Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям


Стр. то = 15500 теңге әр автокөлікке –



жүктеу 1.22 Mb.
бет9/9
Дата27.04.2019
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Стр. то = 15500 теңге әр автокөлікке –

нәтижесі 15500*11 = 170500 теңге.

Со.с= Свод. + Спо + Стр. то = 37200 + 8100000 + 170500 = 8307700 теңге.
Еңбекақы төлеміне жұмсалатын шығындарды анықтаймыз, ол үшін тізімдеме бойынша мәліметтерді аламыз:

  1. 2 бөлім қарауылының бастығы 82000 теңге

  2. Бөлімше командирі 74000 * 2 = 148000 тг.

  3. Жүргізушілер 70000 * 2 = 140000 тг.

  4. Өрт сөндірушілер 68000 * 4 = 272000 тг.

Нәтижесі: 642000 теңге

Бір күннің, яғни, 8 жұмыс сағатының еңбекақы көлемін анықтаймыз:

642000 : 30 = 21400 теңге;

Бір жұмыс сағаты үшін:

21400 : 8 = 2675 теңге;

11 бөлімше жұмыс істеген кездегі еңбекақы төлемінің көлемін анықтаймыз:

2675 * 11 *1,5 = 44137,5 теңге;

Пайдалануға жұмсалатын шығындарды анықтаймыз:



С1 = 42292,8 + 8307700 + 44137,5= 8394130,3 теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін болатын шығынды анықтаймыз. ЖЭО бу қазандықтарымен, өрт кезінде көп материалдық шығынға алып келетін жабдықпен жарақталған.

Саралау көрсеткендей жану аумағы 600 м2 құрайды. Температураның әсерімен жабдықтар мен құрылыс құрылымдары қатардан шығады және одан әрі пайдалануға жарамайды. Шығын шамамен 20000 мың теңгені құрайды.

Жалпы шығын келесі көрсеткішке ие:

Y1 = 20000 мың теңге.

Кәсіпорындардағы өрттер жылына бес рет болса, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар келесі көрсеткішке тепе-тең болады:


П1 = C1 + Y1/5 = 8394130,3 + 20000000/5 = 12394130,3 теңге.

8. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралар объект мамандарымен бірлесіп әзірленеді және оперативтік жоспарда қарастырылады, жоспарда қауіпсіздік техникасы бойынша жауаптылардың міндеттерінің қосымша парақта белгіленуі тиіс. Ғимарат жоспарында температуралық әрекеттерден қорғауды қажет ететін конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтарын белгіленуі тиіс.

Өртті сөндіруге жұмылдырылған қарауылдың жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізген кезде қауіпсіздік техникасы сұрағы да қаралауы тиіс.

Өртке қарсы қызметте, ӨСБ-да қауіпсіздік техникасының қағидаларында баяндалған талаптардан басқа техникалық қауіпсіздікке жауап беретін тұлғалар арқылы газдалған аймақтарда жоғары жылу радиациясында, тығыз түтінделген және жоғары температурада жұмыс істеп жатқан адамдарды қорғау бойынша шаралар қолдануы тиіс. Жеке құрам түтінді жою үшін әйнектелген жерлерді щапшаң ашуға жаттықан болуы тиіс.

Конструкциялардың, стеллаждардың құлау қауіпі төнген жағдайда қауіпті аймақтан жеке құрамды эвакуациялауға уақытында шаралар қолдану керек.

Өнеркәсіп объектілерінің ғимараттары мен цехтарында өрттерді ойдағыдай сөндіру жағдайларын қамтамасыз ету үшін гарнизондарда бірқатар дайындық іс-шараларын жүргізу қажет. Бұл іс-шаралар өртке қарсы қорғанудың автоматтандырылған жүйелерімен өртті анықтау және жоюдың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуі, қажетті күштер мен құралдардың өртті сөндіруге шұғыл әрекет етуі, сондай-ақ өрт бөлімшелері тактикалық жағынан әдеттенуі тиіс.

Бөлімшелердің өртке келісімен жеке құрамға барлау жүргізгенде, әскери жайылу, өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде естеріне түсіру қажет. Барлау тобы 3 адамнан кем болмауы тиіс және оны мейлінше дайындалған адам – командир басқаруы тиіс.

Улы заттар сақталатын қоймаларда және түтінденген ортада барлау жүргізу кезінде барлауды үш адамнан құралатын ГТҚК звеноларымен жүргізу қажет.

ГТҚК жеке құрамы құтқару және өз-өзін құтқару құралдарымен, жарық беру және байланыс құралдарымен, конструкцияларды қопару саймандарымен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Барлауды жүргізушілер барлау нәтижелерін баяндап, үнемі ӨСБ-мен, шұғыл штабпен байланысты ұстап тұруы тиіс. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулау противогазымен жұмыс істеп жүрген жеке құрамды кезең-кезеңмен ауыстырып отыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам қызған газ бен алау шығуы мүмкін болғанда күйіп қалудан қорғанатын есік полотноларын пайдалана отырып, жанып жатқан имаратқа апаратын есікті ақырын ашуға, құлауы мүмкін құрылыс конструкцияларынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті, ережедегідей, терезе ойықтары бар капиталды қабырғалардың бойымен жылжуы тиіс. Қол өрт баспалдақтарын пайдалану кезінде олар өрттің даму кезінде отпен кесілген немесе түтіндеу, жану аймағында қалмайтындай етіп орнатылады.

Өртті сөндіру кезінде шашыраңқы су беру арқылы жоғары температураны төмендетуге шаралар қолдану қажет. Судың бейтарап төгілуіне жол бермес үшін суды бөгеу оқпанын қолдану қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ
Аталған дипломдық жобада ЖЭО өрт қауіпіне талдау жасау жүргізілді, энергетика кәсіпорындарындағы өрттерге талдау жүргізілді. Өрттің таралу жылдамдығы анықталды. Объектінің жалпы сипаттамасы, технологиялық процесі берілді. Қарастырылып жатқан объектіде мүмкін болатын өрттің дамуына болжам жасалды, түрлі уақыттардағы өрттің дамуы, орташа көлемдік температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру алаңы анықталды.

Өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндіктері мен талдаулардың негізінде мобильді топтармен өртті сөндіру мүмкіндігі анықталды. Мейлінше нашар нұсқада болған өртті жою үшін қажетті күштер мен құралдарды есептеу жүргізілді. Өрт сөндіру бойынша лауазымды тұлғалармен ұсыныстар әзірленді.



Әдебиет:


  1. "Азаматтық қорғаныс" заңы. Бұйрық №188 11.04.2014 ж.

  2. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы. Бұйрық № 267 14.11.2009 ж.

  3. Өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы. Бұйрық № 266 14.11.2009 ж.

  4. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі жөніндегі тәлімдемесі. Бұйрық № 446 22.12.2010 ж.

  5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі. Бұйрық № 170 07.07.2005 ж.

  6. Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелері. Бұйрық № 355 15.10.2010 ж.

  7. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау Бағдарламасы. Бұйрық № 245 12.07.2010 ж.

  8. Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 382 12.09.2011 ж.

  9. ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.

  10. Өрт тактикасы.1- бөлім. Өрт тактикасының негіздері, өрттегі күш пен құралдарды басқарудың ерекшеліктері. Бұлқайыров А.Б., Баймағанбетов Р.С., Аманкешұлы Д. «Көкшетау техникалық институты» ММ , Көкшетау 2010 ж.

  11. Өрт тактикасы.2- бөлім. Әр түрлі шаруашылық нысандарындағы өртті сөндіру. Бұлқайыров А.Б., Баймағанбетов Р.С., Аманкешұлы Д. «Көкшетау техникалық институты» ММ , Көкшетау 2012 ж.

  12. Булкаиров А.Б. «Справочник расчета сил и средств по тушению пожаров твердых горючих веществ, нефти и нефтепродуктов». Кокшетау 2007 г.

  13. Пожарная тактика. Повзик Я.С. М. «ВИПТШ МВД СССР», 1984 г.

  14. Пожарная тактика. Повзик Я.С. М., 1990, 2001 г.

  15. Справочник РТП, М., 1987 г.

  16. Справочник РТП, М., 2001 г.

  17. Сборник правил по пожарной автоматике. Часть-I. «Проектирование». М. «Стройиздат», 1988 г.

  18. Производственная и пожарная автоматика. Часть-II. Бубырь Н.Ф. и др. М. 1986 г.

  19. Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.

  20. СНиП. 2.02-15 – 2003. Пожарная автоматика зданий и сооружений.

  21. Рекомендации по проверке технического состояния установок пожарной автоматики. М. «ГУПО МВД СССР», 1989 г.

  22. Методические указания к выполнению курсовой работы и упражнений по курсу «Пожарная тактика». М. «ВИПТШ МВД СССР», 1985 г.

  23. Методические указания к дипломному проектированию для слушателей КТИ МЧС РК.

  24. Экономика противопожарной защиты. Аболенцев Ю.И. М. ВИПТШ МВД СССР, 1985 г.

  25. Физико-химические основы развития и тушения пожаров. Абдураимов И.М

  26. Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.



Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі істер министрлігі «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы
DIPLOMY -> Шипажай адамдардың демалу және ден саулығын емдеу мекемелеріне жатады
DIPLOMY -> Дипломдық жоба тақырыбы: «Петропавл қаласындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет