"Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау"



жүктеу 201.29 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі201.29 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-12.1.5/01-2013

"Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау" пәнінің Оқытушыға арналған оқу жұмыстық программасы

18.09.2013ж.

№1 басылым




"Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау"
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫСТЫҚ ПРОГРАММАСЫ


Семей

2013

Алғы сөз

1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған ___________ Жақсығұлова Д.Д. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Семей қаласы

«__09__» _________09_________ 2013ж.

2. Талқыланды

2.1. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.

Хаттама № _1__ «__09__» ___09_____________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ /Смагулов С.К., э.ғ.к./

2.2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.

Хаттама № _1__ «_11_» _______09___________ 2013ж.

Төрағасы __________ /Бекбаева Р.С./

3. бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.

Хаттама № _1__ «_18_»______09_______2013ж.



ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істер бойынша проректор _______________ / Г.К. Искакова /

Мазмұны



Пайдалану облысы



Нормативті сілтеме



Жалпы мағлұматтар



Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны



Студенттің өздік жұмысы тақырыптары



Пән бойынша оқу - әдістемелік картасы



Оқу - әдістемелік материалдар қамтылу картасы



Әдебиет




  1. Пайдалану облысы

«Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау» пәнінің оқу - әдістемелік кешені 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Бұл кешен студенттерді курс мазмұнымен, курстың маңыздылығы мен қажеттілігімен, курс саясатымен, оқу процесінде алатын білімі және дағдыларымен таныстырады. Студенттер пәнді оқу процесінде Turbo Pascal тілінде қолданылатын есептердің алгоритмдеу негіздерін, мәліметтер түрлерін, операторларды, ішкі операторларды, тұрғызылған функцияларды, программалық қаптаманы қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткіштерін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін, объектілі – бағытталған программалаудың негіздерін қолданып программа құруды үйренеді.



  1. Нормативті сілтеме

Бұл "Ақпараттық жүйелер негізі" пәнінің Оқу - әдістемелік кешені берілген пәнге арналып құрылған және осы пән бойынша жүргізілетін оқу процесін ұйымдастырудың реті төмендегі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес құрылған:

    • Білім беру деңгейіне сәйкес Мемлекеттік жалпыміндетті білім беру стандарты;

    • 5B070300 - "Ақпараттық жүйелер" мамандығының типтік оқу жоспары;

    • СТУ 042 – СГУ – 4 - 2013 Университет стандарты «Пәннің оқыту әдістемелік кешенін дайындауға жалпы талаптар»;

ДП-042-1.01.–2013 Құжатталған процедура «Пәннің оқыту әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны».



  1. Жалпы мағлұматтар

3.1. Курстың қысқаша мазмұны:

"Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау" курсы 050703 "Ақпараттық жүйелер" мамандығының базалық пәндер қатарына жатады. ДЭЕМ – де есептерді шығаруға дайындықтың келесі этаптарын оқытуды қарастырады: нақты есептің қойылуы, алгоритмді жобалау (алгоритмдеу), программаны кодтау (таңдап алынған Turbo Pascal тілінде алгоритмді орындау), тестілеу және жөндеу (нақты шешім алу үшін).

3.2. Курс мақсаты:

Студенттерді алгоритмдерді жазудың қазіргі заманғы әдістері мен есептеу процестерінің типтері, Turbo Pascal тілінде программалауға үйрету. Деректерді өңдеу процесін алголритмдеу, сондай ақ негізгі алгоритмдердің негізгі мінездемелері және ақпаратты өңдеу есептерін шешудің жалпы тәсілдері қарастырылады. Ішкі программаларды қолданып программа, стандартты модульдер, деректердің динамикалық құрылымын, пограммалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін программалаудың сапа көрсеткішін, программаның сынау және қалыптастыру тәсілін үйрету.

3.3. Курсты өткеннен кейінгі білімі мен дағдысы:

Курстың негізгі түсініктерін, программалау тілдерін, олардың қасиеттерін білу Деректерді өңдеу процесін алгоритмдеу, сондай ақ негізгі алгоритмдердің негізгі мінездемелері және ақпаратты өңдеу есептерін шешудің жалпы тәсілдері қарастырылады. Ішкі программаларды қолданып программа, стандартты модульдер, деректердің динамикалық құрылымын, пограммалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін программалаудың сапа көрсеткішін, программаның сынау және қалыптастыру тәсілін білу.


3.4. Курсты аяқтау нәтижесінде студент мыналарды білуі қажет:

  • Экономикалық есептерді шешу есептерін дұрыс қою,

  • Есептеу әдісін таңдау,

  • Шешудің алгоритмін құру,

  • Құрылған алгоритмге программа жазу.

3.5. Курс Пререквизиті:



  • Информатика

  • Математика

3.6. Курс Постреквизиті:



  • Программалау технологиясы

  • Объектілі – бағытталған программалау



Жұмыс оқу жоспарынан үзінді
Кесте 1 – оқу жоспарынан үзінді

Курс


Семестр

Кредиттер саны

Дәріс (сағ.)

СТС (сағ.)

ЗС

(сағ.)


ОБСӨЖ (сағ.)

СӨЖ (сағ.)

барлығы (сағ.)

Қортынды бақылау түрі

1

1

1+1+1

15

15

15

22,5

67,5




емтихан


  1. Пәннің оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақ түріне қарай сағаттардың үлестірілімі




Тақырыптар аттары және мазмұны

Сағат саны

1

2

Тақырып 1. Алгоритмдер

Алгоритм ұғымы және оның негізгі қасиеттері.

Алгоритмдерді жазу тәсілдері және құралдары. Есептеу процесінің негізгі типтері: сызықтық, тармақталу, циклдық.

ЭЕМ – де есепті дайындау және шешу сатылары.



2

Тақырып 2. Программалау тілдері

Программалау тілі. Программалау тілінің классификациясы: төменгі және жоғары деңгейдегі программалау тілдері. Трансляция. Трансляторлар.

Turbo Pascal программалаудың интегралданған ортасы


1

Тақырып 3. Паскаль тілінің негізгі ұғымдары

Негізгі ұғымдар: алфавит, идентификаторлар, айнымалылар, тұрақтылар, деректер типтері. Стандарттық типті айнымалыларды сипаттау.



1

Тақырып 4. Паскаль тілінің негізгі ұғымдары

Арифметикалық операциялар, логикалық операциялар, қатынас операциялары, логикалық типтегі деректермен операциялар. Стандарттық функциялар. Программа құрылымы.



1

Тақырып 5. Меншіктеу операторлары. Басқару операторлары. Мәліметтерді енгізу – шығаруды ұйымдастыру.

Программалау тілдерінің операторлары. Айнымалыларға мәндерді меншіктеу операторы. Енгізу – шығару процедуралары Деректерді шаблон бойынша шығару.



1

Тақырып 6. Шартты және шартсыз көшу операторлары

Шартсыз көшу операторы. Шартты көшу операторы. Құрылымды оператор. case…of таңдау операторы.



1

Тақырып 7. Цикл операторлары

Алғышарттармен берілген циклдық операторлар. Шарты соңынан берілетін циклдық операторлар. Параметрлі циклдық операторлар



1

Тақырып 8. Ішкі программалар

Ішкі программа ұғымы. Процедуралар және Функциялар. Процедура құрылымы, оның сипатталуы және шақыру операторы. Формальды және фактылы параметрлер, олардың сәйкестік ережесі.

Функцияның құрылымы. Функцияны шақыру. Процедура және функция айырмашылығы (бір ғана шешім алу). Айнымалылардың тармақтары.


1

Тақырып 9. Деректердің құрылымданған типі: массивтер

Массивтер. Бірөлшемді және көпөлшемді массивтер. Бірөлшемді массивтер элементтерімен жұмыс. Сандық массивтерді өңдеу типтік алгоритмді программалау.



1

Тақырып 10. Деректердің құрылымданған типі: Екіөлшемді массивтер

Екіөлшемді массивтерді сипаттау. Екіөлшемді массивтер элементтерімен жұмыс. Сандық массивтерді өңдеу типтік алгоритмді программалау.



1

Тақырып 11. Деректерді сұрыптау әдістері

Массивтің минималды және максималды элементін анықтау. Сұрыптау. Қарапайым таңдау әдісімен сұрыптау. Қарапайым ауыстыру әдісімен сұрыптау. Тікелей қосу әдісімен сұрыптау. Араласу әдісімен сұрыптау. Бөлу әдісімен сұрыптау. (Хоар сұрыптауы).



1

Тақырып 12. Деректер типі – Жазбалар

Жазбалық айнымалылар. Жазбалармен жұмыстың процедурасы және функциясы. Символдық массив мәліметтерін өңдеудің есептерін программалау.



1

Тақырып 13. Деректердің типтері - файлдар

Ақпараттың сыртқы жинақтаушыларда берілуі. Файлдық типтегі айнымалыларды сипаттау. Типтелген, мәтіндік файлдар. Файлдармен жұмыс істейтін процедуралар мен функциялар



1

Тақырып 14. Модульдер

Модуль. Модульды ұйымдастыру. Стандартты модульдер. CRT модулі. GRAPH модулі.



1

Практикалық сабақтар




Алгоритмдер

Есептеу процесінің негізгі типтері: сызықтық, тармақталу, циклдық.



2

Программалау тілдері

1

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

1

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

1

Программалау тілдерінің операторлары.

1

Шартты және шартсыз көшу операторлары

1

Цикл операторлары.

1

Ішкі программалар. Процедуралар және Функциялар.

1

Деректердің құрылымданған типі: массивтер.

1

Деректердің құрылымданған типі: Екіөлшемді массивтер.

1

Деректерді сұрыптау әдістері.

1

Деректер типі – Жазбалар.

1

Деректердің типтері – файлдар.

1

Модульдер.

1

Зертханалық сабақтар




Алгоритмдер. Есептеу процесінің негізгі типтері: сызықтық, тармақталу, циклдық.

1

Программалау тілдері

1

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

1

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

1

Программалау тілдерінің операторлары.

1

Шартты және шартсыз көшу операторлары

1

Цикл операторлары.

1

Ішкі программалар. Процедуралар және Функциялар.

1

Деректердің құрылымданған типі: массивтер.

1

Деректердің құрылымданған типі: Екіөлшемді массивтер.

1

Деректерді сұрыптау әдістері.

1

Деректер типі – Жазбалар.

1

Деректердің типтері – файлдар.

1

Модульдер.

2



  1. студенттердің өздік жұмыстарына арналған тақырыптар


5.1 ОБСӨЖ тақырыптары
ОБСӨЖ №1

  1. Есептаудің алгоритмін құру


ОБСӨЖ №2

  1. Turbo Pascal ортасында жұмыс.


ОБСӨЖ №3

  1. «Деректер типтері», «Программада айнымалыларды сипаттау» тақырыптары бойынша жаттығулар орындау.


ОБСӨЖ4

  1. «ТП арифметикалық өрнектерді жазу», «Логикалық өрнектердің мәнін есептеу» тақырыптары бойынша жаттығулар орындау.


ОБСӨЖ5

  1. Сызықтық программа құру


ОБСӨЖ6

  1. Шартты және шартсыз көшу операторларын пайдаланып программа құру.


ОБСӨЖ7

1. Цикл операторларын пайдаланып программа құру.


ОБСӨЖ8

1. Ішкі программаларды пайдаланып программа құру.


ОБСӨЖ №9

1. Бірөлшемді массивтерді пайдаланып программа құру.
ОБСӨЖ №10

1. Екіөлшемді массивтерді пайдаланып программа құру.



ОБСӨЖ №11

1. «Жолдар» тақырыбына программа құру
ОБСӨЖ №12

1. Жазуларды пайдаланып программа құру


ОБСӨЖ №13

1. Файлдарды пайдаланып программа құру


ОБСӨЖ №14

1. Crt модулін пайдаланып программа құру.


ОБСӨЖ №15

1. Graph модулін пайдаланып программа құру.



5.2. СӨЖ тақырыптары
СӨЖ №1

1. Алгоритм қасиеті: детерминирланған және дискреттілік.

2. Алгоритмдерді алгоритмдік тілде жазу.

СӨЖ №2

1. Ассемблер деген не?

2. Ассемблер тілі деген не?

3. Компьютердің машиналық тілінен ассемблер тілінің айырмашылығы неде?

4. ИСП TP жұмыс істей отырып программаның дискіде exe-файлын қалай құрады?

СӨЖ №3

1. Деректер типтерін келтірудің қандай ережелері бар?

2. Абсолюттік айнымалы деген не?

СӨЖ №4

Есептеу үшін қандай формулаларды пайдалануға болады:



  • Сан дәрежелері;

  • tg x

  • ctg x

  • csc x

  • sc x

  • arcsin x

  • arccos x

  • arcctg x

  • loga x

СӨЖ №5

1. Read, Readln енгізу процедурасының көмегімен қандай айнымалыларды енгізуге болмайды?

2. Write, Writeln шығару процедурасының көмегімен қандай айнымалыларды енгізуге болмайды?

3. Символдық деректерді форматтыенгізуді қалай пайдалануға болады?



СӨЖ №6

1. Кездейсоқ айнымалы түсінігі.

2. Кездейсоқ айнымалымен жұмыс істеудің процедуралар және функциялары.

СӨЖ №7

1. Кіріктірілген циклдар құрылымын ұйымдастыру.



СӨЖ №8

1. Процедуралар мен функциялардың салыстырмалы характеристикасы.



СӨЖ №9

1. Деректер типтері – Жиындар.



СӨЖ №10

1. Программаны дайындағанда динамикалық жадыны пайдалану.



СӨЖ №11

1. Программаны дайындағанда динамикалық жадыны пайдалану.



СӨЖ №12

1. Нұсқалары бар жазулар қалай сипатталады?

2. Нұсқалары бар жазулар қандай жағдайларда пайдаланылады?

СӨЖ №13

1. Типтелмеген файлдармен жұмыс.



СӨЖ №14

1. Модульдің құрылымы қандай?

2. Дыбыспен жұмыс.

СӨЖ №15

1. Диаграммалар мен функциялардың графигін тұрғызу.





  1. Пән бойынша оқу – әдістемелік карта




Тақырып

Көрнекілік құралдар, ОТҚ, плакаттар, зертханалық стенд

Өздігінен меңгеру сұрақтары

Бақылау түрі

Дәрістік сабақтар

Тәжірибелік сабақтар (семинар) және Зертханалық сабақтар

1

2

3

4

5

Алгоритмдер. Есептеу процесінің негізгі типтері: сызықтық, тармақталу, циклдық.

Алгоритмдер. Есептеу процесінің негізгі типтері: сызықтық, тармақталу, циклдық.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

Алгоритм қасиеті: детерминирланған және дискреттілік.

2. Алгоритмдерді алгоритмдік тілде жазу.



Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Программалау тілдері

Программалау тілдері

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Ассемблер деген не?

2. Ассемблер тілі деген не?

3. Компьютердің машиналық тілінен ассемблер тілінің айырмашылығы неде?

4. ИСП TP жұмыс істей отырып программаның дискіде exe-файлын қалай құрады?



Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Деректер типтерін келтірудің қандай ережелері бар?

2. Абсолюттік айнымалы деген не?




Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

Паскаль тілінің негізгі ұғымдары.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

Есептеу үшін қандай формулаларды пайдалануға болады:

  • Сан дәрежелері;

  • tg x

  • ctg x

  • csc x

  • sc x

  • arcsin x

  • arccos x

  • arcctg x

loga x

Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Программалау тілдерінің операторлары.

Программалау тілдерінің операторлары.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Read, Readln енгізу процедурасының көмегімен қандай айнымалыларды енгізуге болмайды?

2. Write, Writeln шығару процедурасының көмегімен қандай айнымалыларды енгізуге болмайды?

3. Символдық деректерді форматтыенгізуді қалай пайдалануға болады?


Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Шартты және шартсыз көшу операторлары


Шартты және шартсыз көшу операторлары


Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Кездейсоқ айнымалы түсінігі.

2. Кездейсоқ айнымалымен жұмыс істеудің процедуралар және функциялары.



Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Цикл операторлары.

Цикл операторлары.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Кіріктірілген циклдар құрылымын ұйымдастыру.

Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Ішкі программалар. Процедуралар және Функциялар.

Ішкі программалар. Процедуралар және Функциялар.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

Процедуралар мен функциялардың салыстырмалы характеристикасы.

Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Деректердің құрылымданған типі: массивтер.

Деректердің құрылымданған типі: массивтер.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Элементті іздеу алгоритмі.

Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Деректердің құрылымданған типі: Екіөлшемді массивтер.

Деректердің құрылымданған типі: Екіөлшемді массивтер.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Массивтерді сорттау алгоритмдері.

Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Деректерді сұрыптау әдістері.

Деректерді сұрыптау әдістері.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Val(), Str() процедуралары.

Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Деректер типі – Жазбалар.

Деректер типі – Жазбалар.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Нұсқалары бар жазулар қалай сипатталады?

2. Нұсқалары бар жазулар қандай жағдайларда пайдаланылады?



Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Деректердің типтері – файлдар.

Деректердің типтері – файлдар.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Типтелмеген файлдармен жұмыс.


Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ

Модульдер.

Модульдер.

Дәріс конспектісі, таратпа материал, Turbo Pascal программалау ортасы

1. Модульдің құрылымы қандай?

2. Дыбыспен жұмыс.

1. Диаграммалар мен функциялардың графигін тұрғызу.


Ауызша сұрау, тестілеу, ОБСӨЖ




  1. Оқу әдебиеттерімен қамтылу картасы

Кесте 4 - Оқу әдебиеттерімен қамтылу картасы




Оқу құралдарының, оқу - әдістемелік құралдардың аттары

Саны

Студенттер саны

Қамтылу пайызы (%)

1

2

3

4

"Турбо Паскаль 7.0", Киев, 1996.

10

6

100%

Мусанова Turbo Pascal 7.0. тілінде программалау


3

6

50%

Алексеев В.Е. и др. Вычислительная техника и программирование. Практикум по программированию: Практ. пособие/ Под ред. А.В. Петрова.- М.: Высш. Шк.,1991

12

6

100%

Зубов В.С. Программирование на языке Turbo Pascal, М., 1997

7

6

100%

Фаронов В.В. Turbo Pascal 7.0. Практика программирования, М, 1998

5

6

90%

8. Әдебиет

8.1. Негізгі әдебиет


8.1.1. "Турбо Паскаль 7.0", Киев, 1996.

      1. Мусанова Turbo Pascal 7.0. тілінде программалау

8.1.3. Алексеев В.Е. и др. Вычислительная техника и программирование. Практикум по программированию: Практ. пособие/ Под ред. А.В. Петрова.- М.: Высш. Шк.,1991
8.2. Қосымша әдебиет

8.2.1. Зубов В.С. Программирование на языке Turbo Pascal, М., 1997



8.2.2. Фаронов В.В. Turbo Pascal 7.0. Практика программирования, М, 1998



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет