане и реализации основной идеи концепции чело-веческого развития, направленной на обеспечение возможностей широкого выбора на основе соблюдения гендерных аспектов.

Gender relations and gender aspects of person’s development

Cand.tech.sci. K.T.Ashirbayeva



G.B.Abdrahmanova
The article deals with the problems of relations of person’s development with gender factors in Kazakhstan. So, the main idea of the article is connected with close intercom-nection of person’s development with gender factors
Каталог: rus -> all.doc -> Vest-10-2 -> 1 2010 -> 1.1
1.1 -> Ауыл шаруашылық Өнімдерін өткізуде стратегиялық маркетингті қалыптастыру
1.1 -> Азыќ-тїлік ќауіпсіздігі — заман талабына сай
1.1 -> Ќазаќтсан Республикасында шаєын жјне орта кјсіпорындарды дамытудыѕ индустриалды-инновациялыќ негіздері
1.1 -> Облыстаєы мал тўќымын асылдандыру жаєдайы мен перспективалары туралы
1.1 -> Жамбыл облысының индустриялды – инновациялық дамуының Қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары
1.1 -> Методолгиялыќ экономикалыќ єылымныѕ
1.1 -> Табыстар мен тұтынулардағы теңсіздік – кедейшіліктің алғышарты ретінде
1.1 -> Агроґнеркјсіптік кешенніѕ елдіѕ азыќ-тїлік ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешетінін ескере отырып, ќазір ќолымызда бар отандыќ ауылшаруашылыќ ґндірісін ќолдау аса ґзекті мјселеге айналып отыр
1.1 -> Басқару есебінің негізгі теориялық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет