Агентство Республики Казахстан



жүктеу 239.46 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі239.46 Kb.

Өрт сөндіру жедел жоспарлары

мен карточкаларын жасау, әзірлеу

және ресімдеу бойынша әдістемелік

ұсынымдарға

12-ші қосымша

Әр түрлі объектілерде өрттерді сөндіру үшін

күштер мен құралдардың есебі негіздері
1. Өрттің еркін даму уақытын анықтау:

tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tРСС, ондағы
tОБН - өртті табу уақыты, мин. (келесі факторларды есепке ала отырып еркінше алынады– өрт сөндіру жүйелерінің, өрт дабыл құрылғысының бар-жоғы; (өрт кезінде тетіктің іске қосылуының орташа уақыты бірден үш минутқа дейін); күзеттің бар-жоғы; өрттің шығу уақыты; адамдардың өткіштігі; объектінің орналасқан жері (яғни өрт фактісін табу үшін көзбен байқау) және т.б. );

tСООБ - өрт туралы хабарлау уақыты, мин. ( телефрон ( ұялы)б байланыс жүйелерінің бары есепке алына отырып 1 минутқа дейін еркінше алынады);

tОБР. ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты (диспетчерге арналған уақыт – орташа 1 минутқа дейін алынады);



tСБ – қарауылдың жиналу мен шығу уақыты ( 1 мин.- аламыз);

tСЛ - L . 60/VДВИЖ, где:

L - өрт сөндіру бөлімінен өрт орнына дейінгі қашықтық, км;

60 тұрақты шама;

VДВИЖ - өрт сөндіру автокөлігінің орташа жүру уақыты, 35 тен 45 км/сағ.;

tРСС – күштер мен құралдарды қанат жаю уақыты (ӨСҚС нормативтары бойынша алынады, немесе орташаландырылған tРСС = 0,035 . Lр формуласы бойынша айқындалады, ондағы:

0,035 – тұрақты шама;

Lр – жең желісінің ұзындығы.

Мысал:

Өрт қойма үй-жайының ортасында 15 х 30 м. көлемінде орын алды.

өрт дабылы жүйесінің жоғы есепке алына отырып, өртті табу уақыты- 5 минут;

тек сымдық телефон байланысы барын есепке ала отырып хабарлау уақыты - 1 мин.;

диспетчердің ақпаратты өңдеу уақыты – 1 мин.

өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 4 км.

өрт орын алған жерге дейін жету уақытын анықтаймыз:

tСЛ = L . 60/VДВИЖ = 4 . 60/40 = 6 мин., ондағы:

4 - өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық;

60 – тұрақты шама;

40 - өрт сөндіру автокөліктерінің жүруінің орташа жылдамдығы.
Күштер мен құралдарды қанат жаю уақытын анықтаймыз:

tРСС = 0,035 . Lр = 0,035 . 80 (20м 4 жең) = 3 мин.
Бұдан әрі өрттің еркін даму уақытын анықтау формуласына алынған мәліметтерді қоямыз:
tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tРСС = 5+ 1+ 1 + 1 + 6 + 3 = 17 мин.

Осылайша, өрттің еркін даму уақытына 17 минут алынады.


2. Оттың жүрген жолын анықтау:

    1. егер tСВ ≤10 мин, - Lо (или R (радиус)) = 0,5 . VЛ . t1 формуласы қолданылады;

1.2 егер tСВ >10 мин, - Lо (R) = 5 . VЛ + VЛ . t2 формуласы қолданылады ондағы:
0,5 (5) – тұрақты шама;

VЛ – оттың таралу сызықтық жылдамдығы (ӨСЖ анықтамасының мәліметтері, немесе 1 кесте);

Lо (R) – оттың жүрген жолы ;

t1 = tСВ;

t2 = tСВ – 10.
Мысалы:

L (R) = 5 . VЛ + VЛ . t2 =5 . 1 + 1 . 7 = 12 м., ондағы:

5 – тұрақты шама;

1 – оттың таралу сызықтық жылдамдығы;

7 - t2 (өрттің еркін даму уақытынан 10 аламыз, яғни 17-10 тең 7)

Осылайша, үй-жайдың ортасынан барлық жаққа оттың таралу жолы 12 метрді құрады.
3. Өрттің түрі мен ауданын анықтау:

1. Дөңгелек түрде:

Мысалы: 20х10 м, R=4м,өрт ошағы үй-жайдың (ғимаратының) ортасында орналасқан, онда от барлық жақтарға тарайтын болады және бірінші өрт сөндіру бөлімшесі оқпандарды енгізгенде өрт дөңгелектүрінде болады (1-сурет).


Өрт дөңгелене өршігенде: SП = πR2, ондағы:

π = 3,14 (тұрақты шама).

R - от болған жол (радиус).
2. Жартылай дөңгелек түрінде:

Мысалы: R= 4м сол өлшемде, бірақ өрт ошағы қабырға жақта, онда от қабырғадан бастап таралатын болады және жартылай дөңгелек нысанда болады (2-сурет|)



Өрт жартылай дөңгелек өршігенде: SП = 0,5.πR2, ондағы:



π = 3,14 (тұрақты шама).

R - от болған жол (радиус).
3. Бұрыш түрі:

Мысалы: сондай жағдайларда, бірақ өрт ошағы бұрышта орналасқан, от бұрыштан бастап таралады және бұрыш түрінде болады (3-сурет).



Өрт бұрыштан өршіген кезде: SП = 0,25.πR2, ондағы:



π = 3,14 (тұрақты шама).

R - от болған жол (радиус).
4. Тікбұрышты түрдегі (келтірілген мысал бойынша, онда өрт қойма үй-жайының ордамуы кезінде: SП = n . a .R, ондағы:



nжанудың таралу бағытының саны,

a – үй-жайдың ені (ғимараттың) , м;

R–оттың жүрген жолы (радиус).

Мысалы:

Үй-жайдың ауданы15 м х 30 м. тікбұрышты үй-жайдың ортасында өрт ошағы орналасқан кезде өрттің алды бастапқыдан радиалды форма түрінде ені бойынша үй-жайдың қабырғасына жетеді (15 метр) және одан әрі орталықтан екі бағытқа тікбұрышты формада таралады.



SП = n .a .R = 2 .15 .12 = 360 м2, ондағы:

2 - өрттің тікбұрышты дамуы кезінде жанудың таралу бағытының саны;

15 – қойма үй-жайының ені;

12 – оттың жүрген жолы.

Нәтижесінде өрттің ауданы 360 м2 құрайды.
4. Өртті сөндіру ауданын анықтау:

өрт сөндіру ауданы – SТ (осы сәтте өрт сөндіргіш заттары берілген өрт ауданының бөлігі). Өрттің көрсетілген геометриялық формасына өрт ауданы келесі формула бойынша анықталады:

1. дөңгелек түрде:

SТ = π*hТ(2*R-hТ)

2. жартылай дөңгелек түрінде:



SТ = 0,5*π*hТ(2*R-hТ)

3. бұрыш түрі:



SТ = 0,25*π*hТ(2*R-hТ)

4. тікбұрышты түрдегі:



SТ = n*a*hТ,
Мысалы:

Өрттің тікбұрышты формасы:



SТ = n .a .hТ, ондағы:
n – оқпандарды беру бағыттарының саны.

a – үй-жайдың (ғимараттың) (здания), ені м.

hТ – оқпандардың сөндіру тереңдігі, соған сәйкес: қол оқпандары үшін– 5 м., лафеттік оқпандар үшін– 10 м. қолданылады.

SТ = n .a .hТ = 2 .15 .5 = 150 м2

2 - өрттің тік бұрышты дамуы кезінде оқпандарды беру бағыттарының саны;

15 – қойма үй-жайының ені;

5 – қол оқпандарының сөндіру тереңдігі.

Осылайша, өрт сөндіру ауданы150 м2. құрайды.


5. Сөндіру мен қорғауға қажетті су шығынын анықтау:

5.1 Өртте орын алған жағдайға байланысты қатты жанғыш материалдарды сөндіру үшін қажетті өрт сөндіргіш заттардың шығыны келтірілген формалардың («а» немесе «б») бірімен анықталады. Егер өрттің ауданы өрт сөндіру ауданынан кем болса, онда (өрттің барлық ауданына) «а» формуласы қолданылады, соған сәйкес егер өрттің ауданы өрт сөндіру ауданынан артық болса онда (тек сөндіру ауданына) «б» формуласы қолданылады:



а) Q= SП . JТР

б) Q= SТ . JТР, ондағы:
SП - өрттің ауданы;

SТ - өрт сөндіру ауданы;

JТР - өрт сөндіргіш заттарын беру қажеті қарқындылық, л/с . м2 (ӨСЖ анықтамасындағы мәліметтер, немесе 2 кесте).

5.2 Өртті тікелей сөндіруден қарағанда өрттің таралу қауіпі төнген объектіні қорғауға өрт сөндіргіш заттарын беру қарқындылығы 4 есе аз қолданылады:



Q= SЗ . JТР/4, ондағы:

SЗ – қорғау ауданы (Қабырғаның, көрші үй-жайлардың бөлме аралық қабырғаларының, жоғарғы және төменгі қабат жабындыларының, шатырдың, жертөленің және т.б. қорғалуына байланысты алынады және бәрі қосылады);

4 – тұрақты шама.

    1. Сөндіруге және қорғауға жалпы шығын келесі формула арқылы анықталады:

Q = Q + Q
Мысалы:

5.1 Өрт ауданы өрт сөндіру ауданынан үлкен болуына байланысты өртті сөндіруге қажетті су шығынын анықтау үшін «б» формуласын қолданамыз:



Q= SТ . JТР = 150 . 0,1 = 15 л/сек., ондағы:

150 - өрт сөндіру ауданы;

0.1 – қойма үй-жайларына өрт сөндіргіш заттарын беру қарқындылығы
5.2 Бұдан әрі өрт таралу қауіпі төнген объектіні қорғауға өрт сөндіргіш заттарын беру қарқындылығы анықтаймыз:

Q= SЗ . JТР/4 = 504 . 0,1/4 = 12,6 л/сек., ондағы:
504 м2 – осы объектіде қорғалатын жалпы аудан

Өрт объектісінің қорғау ауданы көрші үй-жайлардың (оттың таралу қауіпі барына) барына және көлеміне байланысты алынады.



    1. – қойма үй-жайларына өрт сөндіргіш заттарын беру қарқындылығы;

4 – тұрақты шама.

5.3 Енді сөндіруге және көрші үй-жайларды қорғауға өрт сөндіргіш заттардың жалпы шығынын анықтаймыз.



Q = Q + Q= 15 +12,6 = 27,6 л/сек., ондағы:

15 - өрт сөндіруге қажетті су шығыны, л/сек.

12,6 – көрші үй-жайларды қорғауға қажетті су шығыны.

Қорытындысында өртті сөндіруге жалпы қажетті өрт сөндіргіш құралдарының шығыны 27,6 л/сек құрайды.


6. Сөндіруге және қорғауға қажетті оқпандар санын анықтау:

    1. өртті сөндіруге оқпандар саны:

N = Q/qСТ

6.2 жапсарлас үй-жайларды (объектілерді) қорғауға оқпандар саны:



N = Q/qСТ, ондағы:
qСТ – қолданылатын оқпандарға байланысты су шығыны (ӨСЖ анықтамасы мәліметтері, немесе 3 кесте).

Мысалы:

өртті сөндіруге оқпандар саны:



N = Q/qСТ = 15/7,4 = 2 ст. «А», ондағы

15 – өртті сөндіруге қажетті су шығыны, л/сек;

7,4 «А» оқпанының шығыны, л/сек (кесте бойынша).


Жоғарыда көрсетілген мысалға ұқсас көрші үй-жайларды қорғауға қажетті «Б» оқпанының санын анықтаймыз:

N = Q/qСТ = 12,6/3,7 = 3,4 оқпан – «Б» оқпанының 4 (көбін) аламыз.
7. Судың нақты шығынын анықтау:

    1. Өрт сөндіруге:

Q = N. qСТ

7.2 көрші үй-жайларды (объектілерді) қорғауға:



Q = N. qСТ

7.3 өрт сөндіргіш заттардың жалпы нақты шығыны:



Q = Q+ Q

Мысалы:

7.1 на тушение пожара (көрші үй-жайларды қорғауға қолданатын оқпандарды «А» оқпаны шығынына көбейтеміз):



Q = N. qСТ = 2 . 7,4 = 14,8 л/сек.;

7.2 көрші үй-жайларды қорғауға (көрші үй-жайларды қорғауға қолданатын оқпандарды «Б» оқпаны шығынына көбейтеміз):



Q = N. qСТ = 4 . 3,7 = 14,8 л/сек.;
7.3 өрт сөндіргіш заттардың жалпы нақты шығыны (сөндіруге және көрші үй-жайларды қорғауға нақты су шығындарын қосамыз):

Q = Q+ Q= 14,8 + 14,8 = 29,6 л/сек.

Осылайша, нақты су шығыны 29,6 л/сек құрады.


8. Сөндіруге және үй-жайларды қорғауға қажетті оқпан санын беруге қажетті өрт сөндіру көліктері санын анықтау:
NМ = Q/ Qн, ондағы:

Qн бір бөлімше бере алатын өрт сөндіргіш заттарының шығыны, л/сек. (яғни бөлімшенің тактикалық мүмкіншілігі). Мысалы: бөлімше 2 «А» оқпанын немесе 4 «Б» оқпанын бере алады, соған сәйкес Qн = 14 л/сек.

Мысалы:

Өртті сөндіруге қажетті өрт сөндіру көлігінің санын анықтау үшін судың жалпы нақты шығынын (29,6) 14 бөлу қажет.


NМ = Q / Qн = 29,6/14 = 2,1 АЦ - 3 АЦ (көбірегін), ондағы:

29,6 – нақты су шығыны;

14 – тұрақты шама.
9. Қажетті жеке құрам санын анықтау:

Жеке құрамның жалпы саны әр түрлі әрекет жүргізуге тартылған адамдар санын қосу жолымен анықталады. Сонымен бірге өрттегі жағдай, оны сөндіру тактикалық шартар, өртке барлау жүргізумен байланысты әрекеттер, күштер мен құралдарды қанат жаю, адамдарды құтқару, материалдық құндылықтарды көшіру, құрылымдарды ашу және т.б. ескеріледі. Көрсетілгендерді есепке ала отырып, жеке құрам санын анықтау формуласы мынадай болады:



NЛС = N. 3 + N. 2 + NМ + NЛ + NПБ + NСВ + NРАЗ + ..,

ондағы:



N. 3 – оқпаншыларды қоса алғанда (ГТҚҚ буыны да есепке алынады) өрт сөндіру бойынша оқпан позициясына тартылған адамдар саны;

N. 2 – оқпаншыларды қоса алғанда (егер ГТҚҚ буыны құрамында жұмыс жасаса да 3 көбейтіледі) қорғау бойынша оқпан позициясына тартылған адамдар саны;

NМ – (көлік саны бойынша) сорғы-жең жүйесі жұмысын бақылауға тартылған адамдар саны;

NЛсуырмалы сатыдағы, тармақтанудағы және т.б. сақтандырушылар саны.

Мысалы:

Өртті сөндіруге қажетті жеке құрамның жалпы санын анықтау үшін оқпаншыларды, көмекші оқпаншыларды, ГТҚҚ буыны мен қауіпсіздік бекеті және т.б. қоса алғанда әр түрлі әрекеттер жүргізуге тартылған адамдар санын қосады.


NЛС = N. 3 + N. 2 + NМ + NПБ + NРАЗ =

2 . 3 + 4 . 2 + 3 + 2 + 3 = 21 чел.

Осылайша, осы объектіде өртті жою үшін 21 адам қажет.


10. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінде қажетті бөлімшелер санын анықтау:

NОТД = NЛС/4

Көрсетілген санға (4) өрт сөндіру автомобилінін жүргізушісі және әр түрлі себептермен қызметте жоқ тұлға кірмейді.



Мысалы:

Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінде қажетті бөлімшелер санын анықтау үшін өртті сөндіруге жұмылдырылған жеке құрамның жалпы санын 4 бөлу қажет.


NОТД = NЛС/4 = 21/4 = 6 отд., ондағы:

21 – өртті сөндіруге жұмылдырылған жеке құрамның жалпы саны;

4 – АЦ-ға өрт есебінің орташа саны (жүргізушіні қоспағанда).
Есеп қорытындысы бойынша осы объектіде өртті сөндіруге АЦ-ға 6 бөлімше қажет.

Сонымен қатар, өрт орнындағы (объектідегі) болжамдалған жағдайға байланысты арнайы жұмыстар жүргізу қажеттілігі болса негізгі өрт сөндіру автомобильдеріне штаттық нормативтерге сәйкес жеке құрамымен бірге арнайы өрт сөндіру автомобильдері қосылады.



Жалпы алынған қорытындылардан объектіге өрттің дәрежесі (шақыру нөмірі) белгіленеді.

1. Кесте Әр түрлі объектілердегі өрттер кезінде жанудың таралу сызықтық жылдамдықтары, м/мин.

Объектінің атауы


жанудың таралу сызықтық жылдамдығы, м/мин.

1

2

Әкімшілік ғимараттар

1,0....1,5

Кітапхана, кітап сақтау орындары, мұрағат сақтау орындары

0,5....1,0

Ағаш өңдеу кәсіпорындары:

Ағаш кесетін цехтар (отқа төзімділік дәрежесі 1,11,111 ғимараттары)

1,0....3,0

Отқа төзімділік дәрежесі 4 және 5 ғимараттары

2,0....5,0

Кептіргіштер

2,0....2,5

Дайындау цехтары

1,0....1,5

Шере өндірісі

0,8....1,5

Басқа цехтардың үй-жайлары

0,8....1,0

Тұрғын үйлер

0,5....0,8

Дәліздер және галереялар

4,0....5,0

Желілік құрылыстары (желілер жануы)

0,8....1,1

Орман алқаптары (желдің жылдамдығы 7...10 м/с және 40 % ылғалдылығы)

Жас қарағай орманы

до 1,4

Шырша орманы – долгомошник и зеленомошник

4,2 дейін

Жас қарағай орманы – зеленомошник (жидектік жер)

14,2 дейін

Жас қарағай орманы – бор-беломошник

18,0 дейін

Өрт және желдің жылдамдығы төмендегідей м/с кезінде өсімдік, орман төсеніші, жас шыбық, ағаш қалың жер:

8...9

42 дейін

10...12

83 дейін

Сол сияқты қанаттарда және тылда желдің жылдамдығы төмендегідей м/с:

8....9




10....12

8....14

Мұражай мен көрмелер

1,0....1,5

Көлік объектілері:

Көлікжайлар, трамвай және троллейбус деполары

0,5....1,0

Ұщақ жайлардың жөндеу орындары

1,0....1,5

Теңіз және өзен кемелері

Ішкі өрт кезіндегі жанғыш қондырмалары

1,2....2,7

Сол сияқты, сыртқы өрт кезінде

2,0....6,0

Синтетикалық әрлеу және ашық ойылған орын бар болса ішкі өрттер

1,0....2,0

Полиуретандар көбігі

0,7....0,9

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары:

Тоқыма өнеркәсібінің үй-жайлары

0,5....1,0

Сол сияқты, құрастырылымдарда шаң қабаты бар болса

1,0....2,0

Қопсылған күйдегі талшықты материалдар

7,0....8,0

Үлкен ауданды цехтардың жаңғыш жабыны

1,0....3,2

Шатыр және шатыр асты бөлме жаңғыш құрастырымы

1,5....2,0

Қоймалар:

Қат-қабаттағы шымтезек

0,8....1,0

Зығыр талшығы

3,0....5,6

Тоқыма бұйымдары

0,3....0,4

Орамдардағы қағаздар

0,2....0,3

Ғимараттардағы резеңке техникалық бұйымдары

0,4....1,0

резеңке техникалық бұйымдары (ашық алаңдағы қат-қабаттар)

1,0....1,2

Каучуктер

0,6....1,0

Кесілген ағаш материалдары




Қат-қабаттағы бөренелер

0,4....1,0

Ылғалдығы төмендегідей % қат-қабаттағы кесілген материалдар (тақтай)

16 дейін

4,0

16....18

2,3

18....20

1,6

20....30

1,2

30 асатын

1,0

Ылғалдығы төмендегідей % Куч балансовой древесины

40 дейін

0,6....1,0

40 асатын

0,15....0,2

Тері зауыттарының кептіру бөлімшелері

1,5....2,2

Ауылдық елді мекендер:

Құрғақ ауада және қатты желде ғимарттармен жиі салынған отқа төзімділік дәрежесі 5 тұрғын аймақтар

2,0....2,5

Ғимарттың сабан шатырлары

2,0....4,0

Мал шаруашылығы үй-жайларындағы төсемелер

1,5....4,0

Театрлар және мәдениет үйлері (сахналар)

1,0....3,0

Сауда кәсіпорындары, қоймалар және тауар-материалдық құндылықтар базалары

0,5....1,2

Баспаханалар

0,5....0,8

Жел жылдамдығы төмендегідей м/с кезінде фрезермен кесілген шымтезек (өндіріс далаларында)

10....14

8,0....10,0

18....20

18,0....20,0

Тоңазытқыштар

0,5....0,7

Мектептер, емдеу мекемелері

Отқа төзімділік дәрежесі 1 және 2 ғимараттар

0,6....1,0

Отқа төзімділік дәрежесі 3 және 5 ғимараттар

2,0....3,0
2 Кесте. Өрттерді сөндіру кезінде су беру қарқындылығы, л/с*м2

Өрт объектісі

Қарқындылық, л/с*м2

1

2

1. Ғимараттар және құрылыстар

Әкімшілік ғимарттар

Отқа төзімділік дәрежесі 1...3

0,006

Отқа төзімділік дәрежесі 4

0,10

Отқа төзімділік дәрежесі 5

0,15

Жертөле үй-жайлар

0,10

Шатыр асты үй-жайлары

0,10

Ұшақжайлар, көлікжайлар, шеберханалар, трамвай және троллейбус деполары

0,20

Ауруханалар

0,10

Тұрғын үйлер және қосалқы құрылыстар

Отқа төзімділік дәрежесі 1...3

0,03

Отқа төзімділік дәрежесі 4

0,10

Отқа төзімділік дәрежесі 5

0,15

Жер төле үй-жайлары

0,15

Шатыр асты үй-жайлар

0,15

Мал шаруашылығы ғимараттары

Отқа төзімділік дәрежесі 1...3

0,10

Отқа төзімділік дәрежесі 4

0,15

Отқа төзімділік дәрежесі 5

0,20

Мәдени ойын-сауық мекемелері (театрлар, кинотеатрлар, клубтар, мәдениет сарайлары)

Сахна

0,20

Көрермен залы

0,15

Қосалқы үй-жайлар

0,15

диірмендер и элеваторлар

0,14

Өндірістік ғимараттар

Отқа төзімділік дәрежесі 1...2

0,15

Отқа төзімділік дәрежесі 3

0,20

Отқа төзімділік дәрежесі 4....5

0,25

Бояу цехтары

0,20

Жер төле үй-жайлары

0,3

Шатыр асты үй-жайлары

0,15

Өндірістік ғимараттардағы үлкен алаңдардың жанатын жабыны

Ғимараттың ішінен астынан сөндіру кезінде

0,15

Сыртынан жабын жағыннан сөндіру кезінде

0,08

Сыртынан өрттің өршуі баысында сөндіру кезінде

0,15

Салынып жатқан ғимарат

0,10

Тауар-материалдық құндылықтар қоймалары және сауда кәсіпорындары

0,20

Тоңазытқыш

0,10

Электростанциялар және аралық станциялар

Желілік туннельдер және жарты қабаттар (жіңішкеленген шашыраңқы су беру)

0,20

Көлік залдары және қазандық бөлімшелері

0,20

жанармай беру галереясы

0,10

трансформаторлар, реакторлар, май ажыратқыштар (жіңішкеленген шашыраңқы су беру)

0,10

2. Көлік құралдары

Ашық тұрақтардағы автомобилдер, трамваилар, троллейбустар

0,10

Ұшқыштар және тікұшқыштар

Ішкі әрлеу (жіңішкеленген шашыраңқы су беру кезінде)

0,08

магний қоспасы бар құрылымдар

0,25

корпустар

0,15

Кемелер (құрғақ жүк таситын және адам таситын)

Трюмдерде тұтас және шашыраңқы су беру кезінде қондырма (ішкі және сыртқы өрттер)

0,20

3. Қатты материалдар

Қосытылған қағаз

0,30

Ылғалдығы төмендегідей % кезінде балансовая ағаш




40....50

0,20

40 аз

0,20

Ылғалдығы төмендегідей % кезінде бір топ шеңберінде қат-қабаттағы ағаш материалдары

8....14

0,45

20....30

0,30

30 жоғары

0,20

бір топ шеңберінде қат-қабаттағы бөрене ағаштар

0,35

Ылғалдығы 30....50 % үйіндідегі жаңқалар

0,10

каучуктер (табиғи немесе жасанды), резеңке және резеңке техникалық бұйымдар

0,30

Қайырмадағы зығыр жалыны (жіңішкеленген шашыраңқы су беру)

0,20

Зығыр сабыны (маялар, теңдер)

0,25

Пластмасса

термопластар

0,14

Талшықтармен арматураланған пластмасса

0,10

полимерлік материалдар жәңе олардан шыққан бұйымдар

0,20

текстолит, карболит, пластмасс қалдықтары, триацетатная қабықша

0,30

ылғалдығы 15...30 % фрезервтық даладағы шымтезек (110...140 л/м2 үлесті су шығыны кезінде және 20 мин уақытта)

0,20

Мақта және басқа да талшықты материалдар

Ашық қоймалар

0,20

Жабық қоймалар

0,30

целлулоид және одан жасалған бұйымдар

0,40

Улы химикаттар және тыңайтқыштар

0,20

Сыйымдылықтағы мұнай өнімдері

с температурой вспышки ниже 280С

0,40

с температурой вспышки 28...600С

0,30

с температурой вспышки более 600С

0,20

Алаңның бетіне, орға және технологиялық қайыққа төгілген жанғыш сұйықтық

0,20

Мұнай өнімдері сіңірілген жылу өткізбейтін заттар

0,20

Қоймалардағы және спирт зауыттарындағы спирттер (этил, метил, пропил, бутил және т.б.)

0,40

Бұрқақтың ұңғымасы айналасындағы мұнай және конденсат

0,20

Ескерту:

  1. Дымқылдатқышпен су беру кезінде беру қарқындылығы кесте бойынша 2 есеге төмендейді.

  2. Мақта, басқа да талшықты материалдар мен шымтезекті дымқылдатқышты қоса отырып сөндіру қажет.

3. Кесте Өрт оқпандарынан су шығыны



Оқпандағы су қысымы, м

Саптама диаметрі төмендегідей мм оқпаннан шыққан су шығыны, л/с,


13

19

25

28

32

38

50

20

2,7

5,4

9,7

12,0

16,0

22,0

39,0

30

3,2

6,4

11,8

15,0

20,0

28,0

48,0

40

3,7

7,4

13,6

17,0

23,0

32,0

55,0

50

4,1

8,2

15,3

19,0

25,0

35,0

61,0

60

4,5

9,0

16,7

21,0

28,0

38,0

67,0

70

-

-

18,1

23,0

30,0

42,0

73,0

80

-

-

-

-

-

45,0

78,0

Ескертпе: Іс жүзіндегі есепте қол оқпандарындағы жұмыс қысымы 40 м, болады, ал лафеттік оқпандарда– 60 м. осы параметрлер кезінде саптамасының диаметрі 13 мм болатын «Б» оқпанындағы су шығыны 3,7 л/с (220 л/мин) құрайды, ал саптамасының диаметрі 19 мм. болатын «А» оқпанындағы су шығыны – баламалы түрде екі Б оқпанына тең, немесе 7,4 л/с (440 л/мин).
Каталог: kchs -> 2016 -> mart
mart -> Хабарландыру мәтіні
2016 -> Метод расчета индивидуального и социального риска для общественных зданий
2016 -> Метод расчета индивидуального и социального риска для общественных зданий
2016 -> 016 жылдың қаңтарына арналған «Қр іім тжк қарағанды облысы тжд өСжАҚЖҚ» мм бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының талдауы
mart -> Инструкция по составлению планов и карточек тушения пожара
2016 -> Өндірістік объектілердегі өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесі
2016 -> Алматы қаласы «ӨС және АҚЖҚ» мм өрт сөндіру бөлімшелерінің 2015 жылдың жауынгерлік жұмысына талдауы Жалпы ережелер Алматы қ-сы тжд «ӨС және АҚЖҚ»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет