Ыстамбұлда ер мен әйел қарумен сот ғимаратына шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Aljazeera.com

Оқиға түскі уақытта орын алды. Шабуылдан бес адам, оның ішінде үш құқық қорғау органының қызметкері зардап шеккен. Бір адам ауруханада көз жұмған көрінеді. Қаскөйлер ұсталды.

Қазір оқиға орнына қосымша полиция күштері мен медициналық топтар жұмылдырылды. Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Прокуратура тергеуді бастады.

Ішкі істер министрі Али Ерликая шабуыл жасағандардың революциялық халық азаттық партиясы террор ұйымының мүшелері екенін айтты. Бұл – Ыстамбұлда соңғы екі аптада болған екінші шабуыл.

28 қаңтарда Ыстамбұлда католик шіркеуіне біреулер оқ жаудыртып, атыс салдарынан түрік азаматы қаза тапқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.