Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Qnet" қаржы пирамидасының басшысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет Астана соты  facebook парақшасынан

Астана соты "Qnet" қаржы пирамидасының басшысы Ж.-ға байланысты үкімді facebook парақшасында жариялады. Үкім бойынша оған қаржы (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) қаржы пирамидасын құрды және басқарды, сондай-ақ (ҚК 218-бабының 1-бөлігі) қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылды.

“Ж., 2019 жылдың 1 наурызы мен 2023 жылдың 17 наурызы аралығында Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында "Qnet" халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет саудасының мұқабасымен қаржы пирамидасын ұйымдастырды. Әрі қарай, ол тауарды заңды түрде сатып алу мақсатында жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктерден, соның ішінде тауарлық несиелер алуға мәжбүрлеп, олардың ақшаларын заңсыз тартқан.

Степногорск, Щучинск, Атбасар, Көкшетау қалаларында және Ақмола облысының Шортанды кентінде қаржы пирамидасын құрып, оларды басқарған және тағы да өкілдері болған. Бұл ретте Қазақстан азаматтарына тиімді ақшалай салымдар туралы айтып, оларды жаппай алдаған”, – делінген үкімде.

  • “Немолчи.kz” қорының басшысы Дина Таңсәрінің үстінен алты қылмыстық іс қозғалды

  • Ұлттық қордан балаларға төлем: Делдалдық қызмет көрсететін алаяқтар пайда болды

Соттың мәліметінше, күдікті басқаларға уәде еткен төлем мөлшерін түскен қаражат сомасының тек 10-15% ғана берген. Ал кейін "QNET"-ке адамдарды тұрақты тартпағандарға төлем түспеген.

“Осылайша, төменде тұрған адамдар тұрақты негізде төлемдер алмаған, тек жаңа тұлғаларды тартқан жағдайда ғана берілген. Бұл банк мекемелерінде пайызбен алынған инвестицияланған жеке қаражатты да өтемеген”, – делінген хабарламада.

Деректерге сай, нәтижесінде 136 жәбірленушіге 145 млн. теңгеден астам мөлшерде мүліктік залал келтірілген.

“Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сот сотталушының баласының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Нәтижесінде сот үкімімен Ж. (ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2 тармағы және 218-бабының 1-бөлігімен) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, азаматтардың ақшалай қаражаты мен инвестицияларды тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. Сонымен қатар 6 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.