Аламесек ауылдық округі әкімі Н. Опабековтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 45.51 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі45.51 Kb.


Аламесек ауылдық округі әкімі Н.Опабековтың

2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Аламесек ауылдық округінің жер көлемі 16950 га о.і ауыл шаруашылығы жері 14785 га құрайды. Есет батыр елді мекенінде 352 отбасында 1930 халық тұрады. Зейнеткерлер саны -213, жұмысқа қабілетті адам саны -950, мектеп жасында 364 бала білім алуда.

Елді мекенде «Қазақтелеком» телефон желісі 72 нүкте, «Казпошта» АҚ мекемесі филиалының бөлімшесі, қызмет көрсетеді. Ауылда №124 орта мектеп, 200 орындық мәдениет Үйі, 10 орындық күндізгі аурухана және ауылдық емхана жұмыс істейді. «Балапан» бағдарламасы аясында, №124 орта мектептегі шағын орталықта 20, жеке кәсіпкер Г.Бекмурзаеваның «Гүлсезім» балабақшасында 60 бүлдіршін тәрбие алуда. Қызылорда қаласына 1-мезгіл, аудан орталығына 2-мезгіл автобус қатынайды.



Ауыл шаруашылық саласы

Ауылда 15 шаруа қожалығы, 2 өндіріс копперативі, 3-ауылшаруашылығы копперативі жұмыс атқаруда. 2017 жылы шаруашылықтар бойынша 2149 гектар күріш, 60 гектар картоп, 81 га жаздық бидай, 103 гектар көкөніс, 531 га ескі жоңышқа, 349 га жаңа жонышқа егіліп жиналды.

Жеке отбасыларында 1883 мүйізді ірі қара, 584 жылқы, 2710 қой-ешкі тіркелген. Ауылдық округтегі барлық МІҚ малдары сырғаланып, тиісті құжаттар беріліп, дерек қорына еңгізілген. 2017 жылы ауыл шаруашылықтары облыс, аудан орталықтарына жәрменкеге 12 тонна картоп, 9 тонна, көкөңіс, бақша өнімдері, 25 тонна табиғи шөп, жоңышқа престері апарылып сатылды.

Әлеуметтік сала

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 23 ауыл тұрғыны 84 мүйізді ірі қара және 73 жылқы малдарын несиеге сатып алып, жұмыс жасауда. Осы бағдарлама бойынша 2017 жылы жалпы құны 22,4 млн.теңгені құрайтын 6-жоба қаржыландырылып, өз кәсіптерін бастады. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 19 азамат қайта даярлау курсын оқып оның 11-і жұмысқа орналасты.

2017 жылы 6 азамат жастар практикасына жіберіліп, 25 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Ауылдық округі бойынша 2017 жылы жаңадан 13 кәсіпкерлік субьектілері ашылып, онда 24 жұмыс орны қамтылды. Елді мекенде 4-жолаушылар тасымалдау, 9-сауда дүкендері, 1-шаштараз, 1-автошеберхана, 14-мал шаруашылығында саласы бойынша кәсіпкерлер еңбек етуде.

Оның ішінде «Ақниет» бағдарламасының «Жаңалық» номинациясы бойынша 1 азамат 670 мың теңгеге автошеберхана, «Бастама» номинациясы бойынша 1 азамат 450 мың. теңгеге шаштараз, 1 азаматша 250 мың теңге грант арқылы темір ұстаханасын ашып, халыққа өз қызметтерін ұсынуда. Ал 2016 жылы «Бастама» номинациясы аясында 1 азамташа 500 мың теңгеге грант иегері атанып тігін цехын іске қосты.

2017 жылы 1 кәсіпкер «Даму» Қорының бағдарламасы аясында грант конкурсына қатысып, үй қоянын асырау жобасы бойынша 200,0 мың теңгеге қаржыландырылды.
Көркейту-көгалдандыру және аббатандыру жұмыстары

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Есет батырдың монументі қойылған аумақытың айналасына аббатандыру жұмыстары жүргізілді. Ауыл паспортына жаңарту, кіре беріс жол бойына арка салынды. Ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу үшін мекемелермен шаруашылықтарға учаскелер бөлініп берген. Елді мекенде 22 сенбілік ұйымдастырылып, оған 1250 ауыл тұрғындары қатысты, 72 тонна құл- қоқыс шығарылды.



Спорт саласы

Ауыл бойынша 2 -спорт зал, 1-спорт алаңы, 2- шағын футбол алаңдары тұрғындардың спортпен айналысып, жастарға тәрбиелік маңызы зор түрлі спорттық іс-шаралардың орталығына айналды. Аудандық футбол, баскетбол құрама командаларында ауыл жастары тартылған. Ал, Жалағаш ауданы №14 балалармен жас өспірімдер спорт мектебінің филиалында қол добы спорттық ойыны бойынша 54 жас өспірімдер тартылса, қазақша күрес секциясына 55 жас өспірім тұрақты қатысуда. 2017 жылы спорт үйірмесіне қатысушы жасөспірімдер Пірман Дулат, Хамит Нұрсұлтан, Жолдасбек Мағжан спорт шеберіне кандидатты атанды.



Мәдени көпшілік іс-шаралары

Елді мекенде 200 орындық Мәдениет үйі, 14774 дана кітап қоры бар, кітапхана қызмет істейді. 2017 жылы кітапхана «Модельді ауылдық кітапхана» болып, жаңа форматта жұмыс атқаруда.

Мәдениет үйінде 2017 жылы 52 түрлі мәдени шаралар өткізіліп, оған 9805 адам қатысты. Мәдениет үйіндегі 5- үйірмеге 59 адам тартылған. Мәдениет үйінде «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамблі, «Асыл аналар» ансамблі өз өнерлерін көрсетіп, ауыл, аудан көлемінде көрермендер ықыласына бөленуде.

Сонымен қатар 2017 жылы ауылымызда Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерей тойы республикалық деңгейде атап өтті. Осы өткен үлкен шараға республикаға, облысқа белгілі азаматтар қатысып, республикалық ақындар айтысы өткізілді.



Білім саласы бойынша

Елді мекенде №124 орта мектепте 22 сыныпта 364 оқушы білім алуда.

Мектепте қазіргі уақытта 66 мұғалім жұмыс істесе, оның ішінде, 3 мұғалім жоғары санатты, 24 мұғалім І санатты, 30 мұғалім ІІ санатты, 9 мұғалім санаты жоқ мұғалімдер.

2017 жылғы 34 мектеп бітіруші түлектердің 25-і ҰБТ-ге қатысып орташа 73,5 балды құрады. ҰБТ-ге қатысқан 25 бітірушінің 12-і мемлекеттік грантқа, 1-уі облыс әкімінің грантына, 5-уі ақылы негізде жоғарғы оқу орындарына түсіп, білім алуда.



Деңсаулық саласы бойынша

Ауылдағы 10 орындық күндізгі бөлімдегі аурухана және емхана бөлімшесінде мемлекеттік бағдарламаға сай тұрғындарға тиісті дәрігерлік байқаудан өткізіп, анықталған ауруларға тиісті сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Туберкулез ауруларын болдырмау мақсатында ауыл тұрғындары кестеге сәйкес манту сынамасы мен флюро байқаудан тексерілді.



Қоғамдық саяси ахуал

Ауылда қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Еді мекенде «Өтеулі Қажы» мешіті ауыл ақсақалдарымен бірлесіп жастар тәрбиесі, діни экстремизм және діни ахуал мен дәстүрлі емес дін ағымдары туралы түсінік жұмыстарын тұрақты жүргізіліп тұрады.



2017 жылғы есеп беру кездесу кезінде ауыл тұрғындары тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер туралы.

- Аламесек ауылдық округіндегі егістік жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу туралы:


Орындалуы:

Жерге қатысты өзекті мәселелер ҚР Жер кодексіне сәйкес түгендеу жұмыстары жүргізіліп, бос жатқан жерлер аукцион арқылы субьектілерге беріледі.


- Ескірген электр желілерін жаңарту туралы:

Орындалуы:


2017 жылы ауылдың электр желілеріне ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Алдағы уақытта кезең кезеңімен атқарылатын болады.



2018 жылға арналған жоспар

- Ауылдық округ бойынша аяқсу жүретін ескі арықтарды қайта тазартып, су келтіру;



- көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу;

- ауылда жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауыл жастарын еңбекке баулу бағытындағы жұмыстарды атқару.
Каталог: zhalagash -> public -> admin
admin -> Об утверждении Дорожной
admin -> Бағдарламасы қаракеткен ауылы 2018 жыл
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> М. Шәменов атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қОҒамдастықты дамыту бағдарламасы
admin -> Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р. Ақпанбетовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
admin -> Жалаєаш ауданыныѕ 013 жылдыѕ аќпанына
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж. Матаевтың 018 жылдың айында атқарған жұмыстарының есебі Ауылдың әлеуметтік жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет