akp_den_kz.doc [VІІ қысқы Азия ойындары]



жүктеу 20.72 Kb.
Дата13.09.2017
өлшемі20.72 Kb.

2011 жылы 12 қаңтар күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет спорт сарайында VІІ қысқы Азия ойындарына арналған университеттің оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «Денсаулық-2011» спартакиадасы болып өтті.

Спартакиаданың мақсаты: Елбасы Н.А.Назарбаевтың халыққа жолдауын жүзеге асыру. Университет оқытушылары мен қызметкерлерін спортпен шұғылдануын дағдыландыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.



2011 жылдың 12 қаңтар күні университет спорт сарайында VII-ші қысқы Азия ойындарына арналған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «Денсаулық-2011» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Салтанатты ашылу рәсімі спорттық бимен ашылып ҚР мемлекеттік әнұраны ойналды. Университет ректоры, академик Т.З.Рысбеков, «Тіл жанашыры», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері С.Ғ.Шарабасов құттықтау сөз сөйлеп, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қоса спартакиадаға Ұлы Отан соғысы, тыл және спорт ардагерлері П.Р.Букаткин, Ғ.Ж.Сәрсенғалиев, Қ.Т.Турашев, М.Ж.Жолдықайырова, Қ.Ж.Сүйіншалиев, Р.М.Мауталиев, Қ.И.Исмағұлов қатысты. 15 қаңтар күні воллейбол, шахмат ойындары бойынша, 13 қаңтар күні үстел теннисі, дойбы ойындары бойынша, 14 қаңтар күні воллейбол ойыны бойынша жарыс оздырылып, 15 қаңтар күні воллейболдан финалдық ойын өткізілді. Спорттың 4 түрі бойынша өткізілген спартакиаданың қорытынды марапаттау рәсімі 15 қаңтар күні оздырылды. Қорытынды бойынша воллейболдан жүлделі І орынды университет әкімшілігі командасы, ІІ орынды Мәдениет және өнер институтының командасы, ІІІ орынды педагогикалық факультет командасы иемденіп, «Үздік ойыншы» номинациясымен Г.Кайсагалиева, Ж..Жумаев, И.Утегенов марапатталды. Үстел теннисі бойынша І орынды филология факультетінің командасы, ІІ орынды университет әкімшілігі командасы, ІІІ орынды мәдениет және өнер институтының командасы иемденіп, Е.Усиев, Б.Молдагалиев, М.Темиргалиева «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Шахмат ойыны бойынша жүлделі І орынды университет әкімшілігі командасы, ІІ орынды педагогикалық факультет командасы, ІІІ орынды жаратылыстану және математика факультетінің командасы иемденіп, «Үздік ойыншы» номинациясымен А.Н.Володин, Б.Беккалиев, М.Кисметова марапатталды. Дойбы ойыны бойынша жүлделі І орынды университет әкімшілігінің командасы, ІІ орынды филология факультетінің командасы, ІІІ орынды педагогикалық факультеттің командасы иемденіп, «Үздік ойыншы» номинациясымен Д.Чернышев, К.Исмагулов, Ж.Мусина марапатталды. Жалпы командалық есепте жүлделі І орынды университет әкімшілігінің командасы, ІІ орынды педагогикалық факультет командасы, ІІІ орынды филология факультетінің командасы иемденді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер университет кәсіподағының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды.

Каталог: images -> stories -> downloads -> news
news -> 2011 жылдың 24 қарашасында Бөрлі ауданы Ақсай қаласында алғаш рет І азаматтық форум болып өтті
news -> 29 наурызбен 2-сәуір аралығында 68-інші «Студент және ғылым» атты студенттік ғылыми апталық болып өтті
news -> Конференцияның жұмыс бағыттары: Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері
news -> Жолдау жастар назарында
news -> В настоящее время более 20 желающих студентов зкгу им. М. Утемисова факультета «Туризм», «Международные отношения» и«Иностранные языки» подало необходимые документы для прохождения практики в вузах Турции
news -> Математикадан олимпиада өтті
news -> «Қадамың құтты болсын студент» !!!
news -> new_olimpiada_april_3_kaz.doc [Тараз мемлекеттік педагогикалық институты]
news -> Жаңалықтар Атауы: Университеттің ғылыми кітапханасының оқу залдары Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан жаңғырықтары»
news -> Киелі ќара шаѕыраќ М


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет