Ақылбекова Шарбану Мақсутқызы



жүктеу 30.41 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі30.41 Kb.

Ақылбекова Шарбану Мақсутқызы,

Қызылорда облысы, Арал ауданы

Шижаға елді мекені

«Ақбұлақ» балабақшасының

тәрбиешісі


«Үш аю» ертегісі


Мақсаты: Балаларға үстел-үсті ертегісінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ертегіні дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, төсек орны, ботқа, ыдыстар, себет, үнтаспа.
Балалар бізге келген қонақтар бар екен . «Сәлем-сөздің анасы»-деген, алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.

Амансың ба- Алтын күн!

Амансың ба-Жер Ана!

Амансың ба- достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Үстел-үсті кейіпкерлерінде ойнайтындар:
Әже – Қанзира
Қыз – Айжұлдыз.
Үш
аю
Әкесі – Қуандық.
АнасыҚарақат
Қонжық – Жауқазын.




Тәрбиеші: Кішкентай балғын балалар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Үстел-үстіне енгіздік
Баяндайын көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
Тәрбиеші: Баяғы бір заманда Айжұлдыз деген қыз болыпты. Бір күні Айжұлдыз орманнан жидек теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін.
Айжұлдыз:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Сүт пісіріп береді
Ішкісі келсе бәріне.
Әжесі: Жақсы бара ғой. Қызым алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Қызы Айжұлдыз: Жарайды.
Айжұлдыз орманда жидек теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.

А - у - у - у , А - у - у – у кім бар.


А - у - у – у әже, А - у - у - у әже қайдасың, маған көмектесіңдерші!

Тәрбиеші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Үйшік - үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін.
Ашық тұрған есікке кірген Айжұлдыз дастарқанда тұрған үш ыдыстағы ботқаны көреді. Үлкен ыдыстағы – әкесінікі, ортаншы ыдыстағы - шешесінікі, ал кішкентай ыдыстағы – Қонжықтікі еді. Айжұлдыз үлкен ыдыстағы одан кейін ортаншы ыдыстағы ботқаны жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай ыдыстағыны жеп көріп еді ұнап қалды. Ботқаны түгел жеп тауысып қояды. Шаршаған Айжұлдыз ұйықтағысы келіп , келесі бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Айжұлдыз үлкен төсекке жатып еді, ыңғайсыз болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Айжұлдызға дәп дәл келді. Сол төсекке жатқан қыз ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі
Әке аю: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.
Ана аю: «Менің бөкпенімді де татып көріпті»,- деп айғай салды.
Қонжық: «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», деп саңқ етті.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:
Әке аю: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.
Ана аю: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Қонжық: «Менің төсегімде, міне жатыр ұстаңдар», деп шәңк - шәңк етті.
Аюлардың даусынан шошып оянған Айжұлдыз қорқып кетті.
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар: Иә ойнаймыз.
Айжұлдыз : Аю, аю тұршы
Беті қолын жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әй - әй көйлек киші
Қане мені қушы - деп Айжұлдыз қаша жөнеледі.

Аюлар қорбаңдап Айжұлдызға жете алмай қалады. Осылайша Айжұлдыз аюлардан құтылып, аман есен әжесіне келеді.

Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Кімнің үйі екен? Айжұлдыз кімнің тамағын жеп қойды? Айжұлдыз аюлардан қалай құтылды?
Ертегі не жайында?
Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.
Осылайша ертегіміз аяқталды.
Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет