Танымал әнші, Ринат Шамшырақ шаңырақ көтеретін кезде қандай қиындыққа тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Өнер иесі көпшілікті таңғалдырған махаббат хикаясын бастан-аяқ баяндап берді. 

“Қарындасыммен ән айтып бастаған кезде жеке ән жазу туралы да ой болды. Жеке ән жазып, бейнебаян түсіретін болдым. Сол кезде Аружан бет әрлеуге келді. Есіктен кіргеннен көзіме оттай басылды. Ән бар еді ғой, ”көрдім де бірден қадалдым” деген. Тура сондай болды. Зерттеп көрдім. Ойымнан кетпей қойды. Бір күні телефонын тығып қойып, мінезін байқадым. Бұл қыз жылап, “кеше ғана несиеге алып едім” деп. Мінезінің өзін үйдегі қарындастарыма ұқсаттым. Жеке парақшасын ақтарып отырып, бұрын тұрмыста болғанын білдім. Бір баласы бар екен. Менің махаббатыма бала да кедергі болған жоқ. Бетіммен бірге жүрегімді де әрледі”, – деп ағынан жарылды әнші. 

  • Үздік фильм – “Оппенгеймер”: "Оскар 2024" жеңімпаздары анықталды

  • "Қомақты қаражат ұсынды": Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасының құпиясын ашты

Өнер иесінің айтуынша, ең қиын сәт хабарды отбасына жеткізу болған. Ата-анасы мен ағайындары қарсы болған көрінеді.

“Әкем бірден жауапкершілікті өзіме жүктеді. “Жігіт болсаң, бәріне көнесің деді. Менің қарсылығым жоқ” деді. Анам қатты қарсы болды. Көзді ашып-жұмғанша үш жыл өте шықты. Шығармашылығым жайына қалды. Аружанды жақсы жағынан көрсете берсем де, анам ойынан бас тартқан жоқ. Ата-ананың келісімі бірінші орында болғандықтан, Аружанмен араласпай кеттім. Басқа қыздармен сөйлесе бастадым. Күйзеліс болды. Қазір күліп айтып отырғаныммен, сол кезде қатты қиын болды. Әулеттің үлкендері бұрын босаға аттаған келін керек емес” деп кесіп айтты. Кейін анам менің жағдайымды көріп, ұнатқан қызыма үйленуге келісті”, – дейді әнші. 

Осы орайда өнер иесінің жұбайы, бет әрлеуші Аружан Әтеханова да әңгімеге араласты. 

“Бір жылдай дос ретінде сөйлесіп жүрдік. Кейін өнердегі араласатын достарымыз бірге жүретінімізді байқап, сезіктене бастады. Ойымыз бір жерден шығатын. Көзқарасымыз да ұқсады. Ринат маған сөз салып, жүрегін ұсынған жоқ. Біз ересек адамдардай нақты бірге болуға шешім қабылдадық”, – деп жан сырын ақтарды Аружан. 

Еске салайық, Ринат Шамшырақтың беташар тойы сынға қалған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.