Әнуар Сабыров Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Фото: Максим Маслов

“Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабыров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымынан босатылды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Айта кетейік, 4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кадрлық ауыс-түйіс жасады. Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Сайтбеков ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып және Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.