Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Жергілікті полицияға 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

“28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған. Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде”, – деп мәлімдеді полиция.

  • "Үш мұғалімнің шаңырағы шайқалып, медбике өзіне қол салды": Түркістан облысында тұрғындар бұрынғы директордың мектепке келуіне қарсы шықты
  • Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам іздестірілуде (видео)

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқаны айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент пен Павлодарда оқу орындары мен жатақханаларда әлімжеттік көрсеткен топ мүшелері ұсталғаны белгілі болған. Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін ақша және тауарларын алған. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.