«акт-ды оқу үрдісінде қолдану әдістемесі» пәнінің



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/5
Дата20.12.2018
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК


ПОӘК

042-34.1.09./03-2016



ПОӘК

«АКТ-ды оқу үрдісінде қолдану әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар



09.06.2016ж

№1 басылым



«АКТ-ды оқу үрдісінде қолдану әдістемесі» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Семей 2016


МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Зертханалық жұмыстар






Студенттердің өздік жұмыстары






Емтихан сұрақтары






  1. Глоссарий

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату үдерістері, әдістері.

Компьютер – берілген және анық белгіленген өзгерілетін операциялар жүйелілігін орындауға қабілетті құрылғы немесе жүйесі.

Оқытуды компьютерлендіру – компьютерді оқу құралы ретінде қолдану, оқу үдерісінде компьютерлік техниканы көп мақсатты пайдалану.

Лингафонды кабинет – лингафонды жүйелермен (аудио, видео және мультимедиялық құралдармен) жабдықталған сыныптар немесе аудиториялар.

Жаңа түрлендірілген кабинеттер – арнайы жиһаз, көрсеткіш және зертханалық құралдар, техникалық оқу құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интербелсенді жабдық кіретін оқу кабинеттері.

Интербелсенді жабдық (тақталар, проекторлар, панельдер) – инновациялық құрылғылар, олардың көмегімен ақпаратты көрсетуге, жазуға, талдауға болады.

Кең жолақты немесе жоғары жылдамдықпен Интернетке кіру – жалпы пайдаланудағы телефон желісін және модемді пайдаланумен коммутацияланған қол жетімдікті қолданғанда барынша мүмкінді асатын деректерді тарату жылдамдығымен Интернетке қол жетімдік. Әр түрлі типтік сымды, оптикалық талшықты және сымсыз байланыс желілерін пайдаланумен жүзеге асырылады.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланы-латын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар.

Автоматтандырылған ақпараттық технология дегеніміз – ақпаратта басқару есептерін шеші үшін ақпараттарды жинақтап жинақтап жүзеге асыру құралдарын тіркеу, алмасу, жинақтау, іздеу, өндеу және есептеуіш техникамен байланыс құрылымын қолдану кезінде бағдарламалық қамтамасыздандыру ақпараттын қорғау.

Атрибут - ашу тэгтеріне қолданылатын сипаттамалар, түрлендірулер

Әмбебап кодтау (ағылшынша «generic coding») деп аталады. Форматталған мəтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері.

Белгілеу (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі (marking up) сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді.

Браузерлер майданы – браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер арасындағы күрес.

Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама.

Гипермәтін - сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы. Гипермәтіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі «super» cөзінің мағынасына сәйкес келеді.

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.

Сілтеме (hyperlink) – локалды дискте немесе компьютер желісіндеорналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мəтін, тақырып, сурет жəне т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін гипермəтінді құжаттың бір бөлігі.

Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.

Элемент - бұл тегтердің жұбы және олардың арасында орналасқан символдық мәліметтер (мәтін немесе код)

ActivInspire бағдарламасымен таныстыру
ActivInspire бағдарламасының саймандары

Бағдарламаны іске қосу: Бастау – Барлық бағдарламалар - ACTIV Software - ActivInspire – ActivInspire. Флипчарт – сабақтарды өңдеутін ActivInspire терезесіндегі үлкен тікбұрышты жұмыс орны. ActivInspire бағдарламасын іске қосқан кезде экранға интерактивті сабаққа дайын – мәтін, фигуралар, объектілер, дыбыстар, әрекеттер және т.б. орналасқан жаңа флипчарт шығады. Сонымен қатар бір уақытта бірнеше шексіз флипчартар да ашылуы мүмкін. Жаңа флипчарт құрғанда немесе ашқанда, бағдарлама терезесінде жаңадан пайда болады.

ActivPen қаламын қолдану. ActivPen қаламы – мұғалімнің компьютер тышқанын алмастыратын ең негізгі құрылғысы. Меңзерді жылжыту. Сол жақ батырманы шерту. Оң жақ батырманы шерту. Батырманы шерту және сүйрету. Екі рет шерту. ActivPen қаламының ұшымен тақтаны екі рет нақты, бірақ тез тигізу тышқанның батырмасын екі рет шерткенмен бірдей.

ActivBoard тақтасын калибрлеу

Калибрлеу – ActivPen қаламының ұшы мен тышқан меңзерінің дәл келуі. Қаламды тақта бетіне жақындатып, оған мұқият қараңыз. Егер тышқан меңзері қалам ұшымен дәл келсе, тақта калибрлеуді қажет етпейді. Егер дәл келмесе – калибрлеуді қажет етеді. Тақтадағы меңзер ActivPen қаламының қозғалысымен сәйкес келмеген жағдайда ғана калибрлеуді қолдану керек: группа 9



  • Процесс ActivPen қаламының көмегімен компьютерде емес, тақтада орындалады.

  • Көрсеткіштер тақтасынан Activmanager батырмасын шертініз.

  • Калибрлеуді таңдаңыз.

  • 2 секунд бойы қаламды тақтаның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан жарқырап тұрған логотиптің ортасында ұстап тұрыңыз.

  • Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Негізгі құралдарға шолу

ActivInspire бағдарламасының терезесі




  1. Құрал-саймандар панелі

  2. Шолушылар панелі

  3. Меню жолағы

  4. Флипчарт атауы

  5. Масштабтау

  6. Флипчарт беті

  7. Флипчарт себеті




Құралдар панелінің параметрлері

Ашылмалы мәзірден бұл элементтің орналасуы мен

көрінуін таңдауға болады.






Жиыру

Элементті жиыру және

қайта орналастыру қосқышы





Құралдар панелін қауіпсіздендіру


Элементті қауіпсіздендіру қосқышы

Оның автоматты жоғалуын және

кездейсоқ орын ауыстыруын

болдырмайды.






Кеңес

Шолушылар, меню және құралдар панелінің жоғарғы жақтарында орналасқан кішкентай белгішелерге мұқият назар аударыныздар. Олар келесі элементтердің әрекеттерін тез баптауға көмектеседі:



ActivInspire құрал-саймандар панелі

Құрал-саймандар панелі – қолданушының көп жқмыс ақтаратын негізгі панелі болып табылады.

Мұнда орналасқан құралдар – программаға тиісті кол жетімді барлық құралдары емес, мұнда тек көп қолданылатын құралдар ғана бар.

Құралдар жиынтығы қолданушының жеке қалауына байланысты өзгеру мүмкін. Егер ActivInspire-мен жұмыста құралдар панелін ауыстырған болсаңыз, онда келесі іске қосуда бұл өзгертпелер сақталады.

Сіздің жасаған өзгерпелеріңізді профильде сақтауға болады және әртүрлі өзгертулер үшін бірнеше профиль қолдануға болады. Профильдер арасындағы ауысу профильді ауыстыру батырмасымен жүзеге асады.

Панельде орналасқан құрал-саймандарға қысқаша сипаттама:







Басты мәзір. Құралдар панелінде ор

аласқан терезенің жоғарғы жағында орналасқан басты мәзір командаларын көшірмелейтін батырма.


Профильді ауыстыру. Бұл батырманың көмегімен құралдар панелінен сақталған профильдердің бірін таңдауға болады.



Алдыңғы бет – флипчарттың алдыңғы бетін аша

ы.


Келесі бет – флипчарттың келесі бетін ашады. Егер ағымды бет соңғы болса, онда флипчарттың жаңа таза беті ашылады.



Түстік палитра – қалам,маркер, толтыру құралдарының ағымды түсін таңдауға мүмкіндік береді. Басқа түстерді таңдау үшін, палитраны

ышқанның оң жақ батырмасымен шерту керек.


Қалам енінің селекторы – қалам, маркер. Өшіргіш және т.б. құралдарға енін өзгертіге мүмкіндік береді.



Таңдау құралы беттегі объектердің орын ауыстыруын, көлемін өзгері мен айналуын орындап, таңдауға және ола

ды басқаруға мүмкіндік береді.


Қалам – жиі қолданылатын құралдардың бірі. Ол белгілеу, жазба үшін,редакциялау үшін қолданылады. Қаламның ені мен қалындығын алдын ала орнатып аламыз.



Маркер мәтін, сурет, белгілер және тағы басқалардың үстінен мөлдір

алам көмегімен сурет салу үшін қолданылады.

МАҢЫЗДЫ! Қалам, маркер немесе сиқырлы сиямен жазылғандардың барлығын белгішелер деп атап және олар әдеттегідей жоғарғы қабатта орналасады. Белгішелерді Өшіргіш көмегімен өшіруге болады.




Өшіргіш қалам және

аркер құралдарының көмегімен белгілер жасағанда жіберілген қателерді өшіруге мүмкіндік береді.


Толтыру бетке түсті қосу үшін қолданылады. Сонымен қатар белгішелер, фигуралар, мәтіндік объектілер, суреттер, флипчарт фонын және жұмыс үстелінің флипчартын

флипчарт шекарасынан тыс түстік аймақтың түсінде өзгертуге болады.


Фигура – спецификалық сызық пен фигуралар салуға қолданылады. Пайда болған панельден толтырудың түсін таңдауға болады (контур түсін негізгі құралдар панелінен таңдауға болады). Дайын

игураны ерекшелеген кезде, мәзірден фигураның түйнектерін өзгертуге болатын құрал пайда болады.


Қосқыш – беттегі екі фигураны қосу үшін пайдаланылады және оларды орын ауыстыру кезінде расындағы байланыс сақталады.



Файлдан мультимедиа қою – флипчарт

бетіне файлдан мультимедианы тез таңдау үшін қолданылады.


Мәтін – ActivInspire бетіне және флипчартқа атау мен белгілеулер үшін мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Мәтінде кез келген құжаттан көшіруге немесе тасымалдауға болады. Мәтінді пішімдеу үшін маркерді таңдағанда немесе мәтінді екі рет шерткенде пайда болатын панельді пайдануға болады. Сөздің түсін толтырудың көмегімен өзгертуге болады. Мәтінді теру үшін батырмасы көмегімен орындалатын экрандық пернетақтаны да қолдануға болады (оң жақ батырмамен

«балалар» пернелерін ашуға болады).


Болдырмау – ActivStudio-нің белсенді флипчартындағы орындалған соңғы операция немесе соңғы әрекетті жояды. Құралды бір рет шерткен сайын бір әрекет қана жойылады.



Қайталау – жою құралының көмегімен жойылған әреке

терді қайталау.


Құралдар – панельде жоқ қосымша құралдарға қол жеткізеді.



Бетті қалпына келтіру – бетті файлдегі сақталған бұрынғы қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Барлық өзгертулер жойылады. Маңызды!!! Барлығын қайта қайтару мүмкін емес! Сабақта

кейін флипчартты алғашқы қалпына келтіріңіздер.


Тазарту – флипчарт бетінен барлығын немесе кейбір объектілерді: фон, тор және т.б. өшіру үшін қолданылады. Объектілер мен белгілеулерді себетке орналастыру арқылы өшіруге болады.



Қосымша құралдар. Егер құралдар панелінен көрінбесе,онда оларды ашу үшін батырмасымен немесе Құралдар мәзірінен ашуға болады. Бір рет пайдаланғаннан кейін ол қосымша құралдар панелінен көрініп тұрады.



Қолжазба мәтінін тану



Фигураны тану



Перде. Перденің түсін өзгеру үшін: Көру мәзірі – Баптау – Баптаулар – Эффектілер. Перде басқа беттерде ашылмас үшін, Шолушылардан Құралдар – Жұмысқа арналған құралдар – Құралдарды өшіруді таңдау керек. Алдыңғы бетке қайта оралыңыз (перда керек жерге және Шолушылар бөлімінен пердені қ

сыңыз). Перденің нақты бір жерде жұмыс істегенін қаласаңыз, перденің жоғарғы бұрышындағы квадратты шертіңіз, осы жағдайды сақтаңыз.


Прожектор. Прожектор қалпы Құралдар мәзірінен өзгертіледі. Пожекторді жабу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы квадратты шерт

ңіз.







Математикалық құралдар: Сызғыш, Бұрыштық, Транспортир, Циркуль, Координат басы, ойын сүйегін лақтырушы, Калькулятор.



Сиқырлы сия. Өшіргіш сияқты жоғарғы қабаттағы фрагменттерді қшіреді. Сондай-ақ қабатта тасымалдауға болатын тесік пайда болады.





ActivInspire шолушылары

Шолушылар – флипчарт және онда орналасқан объектілермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы арнайы панель. Бастамадағы батырма арқылы флипчартты өңдеу кезінде экранға шолушылар терезесін қоюға болады немесе демонстрация кезінде оны жасырып қоюға да болады.



 Бетті шолушылар

Толықтай флипчарт беттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни беттерді эскиз түрінде көруге, беттер арасындағы тез орын ауыстару, тасымалдау арқылы беттердің орнын ауыстыру, көшіру операциясын орындау, беттерді қою және өшіру мұмкіндіктері бар. Қосымша мәзірдің эскиздегі белгіше флипчарттың ағымдағы бетін көрсетеді.



Ресурстарды шолушылар

ActivInspire ресурстар кітапханасын қолжетімді етеді. Ресурстар кітапханасы флипчарт пен презентацияда қолданылатын файлдар мен объектілерді қолжетімді етеді.



  • ACTIVstudio арқылы қолдануға, өзгеруге, сақтауға болатын әртүрлі ресурстар орналасқан жалпы кітапхананы ашуға болады. Бұл кітапханалар бірнеше қолданушылармен қолданылады.

  • Ресурстардың жеке кітапханасы өзіннің ресурстарынды сақтауға мүмкіндік береді.

  • Компьютердегі қалташалардан ресурстарды іздеуге болады.

Ресурстар жеке жіне ресурстардың жалпы қалташаларында орналасқан және ыңғайлы болу үшін тип бойынша классификацияларға бөлінген.

Әдетте Шолушылар Жалпы ресурстар қалташасын ашады. ActivInspire арқылы қойылған ресурстар категория бойынша ұйымдастырылып және түсінікті аты жазылған қалташаларда сақталады.

Ресурстарды шолушылар терезесінің жоғарғы жағында ресурсты қалташаларды ашуға мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан:

Менің ресурстарым – қолданушы салған ресурстар орналасқан қалташаларды ашады. Бұл ресурстардың тізімі әр қолданушыда әрқалай. Ең басында бұл қалташа бос болады.

Жалпы ресурстар – бұл қалташа әдеттегідей ашылады. Мұнда стандартты ресурстар орнатылған. Мұндағы ресурстар барлық қолданушыларға қолжетімді.

Ресурстар орналасқан басқада қалташалар – кез келген кітапханада жоқ флипчарт ресурстарын қосуға арналған компьютерде немесе локальды желіде орналасқан қалташаны таңдауға болады.

Бұл терезедегі контексті мәзір ресурстар пакетін экспорттап немесе импорттай алайды. «Импорт» функциясы контексті мәзірдің жоғарғы деңгейлі қалташасында қолжетімді.

Панельдің астынды жағында ресурстар эскизы мен қалташадағы қалташа аттары орналасады:


  • Ресурстардың көлемін және эскиздардың ұйымдастыруларын өзгертеу;

  • Ресурстарды флипчартқа кітапханадан қою;

  • Ресурстар кітапханасынан ресурстарды өшіру.

Екі панель арасында таңдалған қалташаның элементтер саны көрсетіледі.

Кітапхананы өз ресурстарыңмен толтыруға болады немесе ресурстардың толық пакетін қосуға болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет