«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру»



жүктеу 2.62 Mb.
бет1/13
Дата11.04.2019
өлшемі2.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы «27» наурыздағы

№ 272 бұйрығына

1-қосымша



«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және

оларға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, порталға жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылып (бұдан әрі - ЭЦҚ) көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық нұсқада әзірленеді, қағазға басылып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті тұлға; өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

3) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы шарттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасын ұсынады);

4) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақтың картограммасы, төрт данада;

5) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобалары (немесе техникалық тапсырмалары), екі данада.

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;

3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;

4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге - құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

порталда - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағым беру тәртібі туралы ақпаратқа Бірыңғай байланыс орталығының телефоны 8-800-080-7777 немесе 1414 арқылы қол жеткізуге болады.

Шағымды портал арқылы жөнелту кезінде көрсетілген қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңарып отыратын өтініш туралы ақпаратқа көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы қол жеткізуге болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап).

Шағымда:


1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Аэротүсірілім жұмыстарын

жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

нысан


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат

20 __ жылғы « ___ » ______ № ______

Субъектінің атауы_______________________________________________ _______________________________________________________________


(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның толық атауы)

(жеке немесе заңды тұлғаның БСН (ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, мекенжайы)

Аэротүсірілім учаскелерінің аумақтық орналасуы ________________________
____________________________________________________________________жүргізуге өтінім берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді: ____________________________________________________________________


Р/с №



Сұратылып отырған жұмыстардың атауы


Жұмыс көлемі

Жұмыс көлемі

Өтінім берілді


Өлшем бірлігі

(км2)



Рұқсат берілді

Өлшем бірлігі

(км2)



1

2

3

4

5

6






















































Ескертпе: Жұмыстар аяқталғаннан кейін аэротүсірілім материалдары геодезия және картография бойынша уәкілетті органға бақылап қарап шығуға ұсынылсын.
20__ жылғы «___»______ дейін жарамды

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы ____________________ ______________

қолы (Т.А.Ә)

20__ жылғы «___»______


«Аэротүсірілім жұмыстарын

жүргізуді тіркеу, есепке алу және

оларға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы



_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

_____________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

_____________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның ЖСН (БСН), жеке _____________________________________

басын куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, мекенжайы)
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінім

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын


аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы ______________________________________________________________________

аэротүсірілім алаңы ___________________________________________________


аэротүсірілімнің мақсаты ______________________________________________

____________________________________________________________________


аэротүсірілімнің техникалық шарттары __________________________________

____________________________________________________________________


аэротүсірілім шарттары және уақыты ___________________________________

____________________________________________________________________


Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Күні _____________ Өтініш беруші _________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

__________________________________

немесе заңды не уәкілетті тұлғаның

атауы, қолы, мөр)


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы «27» наурыздағы

№ 272 бұйрығына

2-қосымша



«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе

қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, порталға жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді қағазға басылып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге - құжаттар пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

порталда - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымда:


1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Геодезиялық пункттердi

бұзуға немесе қайта салуға

(ауыстыруға) рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат

20__ жылғы «___»______ №______

Субъектінің атауы __________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның толық атауы)


Көрсетілетін қызметті алушы құжатының деректемелері ______________________

________________________________________________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, мекенжайы)

Геодезиялық пункттің орналасқан орны _______________________________________

________________________________________________________________________________

(облыс, аудан, елді мекен)

Қорытынды _______________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы ________________________ ____________________

қолы (Т.А.Ә.)

20__ жылғы «___»______

«Геодезиялық пункттердi

бұзуға немесе қайта салуға

(ауыстыруға) рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы

_______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

_______________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

_______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның ЖСН (БСН), жеке

_______________________________________

басын куәландыратын құжаттардың

деректемелері, байланыс телефоны, мекенжайы)


Геодезиялық пункттердi бұзуға

немесе қайта салуға (ауыстыруға) өтініш
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(облыс, аудан, елді мекен)

аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.

Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі _____________________________________

________________________________________________________________________________

Геодезиялық пунктті ауыстыруға өтінімнің себебі ______________________________

________________________________________________________________________________

(себебін көрсету)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні _____________ Өтініш беруші __________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

__________________________________

немесе заңды тұлғаның не уәкілетті

__________________________________

тұлғаның атауы, қолы)


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы «27» наурыздағы

№ 272 бұйрығына

3-қосымша

«Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) минут;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті қағаз тасығышта алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басылып шығарылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қағаз нысанда алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 158-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.

Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат ұсынуға төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тиісті филиалының есеп шотына не көрсетілетін қызметті берушінің филиалы ғимаратындағы кассаға төлеу арқылы жүзеге асырылады, оларға төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты (түбіртек) беріледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚКО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ХҚКО-ға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, Министрліктің атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы шағым берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Шағымда:


1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарын қабылдау үшін ХҚКО қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш жасау көмегімен тұрғылықты орнына барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Жер учаскесінің тиесілілігі

туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

нысан

Өлшем бірлігі – жер учаскесі






Жұмыстардың атауы

Бағасы, теңге

1

2

3

1

Жұмыстарды орындауға өтінім қабылдау

147

2

Жер учаскесіне ақпарат тізбесін дайындау

92

3

Баспа өнімдерін дайындау және лазерлі ақ-қара түсті принтерде басып шығару

303




Барлығы

542

«Жер учаскесінің тиесілілігі

туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

______________________________________________



(кәсіпорын атауы) филиалының директоры ______________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН_________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

БСН_________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

_____________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

______________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

______________________________________________

мекенжайы)


Өтініш


Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет