Айжан жусупбаева, Павлодар облысы, Екібаcтұз қаласындағы №23 мектепке дейінгі гимназияның мұғалімі Үй жануарлары Білім беру саласы



жүктеу 31.46 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі31.46 Kb.

Таным



Айжан ЖУСУПБАЕВА,

Павлодар облысы,

Екібаcтұз қаласындағы

23 мектепке дейінгі



гимназияның мұғалімі
Үй жануарлары
Білім беру саласы: Қатынас

Оқу тәрбие іс-әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен және оның төлдерімен таныстыру, сөздік қорларын молайту, өлеңдерді жаттау арқылы тілдерін дамыту.

Әдіс-тәсіл: Саяхат, мнемотехнология, алгоритм

Көрнекіліктер: Суреттер, ғажайып қалта, жайлаудың макеті, алгоритм

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері»

Армысың ба, ашық күн!

Армысың ба, көк аспан!

Армысың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Әуен орындалып «ата мен әже» келеді.

– Сәлеметсіздер ме, балалар?

Тәрбиеші:

– Ата, әже төрлетіңіздер, біз балалармен үй жануарлары жайында біліп, әңгімелеспек едік. Балалармен жайлаудың көрінісі бейнеленген жерге саяхатқа шығып, қызықтаймыз.



Әже:

– Кәне, балалар біз өзімізбен ғажайып қоржынымызды ала келдік, оның ішінде тапсырмалар бар, кім орындап жауап берсе сыйлықтарымыз да бар.



1-тапсырма:

Жұмбақ жасыру.



  1. Басында екі таяғы бар,

Бірнеше аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Сақалы тағы бар. (Ешкі)


  1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе) 2-тапсырма:

Балалар үй жануарларының дауыстарын үнтаспа арқылы ажыратып, төлдерін атап береді.



3-тапсырма:

Өзі кеуделі ірі қара мал еті ет пен сүт беретін үй жануарлары қалай аталады?

Мнемотехнология әдісі бойынша балалар тақпақты жаттайды.

Сергіту сәті:

Сабау алып қолыма,

Қойдың жүнін сабадым.

Сүтін ішіп сиырдың

Уықтарды қададым.

«Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан» - дегендей бізге сиыр не береді екен?

Ассоциация әдісі арқылы.

Ал, балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер?



Дамира:

Томпайтып ұртты,

Сорамын мен құртты.

Медина:

Үйдің ұйытқан айраны,

Асқазанға пайдалы.

Дания:

Дастарханды жайнатқан,

Ірімшікті қайнатқан.

Міне, балалар сиырдың бізге пайдасы көп екен. Балалар сүттен жасалған тағамдардың көрмесімен танысады, онда сүт, май, айран, құрт, ірімшік, т.б. болады.

Ата мен әже балалардың жауаптарына риза болып, балаларға сыйлықтар таратады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Балалар үй жануарларына және сиыр жайлы түсінік алып, сүттен жасалған тағамдарды ажырата алады.

Меңгеруі: Тілдері дамып, сөздік қорлары молаяды.

Істей білуі: Сұрақтарға толық жауап беріп, сүт тағамдарын ажыратады.

Схема





Тақпақ:

Мүйізі айдай иілген,

Мұрны көкке шүйірілген.

Тұяқтары ән салып,

Жемін жейді тамсанып.

Етім дәмді сүтім бал,

Жылы тоным тағы бар.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет