“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Өнер иесі ақпан айында әкесінің жеті күндік асын бермек. 

“Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келетінін әрбір есті адам түсінуі керек. Көз көргендер әкемнің өз уақытында жақсы боксшы болғанын айтады. Менің де жақсы жұдырықтасуым әкемнен дарыса керек. Өмір жалғасады, жауапкершілігім артып, есейгенімді сездім. Ата-анаң барда еркелеп жүреді екенсің. Анама күш-қуат тілеймін! Ата-ана разылығын алатын сапалы ұрпақтың қатарында болайық! Уайым жұтпас үшін, іштегі шерді шығарып, бір терлеп алдым”, – деп жазды әнші. 

  • Боксшы Данияр Елеусіновтің әкесі ұлының рингке оралатынын айтты
  • "10 жыл бойы үй мен аурухананың ортасында жүрдік": Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды

Сонымен қатар, Бағлан әкесінің соңғы жазған хатын да жариялады. 

“Бақа, ақылшым менің… Құдай қуат берсін! Әдемі ой-өрісің маған бақыттың шексіз тәрбиесі секілді. Сен менің өмірімнің жалғасысың",  делінген хатта. 

Желі қолданушылары сүйікті әншісінің қайғысына ортақтасып, марқұмның жаны жәннатта болуын тілеп жатыр. 

 Фото өнер иесінің stories-і

Еске салайық, Әбдірайымовтар әулетіне Түркістан қаласының әкімдігі көңіл айту жеделхатын жіберген еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.