Эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі асылтұқымды сәйгүлікті сыйлыққа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/

Өнер иесінің айтуынша, Ұлан есімді ағасы ат атаған көрінеді. 

“4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын!”, – деп жазды әнші. 

  • "Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер": Төреғали Төреәліге сенген жұрт үйсіз қалды

  • "Төреғалидың атышулы адвокаты алдап кетті": Белгілі заңгер Тілеужан Кішкенебаев өзін айыптаған әйелге жауап берді

Сонымен қатар өнер иесі жеке парақшасына бір шумақ өлең жазып, жануардың аты әлі қойылмағанын айтып, оқырмандарына ұсыныс тастады. 

“Тұлпар десе жан бар ма туламаған,
Тулағанда қолыма туды ала алам.
Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық
Жасаған жасай берсін, Ұлан ағам!
Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан! Атын кім деп қоямыз? ”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Желі қолданушылары түрлі ат ұсынып, өз пікірлерін жазып жатыр. Ал өнердегі әріптестері бәйгеден жүлде алатын сәйгүлік болуын тілеп жатыр. 

“Төреторы. Ұлы дала торысы болсын!”, “Бақторы – нағыз сәйгүлікке лайық ат”, “Бозжыра деп қойшы”, “Бәрекелді! Бәйге алатын жүйрік болсын!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.