Алматы облысы мен қаласында кәсіпкерлер бөлшек салықты 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетуді сұрап, қалалық әкімдікке барды. Айтуларынша мұндай мөлшердегі салықпен кәсіп дағдарысқа ұшырайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан алынған

Кәсіпкерлер қолдарына "Шағын бизнесті тығырыққа тіремек" деген плакаттарды ұстап, 4 пайыздық бөлшек сауда салығының дүкендерді дағдарысқа әкелетінін алға тартты.

“Егер адам бөлшек салық бойынша жылына 16-18 миллион төлесе, егер 50 пайыз төмендетілсе, онда олар 10 миллион төлейді. Мүмкін төрттен екі пайызға дейін аз деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ шын мәнінде, бұл бізге айтарлықтай салмақ салады”, – деді кәсіпкер Дәулет Әліпбек.

Сонымен қатар кәсіпкерлер басқа өңірлердегі мәслихат депутаттары өз аймақтарында пайызды төмендеткенін жеткізді.

“Мысалы, Қарағанды облысында салық 2 пайыз болды. Неліктен бүкіл Қазақстанға бір заң жасалмайды? Неліктен Алматыда басқа?”, – деді кәсіпкер Гүлжахан Сманова.

Кәсіпкерлер онсыз да істеріне қойылатын талаптардың көп екенін алға тартты.

  • "Айына 180 миллион теңге несие төлеген": 100-ге жуық адам сазгердің баласына сеніп, сан соғып қалды

  • Жалпыға бірдей декларация: Бағалы бұйымдарды кім және қалай бағалайтыны айтылды

“Бізде әлеуметтік сөрелер бар. Әкімдік оларға арнайы баға қоюға мәжбүр етеді. Мәселен, тұзды 69 теңгеден сат дейді. Егер мен оны 80 теңгеден сатып алсам, оны 69 теңгеге қалай сата аламын? Неліктен мен шығынға ұшырауым керек? Сол себептен мен мұндай тауарды мүлдем сатпаймын”, – деді кәсіпкер Нұргүл Қуаныш.

Әкімдік бөлшек салықты төмендетудің неге тиімді емес екенін айтты. 

“Сіздер Алматының шағын және орта бизнес қаласы екенін білесіздер. Бізде 330 мыңға жуық ШОБ субъектісі тіркелген. Ал 250 мыңға жуығы бөлшек саудаға түседі. Тиісінше, бюджет түсімдердің белгілі бір бөлігін жоғалтады. Біз мұны белгілі бір тәуекелдер деп санаймыз”, – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Сұлтанбаев.

Қалалық мәслихат депутаттары бизнестің айналымын дүйсенбіде қарастыруға уәде берді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.