Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям


ЖЭО-ында ӨРТТІ СӨНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



жүктеу 1.22 Mb.
бет5/9
Дата27.04.2019
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. ЖЭО-ында ӨРТТІ СӨНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



4.1. Технологиялық регламент
ЖЭО технологиялық үдерістің қысқаша сипаттамасы.

ЖЭО міндеті – жылу және электрлі энергияны өндіру. ЖЭО мыналарға ие:

а) қазандық турбинді цех (КТЦ);

б) электрлі цех (эл.цех);

в) химиялық цех (ХВО);

г) орталықтандырылған жөндеу цехы (ОЖЦ) (ЦЦР);

д) жылу автоматикасы мен өлшеу цехы (ЖАӨЦ) (ЦТАИ).

Су құбырлары арқылы ХВО цехына қаладан су келеді, мұнда су сүзгі жүйелерінде өңдеуден өтеді, химиялық цехтан шығарда екі түрлі су өндіріледі; тұщы және химиялық тазартылған су.

Тұщы су бу қазандықтары мен турбиндердің технологиялық цикліне құйылады;

Химиялық тазартылған су желілік құбырларды қоректендіру үшін сонда келіп құйылады.

Тұщы су бу қазандықтарына келіп құйылады. Бу қазандықтары 90 кгс/см2 қысымымен және +510 С температурасымен бу өндіреді және турбинға келеді, онда турбогенератор электр энергиясын өндіреді.

Отын - мазут және газ.

ЖЭО мен РК-4-тен Степногорск қаласының жылумен қамту жүйесі ашық, яғни ыстық сумен қамту және жылыту үшін сол бір су пайдаланылады.

РК-4 технологиялық үдерісінің қысқаша сипаттамасы.

РК-4 міндеті – жылыту энергиясын өндіру.

Қалалық су ХВО цехына ол сүзгі жүйесінде өңделген су келіп құйылады, химиялық тазартылған су суды жылыту қазандықтарына және тұтынушылардың пайдалануына магистральді желілік құбырларға келеді.

Бу қазандықтары қазандықтардың технологиялық қажеттіліктері үшін (мазутты жылыту, форсункаларды булау және т.б.) бу өндіру үшін қызмет етеді. Отын - мазут және газ.

Принципиалды технологиялық сызба мен Негізгі технологиялық жабдықты орналастыру жоспары 3,4-қосымшаларда келтірілген.
4.2. Төтенше жағдайларды оқшаулау және жоюға өндіріс объектісін дайындауды қамтамасыз ету
Төтенше жағдайлар жөнінде хабарлау жүйесі

а) Өндіріс объектісінің персоналы мен халықты хабардар етудің жергілікті жүйесі.

ЖЭО кәсіпорынында персоналға төтенше жағдайлар жөнінде хабарлау жүйесі құрылған және ол жұмыс қалпында болады.



б) Төтенше жағдайлар жөнінде хабарлаудың сызбалары мен тәртібі

авария болған жағдайда вахта диспечері диспечердің шұғыл жоспарына сәйкес жағдайды анықтап алып, персоналға және объект басшылығына хабарлайды; «Құтқарушы» авариялық-құтқару командасын (келісім-шарт бойынша РГП), жедел жәрдем көмегін, объектінің авариялық-техникалық құтқару командасын шақырады.



в) Хабарланатын ақпаратты хабарлау кезінде қойылатын талаптар

авариялық жағдайлар болған кезде маңызды шарттардың бірі персоналдың сабырлық сақтауы, әбігерлікке, сасқалақтауға жол бермеу болып табылады. Хабарланатын ақпаратты хабарлау кезінде ақпарат анық, нақты, қысқа болуы тиіс.



Адамдарды қорғау құралдары мен іс-шаралары

а) Күштер мен құралдарды қолдануға дайындықты құру және қолдау іс-шаралары

Қолда бар пайдалану құралдары төтенше жағдайлар болған жағдайда пайдаланылады. ЖЭО төтенше жағдайларды жою үшін қаржылық және материалдық ресурстардың арнайы қоры бөлінбейді.



б) Қызметкерлерді оқыту іс-шаралары

Төтенше жағдайларда қорғану және әрекет ету тәсілдерімен өндіріс объектілерінің қызметкерлерін оқыту іс-шаралары Энергетика ұйымдарында персноалдармен жұмыс істеу қағидаларына және ҚР ТЖ АҚ заңдарына сәйкес орындалады.



в) Персоналды қорғау іс-шаралары

Төтенше жағдайлар болған жағдайда өндіріс объектісінің персоналын қорғау іс-шаралары Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының қағидасына, сондай-ақ ТЖ заңдарына сәйкес орындалады.



г) Күштер мен құралдардың әрекет ету тәртібі

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша күштер мен құралдардың әрекет ету тәртібі ТЖ және аварияларды жою бойынша іс-қимыл жоспарына сәйкес орындалады.




4.3. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық шешімдері
1) қауіпті заттардың авариялық шығарындыларының алдын алу және жабдықтардың герметизациялауын шығару бойынша шешімдер:

- жабдықтардың ақауларын уақытында анықтау және жою, оларды сауатты эксплуатациялау;

- техникалық пайдалану және нұсқаулық қағидаларымен белгіленген мерзімдерде жабдықтарды профилактикалық тексеру және сынау кестесін толық және сапалы орындау.

- жөндеулерді уақытында және сапалы орындау;

- жабдықтар бойынша барлық аварияға қарсы іс-шараларды толық орындау, жұмыс орындарына жақсылап жарық беру.

2) қауіпті заттардың авариялық шығарындыларын оқшаулау және өндірістік авариялардың дамуын алдын алуға бағытталған шешімдер:

- «Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидасына» сәйкес персоналды дайындау;

- персоналдың лауазымдық, эксплуатациялық және аварияға қарсы нұсқаулықтың жеткілікті тәжірибесі мен жақсы білімінің болуы;

- жабдықтардың жұмыс істеу режимдері мен сызбаларына өзгерту жүргізгенде аса жинақы және зейінді болу;

- әр авария, оны жойғаннан кейін персоналмен талқылау қажет; аварияның неден болған себебі анықталуы тиіс;

- «Өрт сөндіруші» ФАҚ авариялық-құтқару командаларын жұмылдыра отырып, жүйелі түрде өндірістік аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар жүргізілуі тиіс;

- кезекші персонал аварияға әкелетін себептердің алдын алуы үшін қолданыстағы жабдықтарды жиі әрі мұқият тексеру жүргізуі, жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізуі, мүмкіндігінше оларды жоюға және ақаулар журналына жазуы тиіс.

Маңызды олқылықтар жөнінде дереу басшылыққа баяндау.



3) Жарылғыш өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шешімдері:

- барлық жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіпорын үшін өрт қауіпсіздігінің ережесін зерделеу мақсатында өндірістік оқыту жүйесінде арнайы өртке қарсы дайындықтан өтулері тиіс;

- ғимараттар мен су көздеріне өту жолдары мен кірмес жолдары, сондай-ақ өрт инвентарьларына жету жолдары үнемі бос болуы тиіс;

- жарық беру желісі жанғыш материалдармен және ғимараттың жанатын конструкцияларымен шырағдандар жанаспайтындай етіп орнатылуы тиіс;

- электр қондырғыларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын саұтау.

4) автоматты реттеу, бөгеу, дабыл жүйелерін сипаттау:

Сорғылы өрт сөндіруден су екі жіп бойынша станция аумағы бойынша өрт сөндіру сақинасына, сондай-ақ ТГ-1,2 май бактарының қолмен сөндіру және кабельді шаруашылықтың автоматты сөндіруіне сәулелерге бөлініп, коллекторға турбинді, қазандықты және су жылыту қазандықтарының ішкі сақиналарына келіп түседі. Машина залындағы, ПТМВ қазандық бөлімшелеріндегі және КВГМ қазандығындағы өрт крандары. Өрт гидранттары 21 дана белгісімен станцияның барлық аумақтарында болады. Циркуляция сорғысын басқару жергілікті щитте жүзеге асырылады (сорғылы өрт сөндіруде). Өрт сөндірудің негізгі сорғылары (6 кВ) 8 белгісімен ГЩУ-мен (маш.залы) өрт сөндірудің жүйесін автоматты қосылғаннан іске қосылады. Өрт суының қысымы үнемі 3 кгс/см2 ұстап тұрады.

Бактардағы су деңгейінің дабылы және автоматика КТЦ және ТАИ шұғыл журналына жазып, тоқсанына 1 рет тексеріледі.


Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі істер министрлігі «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы
DIPLOMY -> Шипажай адамдардың демалу және ден саулығын емдеу мекемелеріне жатады
DIPLOMY -> Дипломдық жоба тақырыбы: «Петропавл қаласындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет