Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі сіңлісінің туған күнімен ерекше құттықтады. Ал туған күн иесі жекеменшік мерекесін жақындарымен ғана атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Блогердің айтуынша, Қызылорда өңіріне тұрмысқа шыққан сіңлісі Астана қаласында тұрып жатқан көрінеді.

“Жаным, сіңілім сенің бар болғаныңа сансыз шүкірлер. Жан-жарыңмен, балапандарыңмен бақытты ғұмыр кеш. Сен өз жасыңнан данасың, ақылдысың. Өзіңе арнап күшті сыйлық алдық. Не таңдарымды білмей ұзақ жүрдік. Динок, сағаттарға онша қызықпайтыныңды білемін. Бірақ осыдан кейін қызығып бастасын деп таңдауым сағатқа түсті”, – деп жазды блогер. 

  • Хабиб Нұрмағамедов Ресей президенті Владимир Путиннен өте бағалы сыйлық алған

  • "4 жыл бұрынғы уәдесі еді": Төреғали Төреәлі ерекше сыйлыққа ие болды

Әпкесінің сыйлығын көрген желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі қымбат сыйлық бергеніне лайық десе, енді бірі көз тиетінін айтып, сақ болуға шақырды. 

“Сендей әпкесі бар Дина бақытты екен”, “Сағаттың бағасы 2 миллион теңге тұрады”, “Қара орамал тағып туған күнге келген несі?!”, “Асып-тасып жатқан өмірлеріңді көп жарияға жар салмағандарың дұрыс”, деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Дина Төреәлі кофе ішу үшін шетелге барып келетін күндерін сағынғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.