ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Сәкен Майғазиев мерейтойына дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Келесі жылы өнер иесі 50 жасқа толады. Ал елдің ықыласына бөленген “Музарт” тобына – 25 жыл. 

“50 жасқа толатын туған күнімді халықпен бірге атап өткім келеді. “Музарт” тобының концерттерін ұйымдастыратын Андрей Хван деген режиссер жігітпен ақылдасып едім. Ол өте көп гонарар сұрады. 2018 жылы алған ең қымбат көлігімді сатсам да, сол маманның ұйымдастырғанын қалап тұрмын. Халық менің кешіме келіп, керемет демалып кетсе екен деген тілегім бар. Осы күнге дейін өнерде жүріп, қаншама тірліктер атқардым. Бәрін сахнада көрсеткім келеді. Ұстаздық қызметте жүргенде талантты шәкірттер дайындадым. Солардың да үлкен сахнаға шыққанын қалаймын. Қаншама өнерпаздармен дуэт айттым. Оны да көрсеткім келеді. Мейрамбектен домбыра үйреніп, домбырамен де ән айтуым мүмкін”, – деп ағынан жарылды әнші. 

  • "20 миллион теңге жұмсадым": Мөлдір Әуелбекова қоныс тойын тойлады

  • "Ол кезде ұйықтап жаттым": Саят Медеуов жол апатына түскен сәтін есіне алды

Одан кейін өнер иесі спорт залына жиі бас сұғатынын айтты. Айтуынша, қытығына тиіп жүргендер бар екен. 

“Сахна артық салмақты көтермейді. Сол үшін формада жүруіміз керек. Сондықтан спортпен жиі шұғылданамын. Тіпті, соңғы кезде қытығыма тиіп жүргендер бар. Әрі солардың тұмсықтарын бұзғым келеді. Кімдер екенін айтпай-ақ қояйын. Уақыты келгенде өздері ел алдына шығады”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Еске салайық, әнші “Музарт” тобының дайындығын көрсетіп, елді күлдірген еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.