Бокстан Қазақстан құрамасы Литвада өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Бокстан Қазақстанның құрамасының екінші құрамы Литва астанасы Каунаста өтетін Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирге қатысады. Әлемнің 17 елінен, 120-ға жуық былғары қолғап шебері бақ сынайтын сайыста ел намысын 11 боксшы құрайды. Турнир 21-23 наурыз аралағында өтеді. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 

Қоңқабаев бастаған боксшыларымыз Бакудегі бәсекеде бақ сынайды

51 келі. Даниял Сабит

54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі. Асылжан Серікбай

60 елі. Алмат Әбдуәли

63,5 келі. Жандос Қыдыралиев

67 келі. Елнұр Сүйінбай

71 келі. Фарух Тохтасунов

75 келі. Азамат Бектас

80 келі. Тұрсынбай Құлахмет

92 келі. Абзал Құттыбеков

92+ келі. Аманат Сабырғали 

Айта кетейік,  боксшыларымыз Белградта өткен "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінде 4 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алған болатын.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.