Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков "Алаш прайд" тұжырымы бойынша әлем чемпионы бразилиялық Вандерлей да Сильваға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 5qbe

Naiza тұжырымының экс-чемпионы Жұман Жұмабеков (13-7) жақында ғана "Алаш прайд" тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеудің иегері атанған Вандерлей да Сильвамен (16-7) жұдырықтасады. Қос спортшы 24 ақпан күні өтетін Naiza 57 турнирінде өзара мықтыны анықтайды. 61 келіде өтетін жекпе-жек турнирдің басты кездесулерінің бірі болмақ. 

Қазақстандық спортшы бұрынғы UFC чемпионының бапкерімен жекпе-жек өткізеді

Айта кетейік, Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде UFC-дің экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді. Одан бөлек, Еламан Шертаев, Бағдат Жұбаныш сияқты мықты спортшылар да жекпе-жек өткізеді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.