Айқын. – 2014. №218. – 28 қараша Махамбет Қ. 10 мың маман даярланады



Дата12.09.2017
өлшемі16.47 Kb.
#524

Айқын. – 2014. - №218. – 28 қараша

Махамбет Қ.


10 мың маман даярланады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен басқосу барысында Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев өндірісті жоғары білімді кадрлар мен қамтамасыз ету мақсатында арнайы карта әзірленгені айтты. Оның сөзінше, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде маман даярлау сапасын арттыру үшін алдағы уақытта дуальдік оқыту жүйесін енгізу бағытындағы нормативтік құқықтық база күшейтіліп, шеберханалар мен зертханалар заманауи құралдармен жабдықталады. Ал әлемдік деңгейдегі колледждер базасында қазір қат болып тұрған мамандар даярланады.

Бұдан кейін вице-министр ҮИИДБ аясында магистранттарды оқытуға басымдық берiлетінін баяндады.

– Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қажеттi мамандардың көлемiн анықтап жатырмыз. Алдағы үш жылда 10 мыңнан астам маман дайындау қажет болып тұр. Сол себептi бiз алдағы оқу жылынан бастап осы мамандарды дайындауды бастаймыз. Бұл мамандарды бағдарлық магистратура деңгейi бойынша оқыту жөнiнде ұсыныс енгiзiлдi. Себебi оқудың уақыты 1,5 жыл. Бакалавр бойынша дайындасақ, 4 – 5 жыл кетедi. Бұл қоғамға қажет мамандар 2019 – 2020 жылдары ғана оқуларын аяқтайды деген сөз. Ол кезде индустрияландыру бағдарламасы аяқталуға жақындап қалады» деді ол.

Т. Балықбаевтың мәлімдеуінше, келесі жылы 3 мыңға тарта магистрант мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады. Олар үшін отандық жоғары оқу орындары шетелдiк әрiптестерімен бiрлесiп оқытудың жаңа бағдарламасын әзірлейді.

Осы отырыста С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры А. Әбдіров жазғы демалысты пайдалана отырып, тәжірибе ұзақтығын барлық оқыту кезеңінде 6 айға дейін ұзарту қажеттігін алға тартты.

– Екінші индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің мемлекетімізді әлемдегі 30 дамыған елдің қатырана қосу үшін кадрларды дайындаудың 6 бағыты айқын далған – бұл металлургия, мұнай химиясы, тамақ және химиялық өнеркәсіп, машина құрылысы және құрылыс материалдары өндірісі. Бүгінгі таңда туындаған басты мәселе мамандарды әлемдік үлгіге сай дайындау қажет. Сарапшылардың пікірінше, мамандарды



ең үздік әлемдік тәжірибеге сай үлгіде оқыту үшін оқу үдерісіне түбегейлі өзгерістер енгізу қажет» -деді А. Әбдіров.
Каталог: assets
assets -> 1 – 30 қараша 2016 ж. Дсұ нарықтағы Техникалық кедергілер бойынша Комитеттің жариялаған хабарламалар реестрі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы №289 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет