Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды көздейді.

  • Аймағамбетов әйелін ұрып-соққандардың жазасы қалай қатаңдатылатынын айтты
  • Қазақстанда вейп сатқандарға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ

Атап айтқанда, түзетулер қылмыстық жауапкершілікті енгізеді және мына баптар бойынша жауапкершілік қатаңдатады:

  • Ұрып-соғу – 80 АЕК (2024 жылы 295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 25 тәулікке дейін қамауға алу;
  • Қинау — 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Денсаулыққа ауыр зиян келтiру – 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға;
  • Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiру – 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
  • Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу;

Бұған дейін депутаттар оқушыларға сабақ барысында телефон қолдануға тыйым салатын заңды мемлекет басшысына жолдаған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.