Ќаламгермен кездесу



Дата07.03.2018
өлшемі11.95 Kb.
#20358




Қаламгермен кездесу.
Жуықта аудандық кітапханада «Жас қазақ үні» газетінің редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар Одағының, Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптың соның ішінде «Қаралы көш» тарихи романының авторы Жәди Шәкенұлымен кездесу кеші өтті. Кешке аудандық мұгедектер қоғамының төрағасы С.Мәкей, психолог мұғалімдер, оқушылар, мектеп кітапханашылары және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты.

1967 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген қаламгер 1997 жылы атажұртқа оралып, 1998-99жылдары «Шалқар», «Қазақ елі» газеттерінде тілші,2003-2004 жылдары «Шалқар-2» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарған.Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің филология бөлімінде аспиранттық білім алған. «Оралмаған жыл құсы» атты повесть-әңгімелер жинағы, «Балқаймақ», «Ақбота» атты балаларға арналған мысал әңгімелер кітабы жарық көрген. «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Әдебиет айдыны» , «Көш» секілді басылымдарда көптеген әдеби- сын мақалалары, әңгімелері жарияланған.Кеште қаламгер өз творчествосынан оқырмандарды хабардар етіп, қойған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ жазушының балаларға арналған «Құмырсқаның еңбегі» атты мысалын аудандық мүгедектер қоғамының психолог мұғалімі Динара нақышына келтіре оқып берді.



Шараға жазушы ағамыз құр қол келмепті. Өзінің сиясы кеппеген «Қаралы көш», «Жалғыздың үні», «Оспан» - Оспан батыр Сіләмұлы жайындағы зерттеу кітабы және Ш.Құмарұлының «Ер Жәнібек» атты кітаптарынаудан мектеп кітапханаларына және аудандық, ауылдық кітапханаларға тарту етті.
Ғ.Касбаева
Зайсан аудандық кітапханасы.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет