«Аквариумдағы балықтар» ұйымдастырылған оқу қызметтің технологиялық картасы



жүктеу 52.02 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі52.02 Kb.


«Аквариумдағы балықтар»

ұйымдастырылған оқу қызметтің технологиялық картасы
А.М.Омарова, №10 "Балапан" бөбекжайының тәрбиешісі

Орал қаласы
Тобы:Еркем-ай

Уақыты:08.02.2017 жыл

Білім беру саласы:Кіріктірілген



Ұйымдастырылған оқу қызметтің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:«Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты:1. Аквариумда тіршілік ететін балық туралы түсіндіру.

2. Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер:Сұрақ-жауап., түсіндіру ,көрсету , мадақтау

Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар:балықтардың түрлерімен танысу

Қажетті көрнекі құралдар:аквариумдағы тірі балықтар, үлестірмелі материалдар,компьютер слайдтары,балық түрлері,ойын «Балық аулау», «Аквариумдағы балықты толықтыр»

Сөздік жұмыс:желбезек

Қостілділік компонент: Балық-рыба,су-вода.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Тәрбиеші:

-Балалар,бүгін ерекше күн,бізге қонақатар келіп отыр,қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаумыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын білу үшін жұмбақты шешіп көрейік.

Сусыз өмір сүре алмайды,

Аяғы жоқ,жүре алмайды.(балық-рыба)


Балалар қонақтармен амандасады.

-Сәлеметсіздер ме. Здравствуйте.Hello.
Жұмбақты шешеді.

-Шешуібалық.




Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

1.Білімді өзектендіру.

-Бәрекелді,балалар,балықтар туралы білгілерің келе ме?

Мен сендерге балықтар туралы әңгімелеп берейін.

Слайд.

-Балалар,мынау не?

-Мынау басы үшбұрышты,геометриялық пішінге ұқсайды,денесі сопақша,құйрығы мен қанаты үшбұрышқа,көзі дөңгелекке ұқсайды.

-Міне,мынау желбезегі.Кәне барлығымыз айтайықшы.



2. Қостілділік компонент: Балық-рыба,су-вода.

Балықтың түрлері өте көп.Шабақ,сазан,шортан,итбалық.

Балықтар суда өмір сүреді.Үйде асырайтын балықтар да болады.Көлде,теңізде өмір сүретін балықтар,үлкен болады. Ал үйде өмір сүретін балықтар, кішкентай болады.Олардың үйін аквариум деп атайды.

Ендеше, сондай тірі балықтарды көргілерің келе ме?

Бәріміз мына балықтардың арасымен жүріп көрейік.

Сергіту сәті. «Балық» жаттығуы

Балық жүзді, сүңгіді

Таза суды бүлдірді

Бір көрінді, жоқ болды

Әдемілеп секірді.

-Балалар көздерін жұмады,сол кезде буклеттің артында жасырылған аквариумды ашу. Аквариумның ішіндегі балықтарды көру үшін шыны әйнектен жасалған.Аквариумға су құямыз және ішіне тас саламыз.Ішіндегі су мөлдір әрі таза болу керек.Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді.

Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады.Онда өсімдіктер де өсіріледі.Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі.Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады.Балықтың денесін қабыршақ жапқан,бірақ қабыршақсыз немесе сүйікті қылтан жапқан түрлері де бар.



Сұрақтарға жауап береді


-балық
Балалар қайталайды: желбезек

Қайталайды: Балық-рыба,су-вода.


-Тыңдайды.

-Көргіміз келеді.

Балықтардың арасымен жүреді.

Сергіту жаттығуын орындайды.


Балалар балықтарға жем береді.





Оқу қызметінің бағалау кезеңі

Желбезектерімен судағы еріген ауамен тыныс алады.

3.Үлестірлі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.

Ойын: «Не артық?»

Мақсаты: Берілген суреттердің ішінен артық суреттерді табу.

- Енді балалар,балықтар жайлы тақпақтар білеміз бе?


-Жұмбақтар білеміз бе?

1.Қанаты бар,ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (Ерали)

2.Суда өседі,өнеді,

Сыртқа шықса,өледі. (Інжу)

3.Күміспен апталған,

Теңгемен қапталған. (Жаннур)


4.-Жарайсыңдар,балалар.Қазір «Балық аулау» деген ойынын ойнағыларың келе ме? (ойын шарты түсіндіріледі)

- Балалар,менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?

-Қармақпен не істеуге болады?

-Балалар,бұл жай қармақ емес,сиқырлы қармақ.Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?

(Балалар біртіндеп келіп балық аулайды,қай бала көп балық аулаған санап,мадақтау)

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады.

5.Аквариумды толықтыр.

-Балықтар қай жерде өмір сүреді?

-Балықтар немен қоректенеді?
Алтын балық келеді.

-Балалар, ертегілерде алтын балық адамдардың тілегін орындайды екен. Мүмкін біздің де тілегімізді орындап қалар. Біз де алтын балыққа тілегімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар?

(Балалар бір-бірден өз тілектерін айтады)

-Жарайсыңдар балалар, ендеше осы жақсы тілектерімізді алтын балыққа үрлеп жіберейік.



Тапсырманы орындайды.



Қармақ салсаң сазанға,

Бар өзеңге азанда.

Оңайлықпен сазанның,

Түскісі жоқ қазанға. (Даулет)
Айқайлама,ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста,

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа. (Амир)

Ойынға қызығушылықпен қатысады.

Бұл-қармақ.

-Балық аулауға.
-ия

Сұрақтарға жауап береді.

-суда,өзенде,көлде

-құрттар,жем жейді,жасыл шөптер


-Әрине,қалаймыз.



-уф,уф,уф



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Балалар балықтар туралы,олардың тіршілік ету дағдысын;

Қандай түсініктерді игерді: Аквариумда тіршілік ететін мәліметті және оларға қалай қамқорлық жасау керектігін

Меңгергене дағдылары мен іскерліктері:Тапсырманы жауапкершілікпен орындап,өздігімен ұқыпты қызмет жасай алуын;

Тәрбиеші:А.М.Омарова
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет